13 – Апта 25-28. Тандалған спорт түрлерінің тәсілін оқыту мен жетілдіру: а) үстел теннисі: доп бойынша негізгі соққы тәсілі, беру тәсілі, оқу ойыны; Ракетканы ұстау. Ракетканы дұрыс ұстауды меңгеру. Қарапайым жағдайда және жаттығу кездегі негізгі қалыпта ракетканы ұстауды бірнеше рет қайталау. Доппен жонглеру. Доппен және ракеткамен жаттығулар:
- оң (сол) қолмен допты еденге, серіктесіне, қабырғаға лақтырып, оны сол және оң қолмен жоғарыдан және төменнен ұстап алу, бір қолдан екінші қолға допты лақтыру, допты жоғарыға лақтырып екі қолмен, бір қолмен ұстау;
- ракеткамен оң жақтан және сол жақтан допты ұру жаттығу қабырғасының жанынан, үстел қасына қойылған үстел жартысынан немесе жаттығу қабырғасынан – топтамалы (дәлдікке дөп түсу) соққылар, бірреттік соққылар; Оқу ойыны.
Допты беру. Допты берудің домалату және төменгі бұрылыстан сол жақтан допты қабылдау негізінде. Допты беруді қабылдау. Шабыл соққысы және тартылыстан көмегімен жоғарыдан бұрылысты қабылдауды үйрету. Қиылыстан және жазу арқылы допты төменгі бұрылыстан қабылдау.