Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет166/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі

12. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10»-сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.





  1. Заттардың бөлшектері

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

1.1 Атомның құрамы мен құрылысы

10.1.1.1 - атом құрылысының заманауи теориясын білу
10.1.1.2 - радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру







  1. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

Білім алушылар орындауы тиіс…

10-сынып

11-сынып
2.1 Периодтық заң және период-тық жүйе
10.2.1.1 - период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
10.2.1.2 - химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;
10.2.1.3 сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау.
10.2.1.4 - 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
10.2.1.5 - алюминий оксиді және гидроксидінің екәдайлы қасиеттерін оқып білу
10.2.1.6 - алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау
10.2.1.7 14 (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерін сипаттау
10.2.1.8 табиғаттағы көміртегі айналымының схемасын құру және оның қосылыстарының қолданылу аймағын атау
10.2.1.9 - иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау
10.2.1.10 - газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.11 атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін атау
10.2.1.12 күкірт қышқылының қолдану аймағын атау
10.2.1.13 - сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру
10.2.1.14 хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
10.2.1.15 - тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;
10.2.1.16 - топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
10.2.1.17 - хлорид-, бромид-, йодид-иондарына сапалық реакцияны білу;
10.2.1.18 - металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.19 - типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу
10.2.1.20 - калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы)
10.2.1.21 - мыс, мырыш қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
10.2.1.22 - хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
10.2.1.23 - темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау;

2.2 Стандартты электрондық потенциалдар


10.2.2.1 - зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;
10.2.2.2 - электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу;
10.2.2.3 - ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру
10.2.2.4 - коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру;
10.2.2.5 - тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюраль;

  1. Химия және қоршаған орта

Білім алушылар орындауы тиіс…




10-сынып

11-сынып

3.1 Жер химиясы

10.3.1.1 - кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу;
10.3.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру;
10.3.1.3 - кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру;
10.3.1.4 - судың кермектілігін және оны жою әдістерін түсіндіру;
10.3.1.5 - Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау;
10.3.1.6 «парникті эффектінің» салдарларын болжау;
10.3.1.7 - азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топырақ және су ресурстарына әсерін анализдеу;
10.3.1.8 - азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
10.3.1.9 - қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.3.1.10 - адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін білу және йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну;

11.3.1.1 - «Жасыл химияның» 12 принципін білу және түсіндіру;



3.2 Көміртек және оның қосылыс-тары




11.3.2.1 - А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар теориясының негізгі қағидаларын білу;
11.3.2.2 - көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;
11.3.2.3 - органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау;
11.3.2.4 - қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;
11.3.2.5 - алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау;
10.3.2.6 алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру;
11.3.2.7 - этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
11.3.2.8- алкендердің сапалық реакциясын білу (қанықпағандық);
11.3.2.9 - бензолды алу реакцияларының теңдеулерін құру;
11.3.2.10 - көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;
11.3.2.11 - шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу;
11.3.2.12 - қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;
11.3.2.13 - көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;
11.3.2.14 - спирттердің алу жолдарын білу;
11.3.2.15- спирттер қолдану аясын атау;
11.3.2.16 - спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу;
11.3.2.17 - карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.3.2.18 - карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.3.2.19 - карбон қышқылдары, сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;
11.3.2.20 - синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;
11.3.2.21- кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;
10.3.2.22 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
11.3.2.23 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау




  1. Химия және өмір

Білім алушылар орындауы тиіс …




10-сынып

11- сынып

4.1 Биохимия




11.4.1.1 - майлардың құрамы мен құрылысын білу;
11.4.1.2 - майлардың функциясын түсіну;
11.4.1.3 - майларға сапалық реакция жасау;
11.4.1.4 - майлардың гидролиз өнімдерін атау;
11.4.1.5 - глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;
11.4.1.6 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;
11.4.1.7 - сахароза гидролизінің реакция өнімдерін атау;
11.4.1.8 - крахмал мен целлюлозаның қасиеттерін салыстыру;
11.4.1.9 - аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау
11.4.1.10 - α – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
11.4.1.11 нәруыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату
11.4.1.12 - нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;
11.4.1.13 - нәруыздардың қызметін білу;
11.4.1.14 - нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;
11.4.1.15- нәруыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау
11.4.1.16 - нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;
11.4.1.17 - ДНК мен РНК биологиялық маңызын түсіндіру
11.4.1.18 - дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;
11.4.1.19 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу

13. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
14. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет