Оѕтїстік америка



бет30/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
05 (8)

Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралиянын, солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен, әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мәлшерде жауады. Қысқы кезең құрғақ келеді, алайда аралдарда ол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айкын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады, әйткенмен жазбен салыстырғанда онын мөлшері недәуір азаяды. Жылдық жауын-шашын мөлшері бұған рельефі қолайлы ықпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте температураның ауытқу амплитудасы недәуір, алайда ең салқын айдың орташа температурасы 20°С-ден төмен болған емес дерлік. Аралдардағы температуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалық аз.

  • Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудін Шығыс бөлігі, яғни солтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа жағалаулары мен Шығыс-Австралия таулары бүкіл жыл бойына Оңтүстік-Тынық мұхит максимумы мен пассаттық айналымының батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бір қалыпты ылғал климатты келеді.

    Материктің ішкі аудандарында бүкіл жыл бойына континентальды тропиктік ауа басым болады және жылдық жауын-шашын қосындысы 250 миллиметрден аспайды. Салыстырмалы ылғалдылық 30-40%-ке тең, ал жылдық, әсіресе тәуліктік температуралық амплитуда өте үлкен (соңғысы 35—40°С-қа жетуі мүмкін). Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз - 5°С-ге жетеді.

    Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Материктің оңтүстік-батысында жауын-шашын тек қыста жауады дерлік және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің максимумының ықпалына ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте түрақсыз. Әдетте оның бұзылуы солтүстіктен күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты, ол кейде 40°С-ден де асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі-жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады.


    Австралияның оңтүстік-шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бір қалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда ең көп жауады; оны шығыс және солтүстік-шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ қыста орташа температурасының неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді ( + 5, + 10°С). Тауда аяз-20°С-ге дейін болады.
    Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр і түбегінің екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температураның недәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мелшерде жауады.
    Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландия қоңыржай белдеуге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бір қалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымның тұрақты әсері әсіресе жауын- шашынның батыс жағалауларда және таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағдай туғызады. Қыстағы аяз - 5, 7°С-ге дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның айырмашылығы шамалы болады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет