Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
Лексикалық мәтінге толық талдау жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз;
Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау.
Әдістемелік нұсқау
Салық реформасы
«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орны ерекше. Бұл заңда, біздің пікірімізше, салық ұғымының аясы белгіленіп, салық салу объектілері анықталады. Мұнда салық жөнінде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін екендігін, оларды кімдер беретіндігі, салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салық органдарының шешіміне шағым беру қалай екендігі белгіленді.
«Пайдаға салынатын салық» - жаңа салық жүйесіндегі аса маңызды заңдардың бірі. Салыққа байланысты соңғы кездегі жаңалық – «Кәсіпорындардан, бірлестіктер мен ұйымдардан алынатын салық туралы» Заңда ескерілген, яғни өндіріс өсімін ынталандыруға бағытталған жеңілдіктер көзделген. Атап айтқанда, егер азық-түлік өндіретін, халық тұтанатын, балаларға арналған тауарлар шығаратын, дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мол пайда тапса, сол қосымша түскен пайдаға салық салынбайды.
Бүгінгі таңда пайдаға салынатын салықтың мөлшері 35 проценттен 25 процентке дейін, коммерциялық және кооперативтік банкілер, жинақ банкілері мен сақтандыру ұйымдарында 55 проценттен 45 процентке дейін төмендетіледі. Қазақстан Республикасының Президенті өз жарлығымен Мемлекеттік Бас салық инспекциясы мен Республикасының комитеттерін және оларға бағынатын инспекциялар мен органдарды Қаржы министрлігінің құрылымына енгізді.
Мемлекеттік салық инспекциясы меншік түрлеріне қарамастан кез келген кәсіпорынның, кооперативтің, фирманың ішкі қызметтері туралы мәліметтер жинап, тексеріс жүргізе алады.
Салық – экономикамызды дамытудағы реттеуші күш. Салықтың нарықтық экономика кезіндегі ролі мен мәні зор.
Сөздік
Салық жүйесі – налоговая система
Ерекше – особый
Жеңілдік – привилегия
Бағытталған – направленный
Пайдаға салынытын салық – налог на прибыль
Кәсіпорындар – предприятия
Бірлестіктер – объединения
Тұтыну – потреблять
Қосымша түскен пайда – добавочная прибыль
Реттеуші күш – регулирующая сила
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Мәтіннің соңғы 2 сөйлеміне морфологиялық талдау жасаңыз.
Грамматикалық тақырып.
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестердің бір түрі. Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.
Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы. Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:
Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбылыстары қамтылған. Олар ой дәлдігі мен ықшамдылығымен ерекшеленеді, тақырыптары әр алуан болып келеді. Мысалы: Білімді өлмес - қағазда аты қалар, ұста өлмес - істеген заты қалар; Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ; Ағаш тамырымен, адам жол-дасымен мықты т.б.
Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас. Алайда бұл екеуі бір түсінік емес, олардың аз да болса белгілі дәрежеде айырмашы-лықтары бар. Ол айырмашылық ойды түйіндеуден және құрылымы жағынан көрінеді. Мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді, алдыңғы ой екінші ойдың шарты түрінде көрінеді. Мысалы, мезгілі жетсе, мұз да ерір; тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер, түсі игіден түңілме т.б., ал мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде де келе береді.
Мысалы, орақ ауыз, от тілді; қой семізі қойшыдан, т.б.
Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Тілде ақын-жазушылар шығармаларынан мақал-мәтел, қанатты сөздер болып кеткен үлгілер көп. Мысалы, Шегірткем бір секірдің құтылдың, екі секірдің құтылдың, үшіншіде тұтылдың (Ы.Алтынсарин.). Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Доссыз ауыз тұшымас (Абай).
1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.
2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.
Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.
3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.
Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?
Неге олай дедің ?
Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?
Кімнен естідің ?
Бәрі айтып жүр ғой.
Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.
Қайрат, рас айтасың.
Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.
Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:
Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан, білу қымбат. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір - тұзсыз ас. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.
5-тапсырма: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:
Олақ өзгеге сенсе...
Ер жігіт ел үшін туады...
Оқу білім бұлағы...
Асыл тастан шығады...
Ашуың келсе, қолың тарт...
№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1 «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңда не жайлы айтылған?
2 «Пайдаға салынатын салық» заңында не туралы айтылған?
3 Қаржы министрлігінің құрылымына қандай органдар кіреді?
4 Экономикамызды дамытудағы реттеуші күш не?
Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Құс патшасы – бүркіт
Аң патшасы – арыстан
Жалқаулық – жаман ауру
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз
Жігіт көркі – өнер
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
Ұстаздан шәкірт озар
Күш – білімде, білім – кітапта
Орысшадан қазақшаға аударыңдар
Если и золото нашел, пересчитай
И вода счет любит
Умный честь свою оберегает,
Скупой скот свой оберегает
Многословие – көп сөз
Молчание – золото
Говори редко, но метко
Молчание от самой большой беды оберегает
Практикалық сабақ №7
Көнерген сөздер мен неологизмдер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Әдістемелік нұсқау
Салықтың түрлері
Тура – салық төлеушінің табысы мен мүлігімен тығыз байланысты.
Жанама – керісінше, табыс пен мүлікке байланысты емес, бұл баға мен тарифке қосымша салынған салық түрі.
Табиғи – шарт бойынша анықталып, өндірілетін өнім көлемінін үлесіне салынатын салық.
Ақшалай – ақшалай түрінде төленетін салық.
Заңды тұлғалардан алынатын салық – бұл корпоративтік салық, бұл салық түрінің субъектісі заңды тұлғалар болып саналады, сонымен қатар резиденттер, резидент еместер және тұрақты мекемелер де объектілер ретінде бола алады.
Жеке тұлғалардан алынатын салық – бұл жеке тұлғалармен төленетін салық.
Жалпы мемлекеттік – бұл мемлекеттің табысынан алынатын салық түрі
Жергілікті – жерілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салық, оған әкімшілік-аймақтық жағдайлар қатты әсер етеді.
Жалпы салықтар – бұл белгілі аймақтың ақшалай қорынан бюджетке түсетін салық.
Мақсатты салықтар – бюджеттік емес қорларға түседі
Бекітілген – заңға сәйкес белгілі бір бюджетке берілетін салық, ол оның табыс көзі болып есептелінеді
Реттеуші – теңестіру мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке жылда берілетін салық түрі
Табыс салығы - әр салық төлеушіден алынатын салық түрі
Бөлу салығы – белгілі бір көлемде салынатын салық, содан соң ол жеке аймаққа, кейін жеке адамдарға бөлінетін салық түрі.
Сөздік
Тура – прямой
Жанама – косвенный
Табиғи – натуральный
Заңды тұлғалар – юридические лица
Жеке тұлғалар – физические тұлғалар
Жалпы мемлекеттік – общегосударственные
Жергілікті – местные
Мақсатты – целевые
Реттеуші – регулирующие
Табыс салығы – подоходный налог
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
құрастырыңыз.
Грамматикалық тақырып.
КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР
Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.
2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.
Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.
Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:
қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;
тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.
1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.
Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1 Тура салық дегеніміз не?
2 Жанама салық дегеніміз не?
3 Мемлекеттік салықтарға нелер жатады?
4 Жергілікті салық дегеніміз не?
5 Табыс салығы кімнен алынады?
Практикалық сабақ № 8
Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар № 8
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Стилистика іліміне сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары
1.Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.
2.Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.
3.Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.
Грамматикалық тақырып
СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.
Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.
Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады.
Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.
В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора. Стрела, пущенная с земли, не достигает ее вершины. Поэтому прозвали гору «Окжетпес» - не достичь стрелой. Нет человека , который не удивился бы высоте этой горы. Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками ступенчатую возвышенность. На ней растут даже сосны и ели, которые невозможно вырастить и при обычных посадках.
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба? Қалада үлкен үйлер көп. Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың ба? Сен кешікпей кел. Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.
Практикалық сабақ № 9
Ресми іс-қағаздар стилі. Олардың түрлері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар № 9
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Стилистика іліміне сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары
1.Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.
2.Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.
3.Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.
Ресми іс-қағаздар стилі
Ресми іс-қағаз стилі – кітаби стильдің бірі, ресми қарым-қатынастарда, іс-қағаздарда, яғни заңдарда, құжаттрада, актілерде, келісім-шарттарда, қаулыларда, ережелерде, қызмет қағаздарында және т.б. қолданылады.
Бұл стильдің мақсаты – мәліметті жеткізу, нұсқау беру. Ресми іс-қағаз стилі дәлдікпен, бірмәнділікпен, мәтін құрылысының стандарттандырылғанымен, мәтіннің міндетті түрде жазылатындығымен еркшелінеді.
Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, мінездеме, қолхат, хабарландыру, есеп, келіссөз, өтініш, бұйрық, жарлық, шағым т.б. жатады.
Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету.
Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.
Өтініш
Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі. Жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішінен тұрады. Ісқағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жасалады. Мынадай жағдайларда өтініш жазылады:
академиялық демалыс сұрау;
шетелге оқуға кетуге байланысты уақытынан бұрын сессия тапсыру;
жұмысқа қабылдау;
басқа жұмысқа ауыстыру;
кезектен тыс демалыс сұрау;
материалдық көмек сұрау;
пәтер бөлу;
жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.
Үлгі
«Тұран» университетінің ректоры,
э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа
Экономика факультетінің
«Ақпараттық жүйе» мамандығының
2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан
Өтініш
Денсаулығыма байланысты жазғы емтихан сессиясын уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін. Денсаулығым туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.
15-наурыз, 2011 ж.
Түсініктеме
Түсіндірме – қандай да бір оқиғаның, жеке адамдардың әрекеттерінің себептерін түсіндіретін құжат.
Үлгі «Тұран» университетінің ректоры,
э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа
Экономика факультетінің
«Ақпараттық жүйе» мамандығының
2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан
Түсініктеме
Менің 2011 жылдың 15-18 қазан аралығында сабаққа келмеу себебім, 2011 жылы 14-20 қазан аралығында Астана қаласында өткен «Орта Азия аймағындағы интеграция үрдісі» атты конференцияға қатыстым.
Конференцияға қатысқаным туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын.
21.10.12 қолы
Өмірбаян
Мен, Қуанышбекова Айжан Нұржанқызы, 1994 жылы мамыр айының 6 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
Әкем – Оралбаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1963 жылы Семей қаласында дүниеге келген, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі.
Анам – Әлімжанова Жанна Тұрартайқызы, 1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол информатика пәнінің мұғалімі.
Өзім, 2000 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің алғаш есігін аштым. Аудандық информатика, математика, физика пәнінен өткен олимпиадалардың жеңімпаздарымын. Облыстық корреспонденттік «Дарын» олимпиадасына математика пәнінен қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Аудандық «Болашақ» жастар ұйымын басқардым. Мектепті 2011 жылы «Алтын белгіге» бітірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнында білімімді шыңдаудамын.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) корей (сөздік қолдану) арқылы тілдерін білемін.
ЭЕМ бағдарламаларын арнайы курстан өту арқылы меңгердім.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 66 үй, 26-пәтер.
1-тапсырма. Жоғарыдағы үлгі бойынша өтініш, түсініктеме, өмірбаян, жазыңыз.
Мінездеме
Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев, 1975 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туылған. Мамандығы: бағдарламашы, Интернет маманы.
2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады. Алғашқы ашылған (http://tor.kz,http://nur.kz, http://al-islam.kz) т.б қазақша сайттардың авторы және үйлестірушісі. 2008 жылдан бастап «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады.
Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет-кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.
2009 жылдан бастап «Қаламгер ТЕН» ЖШС мекемесінің директоры қызметінде. «Егемен Қазақстан» газеті, «Ана тілі» газеті, «Нұр Астана» газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала мен қала» газеті, «Үшқиян» газеті және т.б сияқты қазақтілді белгілі басылымдардың Интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда.
Тапсырма:
Өтініш үлгілерін жазып, бір-біріңізді тексеріңіз.
Сіз жұмысқа орналаспақсыз, түйіндеме жазып, соны бастығыңызғы көрсетіңіз.
Ресми-іскери стильде қолданылатын қалыптасқан сөздерді жазыңыз.
Ресми-іс қағаздар стилі етістіктің қай шағында жазылады, Қай есімдік жиі қолданылады.
Практикалық сабақ №10
Ғылыми стиль лексикасы
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар № 10
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Стилистика іліміне сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары
1.Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.
2.Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.
3.Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.
Ғылыми стиль лексикасы
Ғылыми стиль - функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады. Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік сатыдан тұрады. Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми ебектер жатады: диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы.Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис,рецензия т.б. жатады.
Ғылыми стильдің лкесикасындағы ерекшелік сөз тек өзінің мағынасында жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильбе жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стиьдің негізгі ерекшелігі - мұнда ой күрделеніп, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болады.
Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.
Ғылыми мақала
Ғылыми мақала жазу үшін автор обьектісін жете білу керек. Мақала жан-жақты зерттеулердің немесе жасалған тәжірибелердің қорытындысын негізге ала отырып жазылады.
Мақала жазу үшін автор алдымен өзін толғандыратын яғни қызықтыратын тақырыпты таңдап алуы қажет. Содан соң сол тақырыпты ашу мақсатында зерттеулер мен тәжірибелер жасай отырып, осы мәселелер жайындағы ойларын,немесе жаңалықтарын ортаға салудың немесе көпшіліктің назарына ұсынудың мезгілі жеткен кезде ғана қолға алады.
Ғылыми мақалалар ғылымның әр саласының өз терминдерін, ұғымдарын сақтай отырып жазылады. Ғылыми мақалаларды екі түрге бөліп қарауға болады: ғылыми-көпшілік стиль /яғни жалпы жұртқа түсінікті/, таза ғылыми шағын стиль – тек қана белгілі ғылым саласындағы мамандарға арналған.
Мақаланың барлығы бірдей жаңалық әкелмегенімен, сол саладағы соны пікірлердің, жаңа пайымдаулар мен көзқарастардың болуын қажет етеді. Қалың жұртшылыққа арналған мақалаларда қорытындыны автор көбінесе, өзі шығармай оқырмандардың назарына ұсынумен шектелсе, ғылыми мақалаларда, қорытынды шығарарлықтай тұжырымды көбіне автордың /мақаланы жазушының/ өзі жасайды.
Практикалық сабақ № 11
Публицистикалық стиль. Жарнама түрлері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар № 11
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Стилистика іліміне сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары
1.Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.
2.Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.
3.Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.
Публицистикалық стильдегі сөз қолданыстары
Публицистикалық стильдің хабарлама қызметі тілдің құрылымдық жүйесінің, бейтарап сөздердің қабатын құрайды. Олар - ұлттық тілдің сөз байлығы, стандарт сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі.
Публицистикалық стильдің ауызша түрі бүгінгі мәдени коммуникацияның жоғары формасын құрайды.Автордың сөйлеу мәнері ерекше ритм, ырғақтық топ құрады, дыбыстарды дұрыс айту, орфоэпиялық нормаларды сақтау бірінші мақсат болғанымен, екінші дауысты көпшіліктің алдында айтуға жаттықтыру тәлімін игеру керек. Публицистикалық стиль қазақ тіл мәдениеті мен лингвостилистиканың ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді.Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Публицистикалық стильдің мақсаты саяси қоғамдық идеяларды үгіттеп насихаттау үшін газет, журнал, радио, теледидар арқылы
оқырмандардың сезіміне әсер ету.
Публицистикалық стильде тілдік құралдар іріктеліп қолданылады. Бұл стиль әдетте ауызша және жазбаша монолог түрінде жүзеге асады. Публицистикалық стиль публицистикалық мақала, очерк, баяндама, фельетон түрінде жазылады.
Публицистикалық стильде сөйлеу мәдениеті
Публицистикалық стильдің (хабарлама сұқбат, проблемалық сұқбат) қызметтері
Жарнама, жарнама тілі
Жарнама – АҚШ индустриясының ірі салаларының бірі. 1991 жылы америка фирмалары өз өнімдерінің жарнамасы үшін $37.млн. доллардан артық қаржы бөліпті. Жарнама тұтынушыға арналатындықтан және тұтынушылар нарығында тәртібі туралы шешім қабылдауына әсерін тигізуге бағытталатындықтан, ол ұсынатын қызмет көрсетулер мен оны ұйымдастыру мәселелерімен кеңірек танысу пайдалы болады.
Жарнаманың құндылықтары. Жарнама негізінен тұтынушы мен экономиканың мүддесіне қызмет етеді. Бұлай деуге бірнеше себептер бар:
Ол тұтынушыларға баға, нарықтағы соңғы үлгідегі жаңартылған әрі жақсартылған жаңа тауарлармен қызмет көрсетулер туралы мәлімет береді.
Жарнама жиі бағаның төмендеуіне әкеледі. Жарнама көпшілік нарығын құрып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, бұл өндірушілерді өздерінің шығындарын азайтуға мәжбүр етеді. Осындай жағдай тұтынушыларға тиімді.
Жарнаманың қысқаша тарихы
Қазақтың мерзімді баспасөзі Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде пайда болды дейді баспасөз зерттеушілері. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев. Қазақ халық ауыз әдебиеті мен ақын-жазушыларының шығармалары баспа жүзін көрді. Сөйтіп ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақ тілінде кітап, газеттер шыға бастады. Газет пайда болған соң публицистиканың түрлі жанрлары да пайда болды, соның бірі жарнаманың өзі болды.
Жарнама өз мазмұнын ХІХ-ХХ ғасырдың өзгерістеріне байланысты өзгертіп отырды деуге болады. Мәселен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында мектептер салып, халықтың сауатын ашу саясаты жүріп жатты. Сол кездері де жаңа оқулықтар- кітаптар шыға бастағанда, газетте «Жаңа кітаптар» айдарында «Дала уалаяты» газетінде (1888—1902) мынадай жарнама жарық көрді: “Жаңада қазақтар туралы бір кітап шығып сатылып жүр. Сол кітапта Орал жағы қазақтарының шежіресі бар, онан соң қалай орыстармен араласқаны бар, «жазған Алекторов» деген. Сол кітапты білімді, ғылымды қазақтар алып оқыса пайдалы. Ата-бабасының қалай жүріп, қалай түзеле бастағанын біледі. Сол кітаптың қағазы аз, бағасы 35 тиын”.
Жарнама дегеніміз не?
Жарнама-франц. сөзі reclame сөзінен аударғанда- бұл кез келген формада, яғни заңды немесе заңды емес белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың кеңінен таратылған ақпараты.
Жарнама-
спектакль
концерт
лекция
көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар
ойын-сауықтар
туралы хабарландырудың бір түрі
Жарнама
(жариялануына қарай)
ақылы жанама
Газет бетін сатып Өнім ұсынушының
алып жарнамалау көпшілік қауым мен
БАҚ арасына болатын
жарнамалау
Тиімді тәсілдері- мектепте, қарттар үйінде және т.б. жерлерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы
Жарнаманың үш негізгі функциялары
1. Нарық базарында әйгілі болу
2. Фирманың беделін арттыру
3. Тығырыққа тіреген кезде өз беделін сақтап қалу
Жарнаманың түрлері:
жеке адамдарға керек хабарландыру
құлақтандыру
сақтандыру
құжаттандыру
Сақтандыру немесе құжаттандыру түрі:
Жекелеген адамның жоғалған, ұрланған құндылықтарын, құжаттарын жарнамалайды.
Құрылымдық жағынан жарнама:
Суреттер арқылы безендірілетін
Тек сөздерден тұратын
Жариялануына қарай: жанама
Түріне қарай: құлақтандыру
Құрылымдық жағына қарай: сурет арқылы безендірілген
Жариялануына қарай: ақылы
Түріне қарай: құлақтандыру, хабарландыру
Құрылымдық жағына қарай: сөздерден және суреттерден тұратын
Еліміздегі жарнамалау туралы заңдар мен ережелер
Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырудың осы ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырудың бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Заңнамада белгiленген тәртiппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафтық объектiлер болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, мемориалдық және салт жораларының кешендерiнде, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң аумақтарында, ғибадат ету ғимараттарында, үйлер мен ғимараттарда жарнаманы орналастырған кездегi тыйым салулар, сондай-ақ жарнамалық ақпараттың мазмұнына байланысты шектеулер заңнамалық актілермен белгiленедi.
Бастапқы материалдар – сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыруға жер учаскесін, үйлердi, ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды пайдалану, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасау, аумақты инженерлiк жағынан дайындау шарттары, абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi регламенттер, жарнама объектiсiнiң тұрған орны және мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi жөнiндегi басқа да көмекшi құжаттар немесе мәлiметтер бар құжаттар. Елді мекенге осы объектіні орналастырған кезде жарнама объектісінің үлгісіне (нысанына, түріне) және бастапқы материалдарға қажеттілігіне байланысты бастапқы материалдар жеке немесе жиынтық түрде ресімделуі мүмкін.
Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiсi – сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi орнатылған (бекiтiлген) үйлер мен ғимараттар, өзге де құрылыстар, сондай-ақ жер учаскесі;
2) салынып жатқан объектiнiң паспорты – құрылыс салудың аумақтық ережелерiне сәйкес құрылыс алаңдарында орналасқан ақпараттық қалқан және тек осы объектiнiң паспорттық деректерi бар: объектiнiң кескiнi мен атауы; мердiгерлiк құрылыс ұйымының атауы; лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi; құрылыстың мерзiмi туралы мәлiметтер; құрылыс жетекшiсiнiң – жұмыс жасаушының тегi және аты-жөні;
3) өтiнiш берушi – берiлген елдi мекенде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға ниетi бар және Ережелермен белгiленген шарттарды қабылдауға дайын мүдделi жарнама берушi (жарнама жасаушы, жарнама таратушы не өзге де жарнама берушi сенiм бiлдiрген адам);
4) рұқсат беретiн құжаттама – өтiнiш берушiге жергілікті атқарушы органдар беретін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жөнiндегi оның ойын iске асыруға және жарнамалық ақпараттың таралуына құқық беретiн құжаттар.
№ 8, 9, 10, 11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары:
1-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты жазылған ғылыми мақаланы талдап, ғылыми стильдің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
2-тапсырма. Қысқаша ғылыми мақала дайындаңыз.
3-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз.
1-мәтін
...Сағат түңгі екі болып қалды. Жұрт аяғы басылды. Алдымыздағы көшемен ең соңғы трамвай өтіп барады. Вагондарда үш-төрт адамның басы көрінді.
Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус, автобустар қайда қазір? Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға жайғасатын орны бар. Олар сонда жиналады. Мұнда түні бойы ұйықтамай, қызмет ететін адамдар бар. Олар әлі машиналарды таңертеңгі сапарға әзірлейді. Күндіз бүлінген жерлері болса, жөндейді. Іші-сыртын сүртіп, еденің жуып тазалайды. Таңертең троллейбус, трамвай, автобустар тап-таза болып, жарқырап шығады.
2-мәтін
«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».
3-мәтін
Қуанышбек пен Забира үш баласын жақсы шаңырақта тірбиелігісі келеді. Ол үшін жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Отбасында туған күн әрдайым тойлану керек. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дістүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке әке-шешесімен, балаларымен отбасылық сұхбат құрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтарымен танысады. Алыс-жақындағы туыстармен хабарласады. Қуанышбек өзі де, балалары да компьютерді меңгерген. Ғылым мен техника жаңалықтарын отбасында үнемі айтып отыру, мүмкін болса қолдану – отбасы өмірін сәнді ете түседі. Жақсы дәстүр – отбасының шаңыраққа айналуына тірек болады.
4-мәтін
Ішуге бір нәрсе алдырайық.
Мен көк шай ішемін.
Мен балмұздақ жегім келеді.
Коктейль ішейік
Екі бутерброд әкеліңізші.
Сіздерде десертке не бар ?
Екі кісіге джем салынған құймақ әкеліңізші.
Интернет-кафеде кездесеміз.
Сенің жеке e-mailiң бар ма?
Интернет істеп тұр ма?
Мен бос уақытымды сонда өткіземін.
Сен олардың сайтын көрдің бе ?
Интернетпен зат сатып алуға да болады ?
Ғаламтор арқылы адамдар танысады.
Басқа елдердегі достарыммен хат жазысамын.
Мен скайп арқылы ағаммен сөйлесемін.
Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.
4-тапсырма. Стиль түрлеріне газет-журналдардан, ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттен мысалдар келтіріңіз.
Практикалық сабақ №12
Сөзжасам. Сөзжасамның тәсілдері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
лексикалық мәтінге сипаттама беру;
грамматикадан өткенді қайталау, тапсырмаларды орындау;
сөзжасам тәсілдерін анықтау, берілген тапсырмаларды орындау.
Әдістемелік нұсқау
Грамматикалық тақырып.
СӨЗЖАСАМ
(Словообразование)
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам – атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол – әрине ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:
синтетикалық тәсіл;
аналитикалық тәсіл;
лексика-семантикалық тәсіл.
Сөзжасамның тәсілдері
Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екітілдік бірліктің қатысуы керек:
- лексикалық мағыналы сөз;
- сөзжасамдық жұрнақ.
Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қатысады.
Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады. Яғни туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады.
Мысалы, өнім,
Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысының өзінің жеке тұрғандығы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді. Мысалы, өнеркәсіп, теміржол, қызыл ала т.б.
Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Мысалы,
Ақ - адал мағынасын береді. Мысалы, Ақ жүрген адам азбас.
Ақ –сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. Мысалы, Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы болатын.
Ақ –ақиқат, шындық. Мысалы, Жұмыр басты пендеге – өлім ақ.
1-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-ғар,/-гер, -қар/-кер
Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра.
2-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік
Бас, оқу, мемлекет, мәтін, сызба, дыбыс, ақпарат, сан,мультимедия, тәжірибе, компьютер.
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз.
Пернетақта, телекөпір, ғаламтор, пікірталас, телекөрермен, жолдорба, баспасөз, бағдаржол, шартбелгі, дыбысбейнелеуіш, құлаққап.
4-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.
Маған үйретші.
Міне, интернетке қосылдық. Сенің почтаң қай порталда болсын: kz әлде comда ма ?
Мынау – сенің адресің, пароліңді ұмытпа.
Қазір біреуге хат жазып, почтаның қалай істейтінін тексеруге болады. Жақсы болды, бәрі істеп тұр!
Ал мен өз достарым мен сыныптастарымның адрестерін қалай білем?
Көріп тұрсың ба, сенің жәшігіңде «Менің әлемім» деген сілтеме бар. Кіресің де, тіркелесің. «Білімі» деген бөлімді толтырасың. Міне сенің мектебіңдегі оқығандардың бәрі.!
Кейбір суреттің астында қызыл плашка жанып-сөніп тұр. Бұл не?
Олар қазір сайтта, біз олармен хабарласа аламыз.
Әрине, Сенің суретіңді де орналастырайық.
Түсіндірші, суретті ұялы телефоннан компьютерге қалай көшіруге болады?
Bluetooth не USB-сымын пайдаланыңыз.
Рахмет саған! Хатты жібердім, енді жауабын асыға күтіп отырмын.
Шын мәнінде, бұл өте оңай. Ертең келіп, почтаңды тексереміз.
5-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.
Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.
6-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.
Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі.
Практикалық сабақ №13
Туынды сөздер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.
Әдістемелік нұсқау
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ»
Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиындағын кезде Жәңгір ханның баласы Тәуке хан қырық жылға жуық уақыт хан болды. Қазақ елінің басын біріктіру мақсатында қазақ билері Төле, Қазыбек, Әйтекемен бірлесе отырып, ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде «Жеті жарғы» қазақ заңдарының жиынтығын жасады. Заң жинағында қазақ өмірінің басты-басты төмендегідей салалары қамтылған.
Бірінші – жер дауы. Көшпелі халықтың өмірінде жердің шешуші маңызы бар. Қыстау, жайлау, жайылым, қоныс мал баққан елдің атадан балаға қалдыратын еншісі. Жер – тіршілік ортасы, ата-бабасынан бері иеленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға беруге, сатуға болмайды.
Екінші сала – үй ішіндегі тіршілікке, сол отбасындағы адамдардың өзара қатынасына байланысты. Әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас. Әсіресе үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.
Үшінші сала – ұрлыққа, барымтаға кедергі қоюды көздейтін, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.
Жарғының төртінші саласы – ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешуді мақсат етеді.
Бесінші топқа – ел бірлігін сақтауға, Отанын қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.
Жарғының келесі бір тармағы - құн дауына арналған. Айыр көмей, жез таңдай атақты үш төбе би «Қанға қан», «Қанды кек», «Ескіден келе жатқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатыгездікті жұмсартудың жолын қарастырған. Онсыз да өлімнің аз емес екенін, жаттан жат емес жақыннан жау іздемеу деген ізгі ниетпен өлім жазасын жұмсартып, құн төлеумен ауыстырған.
Мәтін тапсырмалары
1.Мәтінді еркін аударма түрінде орыс тіліне аударыңыз.
2.Мәтінді оқып шығып әңгімелеп беріңіз.
3.Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып ойластырып,алған тақырыптарыңызды негіздеңіз.
Грамматикалық тақырып.
ТУЫНДЫ СӨЗДЕР
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:
–шы, - ші: бағдарламашы, күзетші
–шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық
–лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас
–лақ, -лек, -дық, -дік, -тық, -тік: орындық, түндік
–хана: асхана, дәріхана
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
-м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.
-қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.
-с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс.
-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік.
-ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.
-н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.
-у: сабау, жамау, көсеу.
-ынды, -інді: шайынды, үйінді.
10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.
-уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.
-ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:
–лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті
–дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей
–лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік
–сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз
–қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы
1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,
-шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.
Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.
2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер.
№13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Практикалық сабақ №14
Жалғаулардың түрлері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.
Әдістемелік нұсқау
Грамматикалық тақырып.
ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ (ТӘУЕЛДІК, КӨПТІК, ЖІКТІК, СЕПТІК)
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.
Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
І жақ -м, -ым, -ім
ІІ жақ -ң, -ың, -ің
ІІ жақ -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і
|
І жақ -мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің, -ларың, -лерің
ІІ жақ -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і
|
Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі.
Мысалы:
Оңаша тәуелдену:
|
Ортақ тәуелдену:
|
Менің компьютер-ім, телефон-ым.
Сенің компьютер-ің. телефон -ың.
Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.
Оның компьютер-і, телефон -ы.
|
Біздің компьютер-іміз, телефон -ымыз.
Сендердің компьютер-лерің, телефон -дарың.
Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон -дарыңыз.
Олардың компьютер-і, телефон -ы.
|
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.
Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.
Мысалы:
Есім сөздің жіктелуі:
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен кәсіпкермін
|
Біз кәсіпкерміз
|
ІІ
ІІ
|
Сен кәсіпкерсің
Сіз кәсіпкерсіз
|
Сендер кәсіпкерсіңдер
Сіздер кәсіпкерсіздер
|
ІІІ
|
Ол кәсіпкер
|
Олар кәсіпкерлер
|
Етістіктің жіктелуі:
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен сөндіремін
|
Біз сөндіреміз
|
ІІ
|
Сен сөндіресің
Сіз сөндіресіз
|
Сендер сөндіресіңдер
Сіздер сөндіресіздер
|
ІІІ
|
Ол сөндіреді
|
Олар сөндіреді
|
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:
Атау. Кім? Не?
Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не
Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, та, -те, -нда, -нде
Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Мысалы:
Жай септелу
|
Тәуелді септелу
|
А. Компьютер
І. Компьютер-дің
Б. Компьютер-ге
Т. Компьютер-ді
Ж. Компьютер-де
Ш. Компьютер-ден
К. Компьютер-мен
|
А. Компьютер-ім
І. Компьютер-ім-нің
Б. Компьютер-ім-е
Т. Компьютер-ім-ді
Ж. Компьютер-ім-де
Ш. Компьютер-ім-нен
К. Компьютер-ім-мен
|
1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз.
Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт.
2-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Менің жұмысымның ....
Сіздің уақытыңыз.....
Сіздің көмекшілеріңіз....
Біздің Республикамызда....
Сендердің мамандықтарың...
Сіздердің компьютерлеріңіз...
Олардың табыстары.....
3-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер саясаткер..... Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .
4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.
Есте сақтаңыз.
В казахском языке суффиксы -тағы, -тегі, -дағы, -дегі присоединяются к именам существительным, образуя имена прилагательные находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который принадлежит»: компьютердегі файлдар (файлы, которые на компьютерах), менің папкамдағы фаилдар (файлы, которые на мойх папках), компьютер үстеліндегі флешка (флешка, которая лежит на компьютерном столе) и т.д.
5-тапсырма. -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтарымен келетін сөз тіркестерін құрыңыз.
Практикалық сабақ №15
Жалғаулардың түрлері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15
Сабақ мақсаты:
Берілген грамматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.
Әдістемелік нұсқау
Ұлттық теңге
Қазіргі таңдағы көп өзгерістердің бірі – тәуелсіз елдердің өз ұлттық валюталарын айналымға енгізу.
Төл теңгеміз тұңғыш рет енгізіліп отырғандықтан әуелі кезекте оның әншейін қағаз күйінде қалмауы, қорғанысы мықты болуы қарастырылды. Теңгенің 12 түрлі көзден таса қорғанысы бар. Қағазы да ерекше, Әлемге аты әйгілі бірнеше фирманың жұмысымен таныса келе, ағылшынның «Хариссон» фирмасы таңдап алынды. Ол фирма төл валютамыздың массасын 4 ай мерзімі ішінде әзірлеп берді. Қазақстан Республикамыздың аумағында 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап ұлттық валюта – теңге айналысқа енді. Теңге – Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралы. Ол жүз тиыннан тұрады. Теңге – тәуелсіз елдің тұтқасы, даму көзі, теңелудің алғашқы факторларының бірі.
Сөздік
айналым- оборот
ұлттық – национальный
қорғаныс- оборона
төлем – плата
әлем – мир
әйгілі – известный
кезек – очередь
ұлттық валюта – национальная валюта
айналымға енгізу – ввести в оборот
даму көзі – источник развития
Мәтінге берілген тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыныз;
2) Сұрақтарға жауап беріңіз;
3) Ұлттық валюта туралы қосымша деректерді дайындаңыз.
Грамматикалық тақырып.
Шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Жалғаулық шылау. Көмекші есімдер.
Шылау – сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Шылаулардың үш түрі бар. Олар: септеулік шылау, демеулік шылау, жалғаулық шылау.
Септеулік шылау – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра байланыстырады. Септеулік шылауларға мыналар жатады: туралы, сияқты, үшін, сайын, дейін, қарай, тарта, жуық, кейін, соң, әрі, гөрі, бері, бірге, қабат, қатар, т.б.
Демеулік шылау – сөздерді байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Демеулік шылаулардың төмендегідей түрлері бар:
Сұраулық: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
Күшейткіш: -ақ, -ау, -ай, да, де, та,те.
Белгісіздік: -ау, -мыс, -міс, кейде.
Болымсыздық: түгіл, тұрсын, тұрмақ.
Шектік: ғана, тек, кейде, -ақ.
Нақтылау: -ды, -ді, -ты, -ті, ғой.
Жалғаулық шылау – сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылау төмендегідей бөлінеді:
Ыңғайластық: және, әрі, да, де, ма, ме, т.б.
Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, т.б.
Себеп-салдар: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, т.б.
Талғаулықты: не, немесе, я, я (не) болмаса, яки, т.б.
Кезектес: кейде, бірде, біресе.
Шартты: егер, егер де.
Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер көмекші есімдер деп аталады. Масалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)
Әдетте көмекші есімдер тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
1-тапсырма. Көмекші сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастырыңыз.
2-тапсырма. Төменгі сөйлемдерден шылауларды анықтаңыз.
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін бірнеше құрылғылар бар. Бұл құрылғылар құрамдас та, қосымша да болады. Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Бейнебейімдеуіш немесе бейнетақшаның (сызбалық бейімдеуіш) кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.
3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жалғаулық шылауларды анықтаңыз.
Салтанат «Әсем тұрмыс» үйіне барды да компьютерін жөндетіп әкелді. 2. Мен саған интернеттен хат жаздым, бірақ сен маған жауап қайтармадың. 3. Марат компьютерде отырып біресе мәтін тереді, біресе агенттегі достарының сұрақтарына жауап береді. 4. Ксения компьютерде мәтінді баяу тереді, себебі ол қазақша әріптерді енді үйреніп жүр. Егер компьютер бағдарламаларын жақсы білсем, болашақта бағдарламашы боламын.
4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден шылау түрлерін анықтаңыз.
Мынау менің ұялы телефоным ғой. 2. Менің досым жапондық көліктерді жақсы көреді, әсіресе Toyota, Lexus маркілерін. 3. Сендер бүгін «Электроника әлемі» дүкеніне барасыңдар ма? 4. Информатика сабағында Блез Паскаль туралы көп білдім. 5. С.А. Лебедев өмірінің соңына дейін ғылыми кадрлар даярлап, жеке үлгісімен жастарды тәрбиелейді. 6. Билла Гейтстің басқаруымен, Microsoft ақпараттық технологиялар мен өнімдер шығару бойынша үнемі даму үстінде келеді. 7. «Файлдың аты» жолын басқаннан соң, атыңызды жазыңыз. 8.Екі жүз жылдан кейін 1820 жылы француз Шарль Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын арифмометр ойлап шығарған. 9.Оның уақытының маңызды бөлігі клиенттермен кездесуге және электрондық пошта арқылы бүкіләлемдік Microsoft әріптестерімен пікір алмасуға арналған. 10. бас әріптер режімін бекіту үшін қолданылады. 11. Енді Әлия компьютерден басқа байланыс жасай алмайды. 12. Компьютер сатып алмастан бұрын, не үшін пайдаланатыныңызды шешіп алыңыз.
№ 15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1 Ұлттық валюта қай жылы айналымға енгізілді?
2 Ең алғаш ұлттық валюта қай формада басылып шықты?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б.
2 Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.
3 Манабаева А. Ш. Кәсіпкер мәдениетіндегі іскерлік қарым-қатынастың маңызы - // ҚарМУ хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №1. - Б. 42-46.
4 Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этика
5 Мукашева Г.Г. Сборник упражнений по развитию навыков диалогической речи для студентов казахских групп неязыковых факультетов. Семипалатинск., 2002. 100 б.
6 Мухамадиева Н. Қ. Іскерлік қазақ тілі: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2007.
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА) қарастырылмаған.
5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:
Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Өздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.
Әдістемелік нұсқау: СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.
Студенттің өздік жұмысының тақырыптары:
Орыс тілі мен әдебиеті бойынша қалыптасқан терминдер. Психологиялық терминдердің салалық сөздікте түзілуі (Тапсырма түрі: терминдер сөздігін құрастыру – 100 сөз).
Орыс тілі мен әдебиетіндегі ғылыми жаңалықтарға сипаттама беру (Тапсырма түрі: реферат).
Іскерлік дағды қалыптастыруға арналған тілдік құрылымдар (Тапсырма түрі: реферат).
Мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және қазақ және орысша аңдатпа (аннотация) жазу (Тапсырма түрі: ғылыми мақаланың көшірмесі және 2 тілде жазылған аңдатпа).
Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы (Тапсырма түрі: баяндама жасау).
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
№ 1. Тақырыбы: Кәсіптік терминдер
Мақсаты: өз мамандығына қатысты терминдерді меңгерту
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Кәстіптік терминдерді сөздігімен жазу
Терминдерді жаттау
Бақылау түрі: Терминдерді жатқа білу
Әдістемелік нұсқау:
Тақырыпқа байланысты кесте толтыру, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау. Сұхбаттар құрастыру. Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту, мәтіндегі қиын сөйлем, сөздерді талқылау, түсіндіруге бағытталады.
№2. Тақырыбы: Уақыт – алтыннан да қымбат
Мақсаты: Берілген тақырып бойынша шығарма жазу
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Уақытты үнемдеу тақырыбында мәліметтер жинақтау
Шығарма жазу
Бақылау түрі: шығарма
Әдістемелік нұсқау: Өз ойларын жинақтап, мәтін жаза білу дағдысын дамыту. Тақырыпқа байланысты кесте толтыру, жаттығуларды, тапсырмаларды орындау. Сұхбаттар құрастыру. Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту, мәтіндегі қиын сөйлем, сөздерді талқылау, түсіндіруге бағытталады.
№3.Тақырыбы: Жарнама – нарықтың қозғаушы көші.
Мақсаты: Студенттерге жарнама жасаудың заңдылықтарын, қазақ тілінде жарнама жасауға нұсқау
Бақылау түрі: Әңгімелесу.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Жарнама туралы ҚР Заңы
Жарнаманың түрлері мен жазылу үлгісі
Әдістемелік нұсқаулық: Сұхбаттар құрастыру. Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту, мәтіндегі қиын сөйлем, сөздерді талқылау, түсіндіруге бағытталады.
КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 – нұсқа
1 «Дефицит бюджета» деген сөз тіркесінің дұрыс аудармасын тыбыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |