Экстракциялау әдістері Бейорганикалық заттарды экстракциялағанда сұйық фазадан бір немесе бірнеше заттарды бір экстрагентпен бөліп алады.
Органикалық заттарды экстракциялағанда қолданылатын экстрагенттерсанына байланысты экстракцияның мына түрлерін ажыратады:
1) кемінде үш құрамдастан тұратын жүйелерді бір экстрагентпен экстракциялау (алғашқы ерітіндінің екі бөлінетін құрамдастары және экстрагент);
2) кемінде төрт құрамдастан тұратын жүйелерді екі экстрагенттермен экстракциялау (фракциялық экстракция) (алғашқы ерітіндінің екі бөлінетін құрамдастары және бір бірінде ерімейтін екі экстрагенттер).
Бір экстрагентпен экстракциялау көп тараған.
Экстракциялық аппараттардың құрылысы Сұйық фазалардың өзара жанасу түрлеріне байланысты экстрактор мына түрлерге бөлінеді: 1) сатылы, аппарат сатысынан сатысына өткенде фазалардың құрамы секіре өзгереді; 2) дифференциалды – жанастырыратын – фазалар құрамы үздіксіз өзгереді.
Фазалардың жанасу бетін ұлғайту үшін, сәйкесінше, массаалмасу жылдамдығын көбейту үшін бір сұйық (дисперсті фаза) екінші сұйықта (тұтас фаза) тамшы түрінде таралады. Бір фазаны екінші фазада шашыратуға және фазаларды араластыруға пайдаланылатын энергия көздеріне байланысты экстракторлар екіге бөлінеді 1) Бір фазаны екінші фазада шашыратуға ағындардың өздерінің энергияларын қолданатын; 2) әрекеттесетін сұйықтарға сырттан энергия беретін. Бұл энергия механикалық былғауыштардың, тербелмелі құрылғылардың, экстракцияны ортадан тепкіш күштер өрісінде өткізі жолымен және т.б. жолдармен берілуі мүмкін.
Экстракторларда сұйықтарды араластырғаннан кейін фазаларды бөлу (сепарациялау) керек болады. Сепарациялау үшін қолданылатын күш түріне байланысты мына экстракторларды ажыратады: ауырлық күші өрісінде фазаларды бөлетін экстракторлар; ортадан тепкіш күштер өрісінде фазаларды бөлетін экстракторлар; меншікті салмақтары айырмашылығы әсерінен фазалар бөлінетін экстракторлар.
Процесті ұйымдастыру әдістеріне байланысты мезгілді әрекетті және үздіксіз әрекетті экстракторларды ажыратады.