1. Тақырыбы:Химиялық тұрғыдан азот, фосфор, мышьяк
қосылыстарын медицина мен фармацияда
қолданудағы түсінік
2.Мақсаты: Жер шарында көптеген белгілі қосылыстар – бұл р-элементтерінің қосылыстары. өмірдің негізгі бес р-элементтері – О, Р, С, N және S – негізгі құрылыс материлдары. Олардан ақуыздың, майдың, көмірсулардың және нуклеин қышқылдарының молекулалары құрылған. р-элементтердің төменгі молекулалық қосылыстарынан оксоаниондар: СО32-, НСО3-, С2O42-, СНзСОО-, РО43-, НРO42-, H2PO4-, SO42- және галогенид-иондары маңызды.
3.Тапсырма:
1. р-элементтерге жалпы сипаттама
2. р-элементтердің биологиялық рөлі
3. р-элементтердің маңызды өкілдері:
а. көміртегі; б. азот; в. оттегі; г. фосфор; д. күкірт; е. мышьяк;
ж. селен; з. фтор; и. хлор; к. бром; л. йод.
4. Орындау түрі: Реферат, глоссарий, тесттерді құрастыру, творчестволық тапсырмалар, есептер шығару, баяндама, презантация, тақырыптық альбом, портфолио.
5.Орындау критерилері:
1. Барлық сұрақтар мен тапсырмалардың жауаптары берілуі тиіс.
2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет.
3. Интернетті пайдалану.
6.Тапсыру мерзімдері: 8-14 апта
7. Бағалау критерилері:
1.Тақырыпты анық, қатесіз, біліміне сенімді түрде қорғау.
2. Ұсынылған тапсырмалардың күрдалілігі мен түсініктілігі.
3. Дұрыс жауабы дәл берілген.
4. Тапсырма өз мерзімінде орындалған.
8.Әдебиет:
1. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К., Нарманов М.М., Серимбетова Қ.М. Бейорганикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған (фарм. фак. үшін) Шымкент 2006ж, 110-124б.
2. Глинка Н.Л. ''Общая химия''.
3. Ахметов Н.С. ''Общая и неорганическая химия'' М., ВШ, 2003г.
4. Оганесян Э.Т. ''Неорганическая химия'' М.,ВШ, 1987г.
5. Глинка Н.Л. ''Задачи и упражнения по общей химии''. 1988г.
9.Бақылау:
1.Азот атомының неге қозған күйі болмайды?
Азот және фосфор атомының максимальді коваленттілігі қандай?
Фосфордың қандай қосылыстары улы болып табылады?
VА топ эелементтерінің сутектік қосылыстарының тұрақтылығы қалай өзгереді?
5.Неге нитриттер екіұдайылық тотықтырғыштық-тотқысыздандырғыштық қасиет көрсетеді?
200мл Al2(SO4)3 ерітіндісінен массасы 0,61г Al2O3 бөлініп алынады. Ерітіндінің мольдік концентрацияларын анықтаңыз.
Бор үшін ең тиімді тотығу дәрежесі: а)-1; б) +2; в) +3; г) -1.
Бордың максимальді коваленттілігін көрсетіңіз: а) 1 б) 2 в) 4 г) 3
BF3 молекуласы гибридтерінің қандай түріне жатады, егер ол үшбұрышты геометриялық пішінді болса: а) sp1 б) sp3 в) sp2 г) sp2d
Күшән, сурьма және висмуттың концентрлі күкірт қышқылы мен сілтілерде еруінің реакция теңдеулерін жазыңыз.
Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз: а) K3AsO3 + I2 + KOH K3AsO4 + … б) PH3 + KMnO4 + H2SO4 H3PO4 + … в) K3AsO4 + KI + H2SO4 K3AsO3 + …
0,1н Н3РО4 ерітіндісінің (КД 7,5∙10-3) рН-ы неге тең?
Достарыңызбен бөлісу: |