Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Абайтану» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет249/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

2-тарау. «Абайтану» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Абайтану» оқу пәнінің мазмұны

4. «Абайтану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат.

5. «Абайтану» пәні білімінің мазмұны бөлімдерге бөлінген:
1) білу және түсіну
2) талдау және жинақтау
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).
6. «Білу және түсіну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қызметін түсіну;
2) шығарма үзінділерімен жұмыс;
3) шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн;
4) көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі;
5) интерпретация (ауызша және жазбаша).
7. «Талдау және жинақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнын талдау;
2) көркем шығарманың образдар жүйесі, типтік характер;
3) көркем шығарманың тілі, стилі;
4) көркемдік тәсілдер.
8. «Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім;

  2. рухани және көркем-эстетикалық құндылық;

  3. әдеби шығармашылық;

  4. әдеби сын.

9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) білу және түсіну:
көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін айқындау; жекелеген нысандардың, сөз образының идеяны ашудағы рөлін түсіну; мәтіннің өзекті ойын/шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну; шығармадағы объективті идеяны (пәлсапалық трактаттардағы мәнді), көркемдік шешімді айқындау; әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен мазмұн бірлігін талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып интерпретациялау; көркем шығарманы өзге жанрда (әңгіме, мысал, миниатюра) ауызша/жазбаша интерпретациялау;
2) талдау және жинақтау:
әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнын, талдау, (ментальді карта, кластер, тұжырым кестесі нысандарында) жинақтау; көркем шығармадағы образдарды жинақтау мен даралау; шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексика-семантикалық, мәнмәтіндік, образдық, мәнін талдау; шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық идеалды айқындау;
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):
көркем мәтіндегі шығарманың ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; көркем мәтіндегі мәселені мазмұндас туынды үлгілерімен салыстырып бағалау; шығарманың танымдық, көркем-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу.
10. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек», «Жапырағы қуарған ескі үмітпен...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Әзелде жас қартаймақ», «Базарға қарап тұрсам әркім барар», «Тоты құс түсті көбелек», «Сағаттың шықылдағы емес ермек, «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Алла деген сөз жеңіл», «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Болды да партия», «Сәулең болса кеудеңде» өлеңдері;
2) «Бірінші», «Сегізінші», «Он екінші», «Он үшінші», «Он жетінші», «Жиырма екінші», «Жиырма жетінші», «Қырық үшінші» қарасөздері;
3) қосымша оқуға:
Мекемтас Мырзахметұлы «Абайдың «Толық адам» ілімі»;
Ғарифолла Есім «Хәкім Абай»;
Ғарифолла Есім «Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы».
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) оқу және түсіну:
шығарма мәтініндегі жекелеген сөздердің образдық, концептілік мәнін түсіну; көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс; көркем шығармадағы образдар (сөз образдары) мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну, шығарманың өзекті ойын, концепциялық мәнін өмір шындығымен байланыста түсіну; әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен мазмұн тұтастығын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, тұлғатанымдық, психологиялық, заманауи мәселелерді терең түсіну; көркем шығарманың идеялық концепциясын сақтай отырып өзге нысанда (сценарий, мозайка, комикс) интерпретациялау;
2) талдау және жинақтау:
әдеби шығарманың композициялық құрылымы мен идеялық мазмұнына талдау, авторлық ұстанымды айқындау; көркем шығармадағы образдарды жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; қаламгердің даралық стилін (шығарма тілінің лексика-семантикалық, этномәдени, когнитивті мәнін, образдық-эстетикалық өрісін) талдау; шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау; авторлық интенция, идеалды айқындау;
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім):
шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау; шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру; көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Абай және қазақтың төл өнері;
2) Абай және шығыс әдебиеті;
3) «Шығыс ақындарынша», «Жалын мен оттан жаралып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» өлеңдері;
4) Абай және Пушкин;
5) «Амал жоқ, қайттім білдірмей», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Онегиннің сипаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы» өлеңдері;
6) Абай және Лермонтов;
7) «Теректің сыйы», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;
8) «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жүрегім менің − қырық жамау», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма», «Көлеңке басын ұзартып», «Қарашада өмір тұр», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдері;
9) Абайдың ақын шәкірттері (Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия) Абайдың қазақ өлеңіне әкелген жаңалығы;
10) «Бойы бұлғаң», «Жарым жақсы киім киіп», «Бай секілді», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сен мені не етесің» өлеңдері;
11) «Абай дастандарындағы шығыстық сарын», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары;
13. қосымша оқуға:

  1. Мекемтас Мырзахметов «Абай және шығыс»;

  2. Қайым Мұхамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында»;

  3. Қажым Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі»;

  4. Қайым Мұхамедханов «Абайдың ақын шәкірттері»;

  5. Рабиға Сыздықова «Абай шығармаларының тілі».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет