ОқУ – Әдістемелік материалдары



бет1/241
Дата12.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#99708
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   241
Байланысты:
0a8dfcb4-dcef-11e4-b960-f6d299da70eeУММ 2014-2015 казах


ПОӘК 042-18.1.13. / 03 - 2014

№ 2 баспа 11.09.2014 ж.,

№ 1 баспа орнына 18.09.2013 ж.



182 беттің шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дережелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.13./03 – 2014



ПОӘК

«Дене тәрбиесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



№ 2 баспа

11.09.2014 ж.,

№ 1 баспа орнына

18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ»
Барлық мамандықтарға арналған


ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ




Семей


2014


Мазмұны




Глоссарий ....……………………………………………………………….

4



Теориялық бөлім …………………………………………………..………

6



Тәжірибелік сабақтар ................................................................................

9



Білімалушылардың өздік жұмыстары ........................................................

171



  1. ГЛОССАРИЙ

Дене тәрбиесі – жалпы қоғамдағы мәдениеттің бір бөлшегі. Бұл дене шынықтыру арқылы адамның психологиялық және физиологикалық мүмкіндіктерді арттырады, олардың денсаулығын нығайтады, еңбек істеу қабілетін арттырады.

Мәдениет (лат. culture – жасау, тәрбиелеу оқу, жетілу, бағалау) астарында материалдық және рухани құндылықтың мән-мағынасын түсініледі, адам қолымен жасалған және жасалатын әлеуметтік, тарихи тәжірибелік үрдісі және қоғамның дамуының тарихи кезеңін сипаттайды. Дене тәрбиесі бүкіл адамзат баласының мәдениетінің, тәрбиелісінің, білімінің ең басты органикалық бөлшегі болып табылады.

Физикалық жетілу – жеке дара физикалық қабілеттіліктің жоғары даму

деңгейін білдіретін физикалық білімі және тәрбие үрдісі.

Әр бір тарихи дәуірге адам денесінің кемелдігі туралы өзіндік түсінік тән,

осы мінсіз бейнеде адамдардың экономикалық және әлеументтік дамуы және олардың өмірге деген көзқарастары бейнеленеді.

Дене кемелдігіне жетуге жататын көрсеткіштер: денсаулық деңгейі, дене

дайындығы, шығармашылық ғұмыры.



Дене тәрбие – педагогикалық үрдіс педагогикалық ықпал етумен және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде жеке физикалық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Дене тәрбие үрдісінде педагогикалық ықпал ету, сонымен қатар өз бетінше жаттығу кезінде күш салуды, физикалық сапаның жетілуін қарастыру керек, қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету және қоғамдық білімін қалыптастыруға бағыт беру қажет.

Дене тәрбиесі үрдісі кезінде келесідей міндеттер орындалады:


  • сауықтандыру;

  • білім беру.

Дене тәрбиесіннің жүйесі негізделетін жалпы принциптері, төменгідегідей: тұлғаны жан – жақты бірқалыпты жетілдіру принципі, физикалық тәрбиені еңбек және қорғаныс тәжірибесімен ұштастыру арқылы тәрбиелеу принципі, сауықтыру бағытындағы принцип.

Дене дайындығы – ағзаның шыныққандық жағдайын бейнелейді, оттегін тасымалдауын және қанайналымының айналуын қамтамасыз етеді (яғни өкпе, жүрек, тынысалу және жүрек-қантамырлар жүйесін).

Физикалық дамуы – бұл дене тәрбиесінің ықпалымен жетілетін ағзанын жеке дара өмірде даму кезеңіндегі морфологиялық және функционалдық қасиеттерінің өзгеруі және қалыптасуының дене тәрбиесінің заңды үрдісі.

Қалпына келу – бұл ағзада жұмысты тоқтатқанан кейінгі физиологиялық және биохимиялық функциялардың біртіндеп бұрынғы қалпына келу үрдісі.

Дене жаттығуы – бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін оның заңдылықтарына сәйкес арнайы ұйымдастырылған қимыл әрекет.

Шаршау – бұл ұзақ уақыт бойы және қарқынды жұмыс істеу кезінде қалыптасатын және оның тиімділігін төмендететін уақытша пайда болатын функцияналды жағдай.

Гипокинезия – ағзаның ерекше күйі, қозғалыс белсенділігінің аздығынан пайда болады. Кейбір кездерде бұл жағдай гиподинамияға әкеп соғады.

Гиподинамия – қозғалыс гипокинезияның әсерімен ағзада пайда болатын

жағымсыз морфо–функционалдық өзгерістер жиынтығы. Бұл бұлшықеттердегі атрофиялық өзгерістер, жүрек-қантамырларын жүйесінің жалпы дене шынығуы, қимыл–қозғалыс тепе–тендіктің әлсіреуі, су – тұз балансының өзгеруі, қан жүйесінің және т.б.



Арнайы дене дайындығы – бұл физикалық қасиетті тәрбиелеуге, сонымен қатар қимыл-қозғалыс қабілетін дамытуды қамтамасыз етуге, көбінесе белгілі бір спорт түріне немесе кәсіби әрекетке қажеттілігіне бағытталған үрдіс.

Жалпы дене дайындығы (ЖДД) – адамның жан – жақты физикалық дамуына бағыталған физикалық сапаны жетілдіру үрдісі (күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік, ептілік).

Таңертенгі гигиеналық жаттығулар (ТГЖ) – дене шықтырудың ең көп тараған түрі болып табылады. Негізгі қанқалық бұлшық еттерін қамтитын бірқалыпты күш жұмсайтын физикалық жаттығулар жиынтығынан құралған.

Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ) – дененің бөлек бөліктерімен қозғалу, олардың байланысы, әртүрлі жылдамдықта және амплитудада орындалады.

Қалыпқа келтіру жаттығулары – сымбатты қалыптастыратын және оның

кемшіліктердін қалыпқа келтіретін физикалық жаттығу.


ЖОО-дағы дене шынықтыру сабағының мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың қабілетін күнделікті іс-әрекет үрдісінде іске асыру мақсатында студенттердің денсаулығын нығайту. Дене шынықтыру сабағы білімге, тәрбиеге, денсаулықты нығайту мақсаттарына қарастыруға арналған:

Студенттерді спорттық – сауықтыру, денсаулықты нығайту жүйелерін қалыптастыру;



  • салауатты өмір – салтының қажеттілігіне тәрбиелеу;

  • дене шынықтыру шеңберінде қажетті білім және оны тәжірибеде жүзеге асыра білу;

  • болашақ мамандардың қажетті кәсіби деңгейін дене шынықтыру арқылы қалыптастыру;

  • дене шынықтыру амалдарын емдеу және аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту үшін пайдалану;

  • өзін – өзі бақылау және ағзаның функционалды деңгейін өздігінен бағалауға үйрету;

  • дене шынықтыру амалдарын пайдалана отырып өздігінен іс – шаралар ұйымдастыра білу;

  • жанұядағы дене тәрбиесін жолға қоя білу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   241




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет