(Общеупотребляемые слова и термины)
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б.
Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.
Терминдер – ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды. Термин сөздердің жасалу жолдары:
Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.
Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.
Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төлқұжат (паспорт), әнұран (гимн) т.б.
Терминдердің ұғымы мен мағынасы
Сөздің лексика-семантикалық топтарының бірі арнаулы лексика. Қоғамдағы әр түрлі кәсіп пен қызмет салаларына негізделген, шектеулі қолданысқа ие сөздер-арнаулы лексика ретінде танылады. Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығы, басқару органдары, мәдениет пен өнер, әскери атаулар т.б. - арнаулы лексиканы құрайды. Ол термин сөздер мен кәсіби сөздерге бөлінеді.
Терминдер табиғатына тән нәрсе - бірмағыналылық, дегенмен бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді, өйткені төл тілдік бірліктер арқылы термин жасау барысында, лебіздегі оның алғашқы негізгі мағынасы қолданыста болады. Термин сөздердің негізгі ерекшелігі - ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни термин сөз бен оның таңбалап тұрған ұғымы арасында үлкен танымдық байланыс болады. Терминнің мазмұны - оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы - термин ретіндегі сипаты.Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнын ашуы тиіс.
1-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.
Өзгеріс, құбылыс, дарынды, қабілет, тұлға, жантану, қызу, тілалғыш.
2-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты термин сөздерді теріп, анықтама беріңіз (50 термин сөз).
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1 Нарық дегеніміз не?
2 Аталған анықтамаларға ортақ нәрсе не?
Практикалық сабақ №5
Кірме сөздер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Басқа тілден енген сөздер туралы өткенді қайталау, кәсіби тәжірибеде қолдану.
Әдістемелік нұсқау
Нарықтық экономика
Нарықтық экономика адамдарды жаппай кәсіпкерлікке үйретуде. Ол жұрттың психологиясын өзгертіп, олардың сана-сезімін табыс табуға, пайда түсіруге, ақшаның әрбір тиынын бағалай білуге бұрып отыр. Олардың арасынан кәсіпкерлер де көптеп шығуда. Бір қуанарлығы, өндірісте, сауда-саттықта, экономиканың басқа салаларында кәсіпкерлікпен айналысып жүргендердің арасында қазақ жастары да аз емес. Мұның өзі ұлтымыздың өміршеңдігі мен икемділігінің жақсы бір нышаны, келелі көрсеткіші сияқты. Нарық экономикасы арқылы ғана жұрттың бүкіл күш-жігерін, ой-санасын, бар болмысын еңбекке бағыттауға болады.
Республикамызда кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ықпал жасап келе жатқан ірі банктер бар. Реформаның табысты іске асуы ақша саясатына байланысты. Осы саясатты дұрыс жүргізіп, кәсіпкерлікке нақты да тиміді қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстанның Ұлттық банкі, Республиканың ұлттық қарыз беру банкі және т.б. Қазіргі қазақ кәсіпкерлерінің арасында республикамыздан тыс жерлерге іскерлігімен аты шығып жүргендер де бар.
Сөздік
нарықтық экономика – рыночная экономика
кәсіпкерлік – предпринимательство
табыс табу – приносить доход
пайда түсіру – приносить прибыль
өндіріс – производство
сауда-саттық – торговля
экономиканың салалары – отрасли экономики
ақша саясаты – денежная политика
тиімді қолдау көрсету – оказывать эффективную поддержку
қарыз беру – давать в долг
Грамматикалық тақырып. КІРМЕ СӨЗДЕР
Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мысалы, араб және парсы тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.сөздер бар.
Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері енген.
Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б.
Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.
Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.
Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.
Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.
Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:
Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б.
1 тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз.
2-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Практикалық сабақ №6
Достарыңызбен бөлісу: |