1.Тақырып: Аралық бақылау № 2.
2.Мақсаты: Студент элементтер химиясының теориялық және тәжірибелік материалдарын меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.
3.Сабақты өткізу түрі: ауызша сұрау, компьютерлік тестілеу.
4. Сұрақтар:
1. ЭПЖ бойынша орналасуына қарай р-элементтерінің жалпы сипаттамасы (электронды формулалары, электрондық құрылысы, атомдық және иондық радиустары, ионизация энергиясы, тотығу дәрежелері).
Бор. Оның периодтық жүйеде орналасу ерекшелігі. Бордың мысалында табиғат диалектикасы заңын түсіндіріңіз.
Бордың қосылыстары, медицина мен фармацияда қолданылуы. Бор галогенидтерінің, бураның гидролизі.
Алюминий, физикалық және химиялық қасиеттері. Реакция мысалында алюминийдің екіжақты қасиетін көрсетіңіз. Металдың пассивтенуі.
Алюминий қосылыстары. Алюминий тұздарының, алюминаттардың гидролизі. Гидроксидтердің алынуы, амфотерлік қасиет.
Көміртегі. Аллотроп өзгерген түрлері. Физикалық және химиялық қасиеттері.
Көміртек (II) оксиді және көміртек (IV) диоксиді. Физикалық және химиялық қасиеттері. Көмір қышқылы, оның тұздары, карбонаттары және гидрокарбонаттар. Гидролиз.
Кремний. Физикалық және химиялық қасиеттері. Кремнийдің қышқылдар мен негіздерге қатысы.
Металдардың силицидтері, силандар, силикандар. Сумен, қышқылдармен әрекеттесуі.
Германий топшалары. Германий, қалайы, қорғасын элементтерінің қасиеттері. Элементтердің атом радиустары өскенде металдық қасиеттерінің өсуі.
Германий, қалайы, қорғасын топшасының қышқылдарға қатысы. Қалайы және қорғасын оксидтері мен гидроксидтері, оларды алу.
Қалайы (IV) және қорғасынның (IV) тотықтырғыштық қасиеттері және қалайы (II) мен қорғасын (II) тотықсыздандырғыштық қасиеті.
Қалайы мен қорғасын қосылыстарының фармацияда қолданылуы және медицинадағы рөлі.
Азот. Азот молекуласының құрылысы, атомның және қосылыстарының донорлық қасиеттері. Физикалық және химиялық қасиеттері.
Азоттың сутекті қосылыстары: аммиак, гидразин, гидроксиламин. Азоттың сутекті қосылыстарының тотықсыздандырғыштық қасиеті. Фармацияда қолданылуы. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауы.
Азоттың оттекті қосылыстары. Алынуы, қасиеттері. Азот (III) және азот (IV) қосылыстарының екі жақты тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Азотты қышқылы, оның тұздары нитриттер. Тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Азот қышқылы, оның тұздары нитраттар. Тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Нитраттардың ыдырауы.
Концентрлі және сұйытылған азот қышқылының металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі. «Патша арағы», оның тотықтырғыштық қасиеттері.
Фосфор. Аллотропиясы. Физикалық және химиялық қасиеттері. ЭПЖ бойынша сипаттама.
Фосфин, алынуы, қасиеттері. Тотықтырғыштық қасиеті. Фосфидтер, гидролиз.
Фосфордың оттекті қосылыстары. Фосфорлы және фосфор ангидриді. Галогенидтері және сульфидтері. Гидролиз.
Фосфорлы қышқылы, Тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Фосфиттері, гидрофосфиттері. Фосфорлы қышқылының негізділігі.
Фосфор қышқылы, тотықтырғыштық қасиеттері. Фосфаттар, гидрофосфаттар, тұздар гидролизі, биологиялық рөлі.
Мышьяк топшасы. Жалпы сипаттамасы. Атомдық радиустарының өсуімен металдық қасиеттерінің өсуі.
Арсиндер, арсенидтер, арсенаттар. Химиялық қасиеттері. Ағзаны улағыш әсері.
Оттегі. Физикалық және химиялық қаиеттері, аллотропты модификациялары.
Фармацияда қолданылуы. Адам өміріндегі оттегінің биологиялық рөлі.
Күкірт. Аллотроптық өзгерген түрлері. Физикалық және химиялық қаиеттері. Қышқылдарға және негіздерге қатысы.
Күкіртсутек. Металдардың сульфидтері. Алынуы, қышқылдарда еруі. Сульфидтердің тотықтырғыштық қасиеттері.
Күкірттің оттекті қосылыстары. Күкірттің (IV) диоксиді. Тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Сульфиттер, гидросульфиттер. Тұздар гидролизі.
Галогендер. Жай заттардың тотықтырғыштық қасиеттері. Галогенсутектер, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. Галогендердің тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Хлор, бром, иодтың оттекті қосылыстары. Бұл қосылыстардың қышқылдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Хлорлы ізбес, бактерицидтік әсерінің механизмі.
Галогендердің және қосылыстарының биологиялық рөлі. Медицина мен фармацияда қолданылуы.
Қоршаған ортаны қор SnCl2 тұзының гидролиздену реакция теңдеуін жазыңыз. Реакция ортасын көрсетіңіз.
Берілген тұздың ерітіндісіне қандай затты қосқанда гидролизді төмендетеді?
а) HCl б) NaOH в)Na2CO3 г)H2O
Электрондық баланс әдісі бойынша коэффициенттерін орнатыңыз:
Sn + NaOH + H2O Na2 [Sn(OH)4] + H2
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массасы
нешеге тең, реакция түрін анықтаңыз.
Жартылай реакция әдісі бойынша коэффициенттерін қойыңыз
K2Cr2O7 + H2S + H2SO4 Cr2(SO4)3 + S + H2O + K2SO4.
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз. Реакция
түрін анықтап, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың
эквиваленттік массасын табыңыз.
Элемент атомының валенттік электрондық қабатының құрылымы: а)5s25p4 б)3d5 4s1. Элементтің реттік нөмірі мен атауын анықтаңыз.
BH4+ иондары түзілуіндегі электрондық жұптың қай атомы донор қызметін атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |