Ситуациялық есептер:
Холеграфиядан кейін науқаста асқыну пайда болды; басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Медбике науқасты тексеруге дайындау кезінде қандай іс-әрекетті ұмытты ?
Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасаған кезде йодқа организмнің өте сезімталдығы анықталды. Сіздің ары қарай тактикаңыз қандай ?
Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасамас бұрын, науқастан осы препаратты көтере алмау белгілері болды ма деп анықтап алу қажет пе ? Ия болса, қандай мақсатпен.
Тексеруге 12-14 сағ қалғанда контрастты препаратты ішуге береді. Контрастты препаратты қалай дұрыс берген жөн ?
Тексеруге қанша уақыт қалғанда тазалау клизмасын жасайды. Тазалау клизмасының жасау техникасын айтып беріңізші ?
Дәрігер науқасқа эзофагогастродуоденоскопияны тағайындады. Науқасты тексеруге қалай дайындайсыз айтып түсіндіріңіз
Дәрігер науқасқа колоноскопия тағайындады. Осы тексеру әдісіне науқасты дайындау ерекшелігін айтып түсіндіріңіз
Дәрігер науқасқа лапароскопияны тағайындады. Премедикация жасау қажет. Премедикация үшін сіз қандай препараттарды қолданасыз және премедикацияны қалай жасайсыз
Эзофагогастродуаденоскопиядан кейін науқас жұтыну кезінде тамағының ауыруына шағымданды. Осы науқасқа қандай көмек көрсетесіз, тактикаңыз қандай
7 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |