2 курс 1 тақырып: Дене тәрбиесі сабағынның қауіпсіздік ережесі.
Спорттың әлеуметтік функциялары.
Дене тәрбиесі қоғам өмірінде әлеументтік құбылыс ретінде. Жоғарғы мектеп саласындағы мамандар даярлаудағы дене тәрбиесінің орны, оның кәсіби бағыт – бағдары. Дене тәрбиесінің студенттерге бағыт – бағдарының маңызды ерекшелігі.
2 тақырып: Дене жаттығулармен өз бетінше айналысудың негізгі әдістері. Дене тәрбиесі құралдары арқылы тұлғаның психикалық қасиет мен ерекшеліктерің тәрбиелеу.
Өз бетінше жаттығулардың уәждемесі мен мақсаттылығы. Оңтайлы қозғалыс белсендігі және оның денсаулыққа және жұмысқа қабілеттілігіне әсері. Өз бетінше жаттығулардың формасы мен мазмұны (таңертенгі гигиеналық гимнастика, оқу күні ішінде жаттығулар, өз бетінше шынығу жаттығулары). Өз бетінше жаттығулардың мазмұны.
Өзін – өзі тану негізгі әдістері (өзін – өзі бақылау, өзін – өзі талдау, өзін – өзі бағалау) тұлғаны кәсіби бағыттылық, қоғамдық белсенділікті тәрбиелеу шарттары. Тұлғаның ерекшелігіннің белгісі мен мінезін тәрбиелеу шарттары: еңбексүйгіштік, тәртіптілік. Дара қасиеттерді тәрбиелеу шарттары: интеллектуалды (шығармашылық ойлау, байқампаздық, жадтың өнімділігі, саналылық және т.б.); еріктік (батылдық, табандылық, қайсарлық, мақсаттылық, төзімділік, ұстамдылық); эмоциональдық (эмоциональді тұрақтылық, кішіпейілділік, эстетикалық тәрбие және басқалар). Арнайы қасиеттерді тәрбиелеу шарттары: реакция жылдамдығы, сезім мүшелерінің тұрақтылығы, бұлшық еттердің күш салуын саралау, зейін аудару, зейінің шағырлануы мен тұрақтылығы.
3 тақырып: Болашақ кәсіби мамандарды кәсіби – қолданбалы дене дайындығы. (КҚДД)
Кәсіби – қолданбалы дене дайындығының мақсаты мен міндеттерің анықтау. Әлеуметтік – экономикалық факторлары, КҚДД – ның қажеттілігін, жалпы бағыт – бағдарын айқындаушы. Студенттердің дене тәрбиесі жүйесінде КҚДД орны. ЖОО оқу үрдісінде КҚДД формаларын және құралдары, ұйымдастыруы. Студенттерді мамандықтары бойынша, мамандығы КҚДД – ның нақты мазмұнын айқындайтын факторлар.
Қолданбалы білімді меңгеру, қолданбалы икемділікті және дағдыны қалыптастыру, дене жаттығулары және спортқа назар аудару. Кәсіби – қолданбалы спорт түрлері. Болашақ мамандарға қажетті тұлғаның психологиялық қасиеттерін мен сапаларың тәрбиелеу үшін мүмкіндіктерді пайдалану және күнделікті дене шынықтыру мен спортпен айналысудың тәжірибесі. Спорттық жарыстар спорттың қолданбалы түрлерімен және олардың элементтері КҚДД – ның амалдарының бірі ретінде.