ОҚу- әдістемелік қҰжаттар семей – 2008 Мазмұны


Ақуыздың құрылымы мен қасиеттері



бет2/3
Дата31.12.2019
өлшемі214 Kb.
#55336
1   2   3

1.Ақуыздың құрылымы мен қасиеттері


2.Ақуыздар организмде қандай қызмет атқарады?

3.Ақуыздардың биологиялық құндылығы дегеніміз не?



Әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы. Алматы2005

Тақырыбы 6.Әр түрлі аңдарға майлар мен көмірсулардың қажеттілігі..

Сұрақтар:

Құрылымы, қасиеті, маңызы

Организмдегі көмірсулар алмасуы

Майлардың қажетті мөлшері

1.Көмірсулар немесе қанттар – организмдегі органикалық қосылыстардың негізгі тобының бірі. Көмірсулар молекуласы көміртегінен, сутегінен, оттегінен құралады. Барлық көмірсулар қарапайым (моносахарид) және күрделі (полисахарид) болып бөлінеді. Моносахаридтер тек қуат көзі ғана емес, көптеген органикалық заттарды синтездеуде, улы заттарды зарарсыздандыруда маңызды роль атқарады. Екі және одан да көп моносахаридетрдің қосылуы (глюкоза, галактоза, манноза, арабиноза немесе ксилоза) нәтижесінде ди және полисахаридтер түзіледі. Полисахаридтерге крахмал, гликоген, целлюлоза, хитин, каллоза, инулин, т.б. жатады. Құрамында мономерлер саны өскен сайын полисахаридтердің ерігіштігі, тәтті дәмі жойылады. Көмірсулар организмде негізінен қуат көзі ретінде пайдаланылады және энергия қорына айналады (гликоген). Көмірсулар бұлшық еттегі биохимиялық процестер мен энергия алмасуында маңызды қызмет атқарады. Себебі қан құрамындағы глюкоза мөлшері азайса (гипогликемия) дене t° төмендеп, организм әлсірейді, орталық жүйке жүйесі мен бұлшықет қызметі бұзылып, жүрек жұмысы нашарлайды. Қандағы қант мөлшері күрт төмендесе, гипогликемиялық талықсу (шок) туындап, тіршілік тоқтап та қалады.

Бұлшық етте анаэробты ыдырау кезінде глюкозадан сүт қышқылының 2 молекуласы түзіледі. Бұл реакция барысында пайда болған энергияның бір бөлігі жылуға айналып, қалған бөлігі АТФ түзуге жұмсалады.

Организмде көмірсулар алмасуын орталық нерв жүйесі вегетативтік нервтер мен эндокриндік жүйе арқылы реттейді.

Кез келген торша құрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Мысалы: сүйекте 20%, май ұлпасында 30%, бұлшық етте 75%, мидың сұр затында, өкпе, бауыр, бүйректе 80-85%, даму үстіндегі ұрық торшаларында 90% құрайды. Су торшаның тіршілік етуі үшін қажет заттың бірі. Ол цитоплазманың негізін құрайды. Денеде химиялық таза су болмайды. Ол не минералды, не коллоидтармен байланыста болады. Су барлық химиялық реакциялар жүретін әмбебап орта болып табылады. С.қ.барлық ыдырай (гидролиз) және тотығу, тотықсыздану реакциялары судың қатысуымен жүреді. Судың жылу сіңіргіштік қасиеті зор. Денеде жиналған жылу судың t°-н онша көтере қоймайды. Судың жылу сиымдылығының зор болуы ұлпаларды қатты қызып кетуден сақтайды. Организмде судың 3 түрі болады: 1)еркін байланыстпаған су, ол торша мен торша аралық қуыстағы органикалық және бейорганикалық заттарды ерітеді. 2) байланысқан су, 3)гидраттық су, ол органикалық заттар құрамына еніп, солар тотыққанда бөлінеді. Ас қорыту жолынан су қанға сіңеді, сондықтан сұйықта көп қабылдаған жағдайда қан қысымы көтеріледі. Қ.ж..мұндай ауытқу болмайды, өйткені судың артық мөлшері қаннан организмдегі су мен минералды заттар қоймасы болып табылатын тері шеліне өтіп кетеді де, тым артық мөлшері тер мен зәр құрамында сыртқа шығарылады. Су тапшы болған жағдайда су қоймаларындағы судың есебінен оның қандағы қалыпты деңгейі сақталады. Организмге су ауыз су тұрінде, қорек құрамында келеді. Қорек құрамындағы су белоктер, көмірсулар, майлар тотыққан кезде бөлініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы делінеді. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды.

2.Су мен электроиттердің торша мен торша аралық кеңістікте және организм мен қоршаған орта арасында таралуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығын су мен тұз алмасуы деп атайды. Су мен тұздың алмасуы өте тығыз байланысты жүреді. Су мен тұз алмасуын реттейтін орталық орталық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Орталықта денедегі электролиттер концентрациясының өзгерісін сезінетін ерекше осморецепциялық торшалар болады. Осы торшалардың қозуы салдарынан нервті-рефлекстік немесе гуморальдық жолмен бөлу мүшелерінің әрекеті өзгеріп, ауытқыған қысым қалпына келеді. Орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларын 4 рецепторлар хабарлап отырады. Олар ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы рецепторлар (кебірсіну салдарынан тітіркеніп, шөлдеу түйсігін тудырады), ұлпалар осморецепторлары (ұлпадағы осмостық қысым деңгейінің өзгерісін хабарлайды; қарынның кілегейлі қабатындағы барорецепторлар(қарын қабырғасының ісінуі немесе семуі салдарынан тітіркеніп, шөлдеу түйсігін тудырады; иамырлар қабырғасындағы толым (волюм) рецепторлар (тамыр арнасындағы қан мөлшерінің өзгерісін сезеді.

.Липидтер барлық торшаларда кездесетін органикалық қосылыстардың үлкен тобы. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде (эфир, хлороформ, бензол, бензин, т.б.) жақсы ериді. Химиялық тұрғыда Әртүрлі ауа райы-географиялық жағдайлардағы адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі физиологияның рөлі.
Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Заттар түзілуіне және тасымалдауына қатынасатын жасушалардың тұрақты қосындыларын атаңыз.

2.Қандай тұрақты қосындылар май мен көмірсілардың түзілуіне қатынасады?

3.Бекітілген және жеке орналасқан рибосомалар жасушада көп болса, ол оның қандай қызмет атқаратынын көрсетеді?

Әдебиеттер:Общий курс физиологии человека и животных. М., 1991, стр. 325-343.

Тақырып 7. Минералды заттар. .


  1. Минералды заттардың жалпы сипаттамасы, алмасуы

  2. Жеке минералды элементтердің маңызы мен алмасуы

1.Минералды заттарға Д.И.Менделеевтің периодикалық кестесіндегі 100-ден аса элементтер кіреді. Осы кеседегі 4 элемент – Н,С,О,N органикалық элементтер де, ал қалғандары минералды элементтерге жатады. Көлемі жағынан ең көп кездесетін алғашық 7 минералды элементтер макроэлементтер деп аталады. Олар: Са, Mg,K,Na, S, CL. Денедегі бүкіл макроэлементтердің 75% осылардың үлесінде. Ал организмнің 0,1% микроэлементтерден тұрады және ультрамикроэлементтер 10(-1)% -тен төмен кездеседі. Ең негізгі ультрамикроэлементтер Se,As,U Ni, T,S,Ag,Ba т.б. тіршілік процесінде атқаратын биологиялық ролі жағынан да организмдегі минералды заттарды 3 топқа бөледі. 1-топқа биологиялық маңызы зор, организмге өажетті қасиеттері белгілі элементтер жатады. Олар Са, Mg,K,Na, S, CL,Se,Р,Ғе бұларды биологиялық активті немесе биотикалық элементтер деп атайды. 2-ші топқа тіршілікке қажет, бірақ нақытылы биологиялық қасиеттері әлі анықталмаған элементтер жатады олар: 3-ші топқа биологиялық қасиеттері өте аз зерттелген, бірақ организм құрамында жиі кездесетін элементтер жатады. Организмде минералдық заттар маңызды қызмет атқарады. Олардан сүйек ткані, клетка мембранасы құрылады. Олар клеткадағы осмос қысымы мен осмос құбылыстарын реттеуге қатысады.

Минералды заттардың реттелуі дегеніміз – сыртқы ортадан ас қорыту жолдары арқылы организмге еніп, сіңіп, органдар мен тканьдерде жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа шығарылуы. Минералды заттардың белгілі бөлігі қарында, негізгі массасы ащы ішекті шырышты қабығында сіңіріледі. Сіңірілген минералды заттар клеткаралық кеңістік арқылы қан жүйесіне өтеді. Содан бүкіл организмге тарайды. Макро және микроэлементтердің организмде маңызды органдар мен тканьдерде белгілі бір заңдылықпен шоғырлануын байқаймыз. Мысалы, K, Mg, F, Sr, Pb және т.б. сүйекте, темір-жілік майында, көкбауырда, мырыш пен марганец –ұйқы безінде, К-клетка ішінде шоғырланады. Минералды алмасудың ақырғы өнімдері организмнен несеппен, термен және нәжіспен шығарылады.

2.Кальций –сүйек тканінің құрамында 99%-ке дейін фосфор және көмір қышқылының тұздары түрінде болады. Ол сүйектің негізгі құраушы, Са қанның үюына қатысады. Организмге азық құрамымен түседі. Са сіңірілуіне көптеген факторлар әсер етеді. Соның ішінде Д витамині, Са негізінен ішек пен қарында сіңіріледі. Ішекте сіңірілген Са бауырға түседі. Жас төлдер тіршілігіндегі алғашқы күндері азық құрамындағы Са жақсы сіңіреді де, марқайған сайын төмендейді. Са жетіспеушілігінен рахит ауруына шалдығады.

Магний – зат алмасу процсеінде Са мен Р-мен тығыз байланысты элемент. АТФ мен миозин, т-РНК, и-РНК араларындакөпірше қызмет атқарады. Ол митохондрияның бірегейлі құрылымының сақталуын қамтамасыз етіп, онда тотықтыра фосфорлауды жүзеге асырып, АТФ-ның түзілуін ұлғайтады. Бұлшықет АИФ-азасын, фосфотазаны, энолазаны, карбоксилазаны активтендіреді. Магний дене температурасын рететуге қатысады, иммуноглобулиннің биологиялық түзілуін активтендіреді. Магний қарында жіне 12 елі ішекте сіңіріледі. Организмнен несеппен, термен шығарылады. Магний жетіспеушілігі немесе оның алмасуының бұзылуы салдарынан гипомагнемия байқалады.

Натрий, калий, хлор.

Натрий ас қорыту жолына ас тұзы құрамында түседі. Натрий алмасуы өте қарқынды жүреді. Натрий мен калий организмнен бүйрек арқылы шығарылады. Олар организмдегі биохимиялық процестерге, су, минерал, азот және май алмасуына қатысады, сілтілік-қышқылдық теңдікті ұстауға көмектеседі. Бұл элементтер антогонистер болып табылады. Егер азық құрамында біреуінің көлемі өссе, екіншісінің алмасуына кедергі туады. Калий, натрий, сальций иондарының ара қатынасы жүрек жұмысының қалыпты сақталуына әсер етеді. Калий ас құорыту жолының өн бойы сіңірілсе, ал натрий ащы ішекте, қарында және тоқ ішекте сіңіріледі. Калийдің алмасуы кортикостероидімен, ал антрийдің алмасуы альдостеронмен реттелді.

Мыс. Ол да темір сияқты қанның дұрыс түзілуіне қажет элемент. Бьұл элемент темірдің гем құрамына енуін тездетіп, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді. Мыс қарында және ащы ішекте қорытылады.

Мырыш. Инсулин гормоны мен көптеген ферменттердің белсенділігін арттыру мақсатында, мырыш өсіп жетілу, көбею процесіне ықпал етеді. Пролактин гормоны арқылы сүттілікке, фолликулин арқылы жыныстық қабілеттілігіне әсер етеді. Минералдық алмасу жүйке жүйесімен, ішкі секреция бездерімен және азық құрамымен реттеледі. Мысалы, паратгормон Са мен р-дың және магнийдің алмасуын реттейді. Альдестерон натрийдің клеткадан қан плазмасына және керісінеша калийдің қан плазмасынан келткаға өтуін реттейді. Вазопресиннің әсерінен органдарда, тканьдерде, клеткаларда минералдық заттардың кідіру пайда болады. Минералдық алмасудың алғаш және соңғы бұзылулары болады. Алғашқы бұзылу азықта, суда және жекелеген минералды элементтердің жетіспеушілігінен немесе шектен тыс болуынан пайда болады. Бұған иодтың күнделікті рационда жетіспеуінен туатын эндемиялық зоб ауруы мысал болады. Соңғы бұзылу басқа заттардың алмасуының бұзылуы салдарынан болады. Мысалы, Д тобындағы витаминдердің жетіспеушілігінен Са мен Р-дың организмдегі жұғымдылығы төмендейді және т.б.



Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Минералды заттардың жалпы сипаттамасы.

2.Минералды заттардың түрлері, таралуы..

3.Аңдардың ағзасына әсері..

Әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы 27-44 беттер.

Тақырып: 8 Витаминдер

Сұрақтары:

1.Витаминдерге жалпы сипаттама

2.Майда еритін дәрмендәрілер

3.Суда еритін дәрмендәрілер.

Витаминдер адам мен жануарлар тіршілігі үшін өте қажетті майда молекулалы органикалық қосылыстар. Олар құрылымдық материал да емес, қуат көзі де болып табылмайды,бірақ ферменттік жүйелердің құрамасы, зат алмасу процесінің катализаторы болып табылады.Витаминдер организмге өте аз мөлшерде қажет. Қорек құрамында олардың болмауы немесе олардың тапшылығы зат алмасу процесін бұзып, организмді түрлі ауруларға(мешел, ақшам соқыр, жүйке қабынуы, қырқұлақ т.б.)шалдықтырады.

Витаминдер ерігіштік қасиетіне қарай майда еритін(А,Д,Ғ,Е, К.) және суда еритін витаминдер (В тобы, К, инозит, фоли қышқылы, пантотен қышқылы, РР, С,Р.) болып жіктеледі. Әр витаминдерге белгілі бір биологиялық қызмет тән.

. Майда еритін витаминдер.А витамині (ретинол)-каротин туындысы, организмде эпителий торшаларының түзілуін реттейді. Ол жетіспесе организмнің өсіп жетілуі бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді,көру қабілеті әлсіреп,ақшам соқыр деген дертке шалдығады.А дәрмендәрісі жануарлар майы, балық, жұмыртқа ,сәбіз сүт, бауырда кездеседі.Д дәрмендәрісі организмде кальцийдің алмасуын реттейді, азоттың, фосфордың сіңірілуін жақсартады.Е дәрмендәрісі қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналуын сақтайтынантиоксиданттар

болып табылады.К дәрумені химиялық тұрғыдан нафтохинон туындысы болып табылады.Қанның ұю процесінде маңызды роль атқарады.Ғ дәрумені полиқанықпаған май қышқылдары болып табылады.Ол жетіспесе организмнің өсіп жетілуі нашарлайды.Суда ерімейтін дәрмендәрілер табиғатта кең таралған.

В дәрумені жетіспесе нерв жүйесінің қызметі бұзылып,организм сал болып қалады.Рибофлавин тыныс ферменттерін синтездеу үшін қажет.Н дәрмендәрісі

Орталық нерв жүйесін қызметін,белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуын реттеуге қатысады.Тірі организм өлі табиғаттан өзінің күрделі химиялық құрамының салытырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкіншілігмен ерекшеленеді. Организмнің әрбір клеткасынығ молекулалыққұрамы үздіксіз жаңарып отырады. Олардың біразы толық бұзылады да, жаңа молекуламен алмасады, ал кейбірі жартылай өзгеріске ұшырайды. Тірі организмдегі осындай химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.

Жеке торшалар мен бүкіл организмдегі з.а.организмге сыртқы ортадан қорек құрамында келген қор заттардың өзг-мен клетка цитоплазмасының құрамына енуімен байланысты, яғни зат алмасу дегеніміз тіршілік процесінің химиялық қозғалысы. Ал энергия алмасуы деп организмде энергия түрлерінің бір-біріне ауысуын, түрленуін және қуатты заттардың жинақталып пайдалануын айтады. Тірі организмге тән қасиеттің бірі-құрылымдық өзгерістер мен энергия алмасуының тұтастығы. Клетка құрамындағы химиялық заттар бір жағынан құрамының тұрақтылығымен, екінші жағынан ферменттердің әсерімен ыдырап, түрленіп, энергия көзіне айналып отырады. Демек зат пен энергия алмасуы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Олар бір процестің 2 құрамасы болып табылады.



Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Витаминдер жалпы сипаттамасы.

2.Суда еритін витаминдер түрлері, таралуы..

3.Майда еритін витаминдер..

Әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы 27-44 беттер

Тақырып: 9 Күзен және көк түлкінің қоректену физиологиясы

Сұрақтар: Күзеннің қоректенуі, жалпы сипаттамасы, көбеюі.

Көк түлкінің қоректену физиологиясы

Күзен — кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін - ауланатын аң. Ол күзендердің ішіндегі ірісі. Дене тұрқы 29—52, құйрығы 7—18 сантиметрдей, ал салмағы 2 килограмға дейін болады. Арқасы ақшыл сары, қылшығының ұшы қара болып келеді. Бауыры ақшыл, ал құйрығы ала болады.

Бұл аң республикамыздың барлық облыстарында да бар, бірақ саны бірдей емес. Ол негізінде Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейт және далалық аймақтарында жиі кездеседі.

Дала күзенінің немесе сасық күзеннің негізгі қорегі кебінесе саршұнақтар, зормандар және басқа ұсақ кеміргіштер болатындығы, олардың шөлейт жерлерде өте көп кездесетіні анықталып отыр. Сондықтан ондай жерлерде күзеннің қоры да мол болады.

Дала күзені жылына бір рет балалайды. Ол март айының басында ұйығады, содан сәүір айында балалайды. Бір туғанда 8—12, ал кейде 19-ға дейін табады. Балаларының туған кездегі салмағы 5—6 грамдай болады. Олар бір айдан кейін ғана көзін ашады. Туғаннан кейін 4—5 күннен соң-ақ аңның етімен қоректенеді және бір жарым ай шамасындай сүт емеді. Екі айға толған кезде үлкендерімен бірге іннен шығып, қорек іздейді. Содан көп ұзамай-ақ жас күзендер өз бетімен тіршілік ете бастайды. Олардың жыныстық қабілеті 10—11 айда жетіледі. Сасық күзен көктемде және күзде түлейді. Бұл күзен 12—13 жылдай тіршілік етеді.

Дала күзенінің негізгі қорегі саршұнақтар, зормандар және тышқан тәрізді ұсақ кеміргіштер екендігі жоғарыда айтылды. Бұл күзен бір күннің ішінде бір сары тышқанды немесе жиырмадан астам ұсақ кеміргіштерді жейді.

Бұл аң елімізде ауланатын негізгі аңдардың біріне жатады және ол ертеден ауланып келеді. Отызыншы жылдары жыл сайын орта есеппен 500—900 мың, қырқыншы және елуінші жылдары—100—150 мың дала күзенінің терісі дайындалған. Бірақ кейінгі жылдары бұл аңды аулау күрт төмендеп кетті. Соңғы жылдары бойынша жыл сайын орта есеппен 3—4 мың ғана осы екі күзеннің терісі дайындалады. Бұл күзендердің 60 пайзы Ресейде және 40 пайызы Қазақстанның территориясынан ауланып жүр.Соңғы жылдары бағалы терісіне бола күзендерді қолда ұстап өсіру іске асырылуда. Фермаларда өсірілетін күзендердің асыраудын бір қиын мәселесі – ол дұрыс рацион құрап қоректендіру. Қоректендіру өте қиын физиологиялық процесс болғандықтан оны тиісті деңгейде зерттеу аң шаруашылығының басты мәселелерінің бірі. Бағалы терілі аңдардың басым түрлері жыртқыштарға жататын болғандықтан, оларды қоректендірудің ерекшеліктері бар. Жыртқыш жануарларды қоректендіру – олардан сапалы өнім алудын жолы. Дұрыс қоректенуге аңдардың өсуі, дене көлемдері, терісінің сапасы мен салмағы, көбею қабілеттілігі байланысты. Көк түлкі — түлкілердің ішіндегі ең ірісі. Дене пішінің ұзындығы 52—77, кұйрығы — 39—51 сантиметрдей, салмағы 6—7 килограмдай. Әсіресе қырдың қызыл түлкісі өлкеміздің оңтүстігін мекендейтін түлкілерге қарағанда дене тұрқы жағынан әжептәуір ірірек келеді. Және олармен салыстырғанда терісі де мықты әрі сапалы.

Республикамыздағы ірі су қоймаларына жақындау жерлерді мекендейтін түлкілер мұнда кездесетін кәсіптік маңызы бар құстармен, қояндармен, әсіресе ондатрлармен жыл бойына қоректеніп, едәуір залалын тигізеді Мәселен, Балқаш көлінің жағасында мекендейтін түлкілердің азықтарының құрамында қыста ондатрлар 61,5 пайызға, көктемде 70,1 пайызға, жазда 53,3 пайызға және күзде 38,2 пайызға дейін кездескені анықталған, Сондықтан да ондатр шаруашылығына бұл жыртқыштар зиянын тигізбеу үшін, жүйелі түрде маусым кезінде оны аулап отыру керек. майларды аса көп қоспаған жөн. Майларды түлкілерге күшік кезінде көп берген дұрыс деп есептеледі, кейінірек оның үлесін қоректе азайту керек, өйткені ол тері сапасына кері әсерін тигізеді.

Көмірсулар түлкіге өте көп мөлшерде қажет. Олардың жеңіл қорытылатын түрде берген дұрыс, ол үшін көбінесе дәнді дақылдардан жасалған өнімдерді пайдаланады. Рацион құрамында көмірсулардың үлесі 18 пайыздан кем болмауға тиіс, одан төмендеген кезде ас қорыту процесі бұзылады, майлардың қорытылуы төмендеп кетіп тері сапасымен түлкілердің дене көлемі кішірейіп кетеді.Майлар тасымалдануында және тотығуына қатысады. Майлар организмнің бірқалыпты температураны ұстауға мүмкіндік береді, терінің жұмсақ созылмалы болуына әсерін тигізеді, дене мен ішкі органдарды ол жұмсақ жабын құрап, механикалық әсерден сақтайтын қабат құрайды.

Майлардың күзен организіміне жетіспеушілігі немесе рационында болмаған жағдайда өсу процесі баяулайды, көбею кезені жүрмейді, жүні түссізденеді, және тағы да басқа тері мен жүн жамылғысының аномалиялары байқалады. Мұндай өзгерістерге жол бермеуге болады, ол үшін қорек құрамына құрғақ салмағы 0,5 пайыздай болатын май қышқылдарын қосады. Буаз немесе күшіктерін емізіп жүрген ұрғашы күзендерге және өсіп келе жатқан жас аңдарға қорек құрамында кем дегенде 1,5 пайыз май қажет. Ақуызбен көмірсулар көлеміне байланысты күзен рационының құрамында майлардың мөлшері 100 ккал-да 2,5 тен 5,7г алмасу энергиясы болуы тиіс. Көбею кезеңінде күзендерге қоректік заттарында майларды азайтады, өйткені олар ұрғашылардың тым семіріп кетуіне әкеліп соғады.

Тақырып:10Қызыл түлкі және мысық тәріздес иттердің қоректену физиологиясы

Сұрақтар: Қызыл түлкінің биологиялық ерекшеліктері.

Қоректенуі, көбеюі

Мысық тәріздес иттердің қоректену физиологиясы

Қызыл түлкі түлкілердің ішіндегі ең ірісі.Дене пішінің ұзындығы 52—77, кұйрығы — 39—51 сантиметрдей, салмағы 6—7 килограмдай. Әсіресе қырдың қызыл түлкісі өлкеміздің оңтүстігін мекендейтін түлкілерге қарағанда дене тұрқы жағынан әжептәуір ірірек келеді. Және олармен салыстырғанда терісі де мықты әрі сапалы.Түлкі Европада, Азияда, Солтүстік Африкада және оңтүстік Америкада кездеседі. Бұл Қазақстанның барлық облыстарында дл біркелкі таралған аң. Түлкі әсіресе Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарында көп. Мәселен, Қызылорда және Тараз облыстарының территориясында, ақбөкендер қыстайтын жерлерде 10 шаршы километрге 15—20 түлкіден келеді. Сондай-ак солтүстік облыстарда да қырдың қызыл түлкісінің саны жылдан-жылға артып келе жатқандығы байқалады. Қостанай, Ақмола, Көкшетау және Павлодар облыстарының территориясында, Тобыл, Торғай, Жыланшық, Есіл, Нұра, Ертіс сияқты өзендердің бассейндерінде және Теңіз, Ақкөл, Жаманақкөл секілді ірі көлдердің төңірегінде түлкі көп кездеседі. Сонымен бірге өлкеміздің шөл аймағында жиі кездесетіні анықталып отыр. Қазақстан территориясында түлкі негізінде шөл және орманды дала аймақтарында көбірек кездеседі. Сонымен бірге түлкінің саны оның қорегі, ауа райы, індет сияқты әсер ететін жағдайларға байланысты үш-төрт жылда өзгеріп тұратындығы анықталып отыр.Түлкі негізінде жануарлармен, ал кейде өсімдіктермен қоректенеді. Солтүстік Қазақстанның әр түрлі табиғи аймақтарында бұл аңның көктемгі және жазғы азықтарының құрамында жануарлардың (насекомдар мен өлекселерден басқа) 48 түрі кездеседі, оның ішінде сүт қоректілердің 25 түрі, құстардың 21 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі және балықтың 1 түрі бар. Сүт қоректілердің арасында 18 түрі кеміргіштерден тұрады. Оларға тоқалтістер, қаптесерлер, атжалмандар сияқты тышқан тәрізді ұсақ кеміргіштер және саршұнақтар, аламандар, ондатрлар жатады. Солтүстік Қазақстанның орманды далалығында түлкі қорегінін тоқалтістер, соқыртышқандар секілді ұсақ кеміргіштер 58,8 пайызын, шоқ-шоқ қарағай ормандарында 76,6 пайызын, далалығында 90,9 пайызын және шөлейт аймағында 68,4 пайызын алады.

Қазақстанның шөл аймағында да түлкінің негізгі қорегі кеміргіштер. Оларға саршұнақтар, қосаяқтар, құмтышқандар, құм қояндар, атжалмандар, шақылдақтар, тоқалтістер және қаптесерлер жатады. Республикамыздағы ірі су қоймаларына жақындау жерлерді мекендейтін түлкілер мұнда кездесетін кәсіптік маңызы бар құстармен, қояндармен, әсіресе ондатрлармен жыл бойына қоректеніп, едәуір залалын тигізеді Мәселен, Балқаш көлінің жағасында мекендейтін түлкілердің азықтарының құрамында қыста ондатрлар 61,5 пайызға, көктемде 70,1 пайызға, жазда 53,3 пайызға және күзде 38,2 пайызға дейін кездескені анықталған, Сондықтан да ондатр шаруашылығына бұл жыртқыштар зиянын тигізбеу үшін, жүйелі түрде маусым кезінде оны аулап отыру керек.Түлкі — жан-жақты маңызы бар аң. Біріншіден, зиянкес кеміргіштермен қоректену арқылы ол ауыл шаруашылығына едәуір пайдасын тигізеді. Сондай-ақ бұл жыртқыштың орман ішінде жүріп, ағаштарға зақым келтіретін жәндіктерді жеп азайтуы да пайдалы. Түлкі көбіне қыс айларында елді мекендердің төңірегіндегі өлекселермен қоректеніп, тіпті санитарлық қызмет те атқарады. Сонымен қатар бұл жыртқыш кәсіптік маңызы бар қоян, ондатр, жабайы құстармен қоректену арқылы аңшылық шаруашылығына, әсіресе ондатр шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Түлкі жыртқыш аңдар отрядына жататын болғандықтан қоректенуінің ерекшеліктері бар. Олардың да организімінде барлық жануарлардағы сияқты майлар, ақуыздар және көмірсулар қажет. Қоректік заттардың мөлшері түлкілер рационында күзендерге қарағанда екі есе көбейе түседі, өйткені олардың дене көлемімен салмағы күзендерден 2-2,5 есе көбірек.

Басқа жыртқыштармен салыстырғанда түлкілердің рационында өсімдіктектес қоректің үлесі көбірек болады, өйткені олардың организімінде қысқа да болса соқыр ішегі болады. Ол клетчатканы қорытуға көмектеседі. Ақуыздың мөлшері қыс мезгілінде қорек құрамында 100 ккал-ға 10-11,5 грам болса жеткілікті деп есептеледі. Жаз уақытында 7,5-8,5 грамды құраса жеткілікті.Егерде қоректік заттар ішінде майлардың мөлшері жоғары болса ақуыздың пайызын азайтуға да болады. Бірақ терісінің сапасы жоғары болуы үшін түлкілерге ақуызды тиісті деңгейде берген жөн. Ақуыз құрамындағы аминоқышқылдардың саны көбірек болуына байланысты түлкілерден алынған өнім сапаса жоғары болады. Түлкілер организіміне өсімдіктектес ақуыз көп мөлшерде қажет, сондықтан олардың рационында астық, бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің дәндерін қосқан жақсы нәтиже береді. Майлардың көмегімен түлкілер тіршілік әрекеттеріне қажетті энергияның 50 пайызына дейін алады. Майлар қоректе көбірек болса түлкілердің ас қорыту жүйесі басқа да органикалық заттарды жақсы сіңіреді. Бірақ май көп болған жағдайда олар тез тойып кетеді де, ақуыздар мен көмірсуларда болатын басқа минералды заттарды игере алмай қалады. Сондықтан түлкі рационына майларды аса көп қоспаған жөн. Майларды түлкілерге күшік кезінде көп берген дұрыс деп есептеледі, кейінірек оның үлесін қоректе азайту керек, өйткені ол тері сапасына кер әсерін тигізеді. Көмірсулар түлкіге өте көп мөлшерде қажет. Олардың жеңіл қорытылатын түрде берген дұрыс, ол үшін көбінесе дәнді дақылдардан жасалған өнімдерді пайдаланады. Рацион құрамында көмірсулардың үлесі 18 пайыздан кем болмауға тиіс, одан төмендеген кезде ас қорыту процесі бұзылады, майлардың қорытылуы төмендеп кетіп тері сапасымен түлкілердің дене көлемі кішірейіп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет