Білім алушылар:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
|
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну
|
11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну
|
2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
|
10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану
|
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау
|
3. Көркем шығармадағы образ
|
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау
|
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету
|
4. Шығарма үзінділерімен жұмыс
|
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
|
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
|
5 . Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу
|
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру
|
11.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру
|
2) анализ және интерпретация:
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1. Әдеби шығарманың композициясы
|
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау
|
11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
|
2. Автор бейнесі
|
10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау
|
11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау
|
3. Көркем шығарманың тілі
|
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау
|
11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау
|
4. Шығармашылық жұмыс
|
10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
|
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
|
5. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар
|
10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау
|
11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау
|