Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу



бет164/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу
пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Ұзақ мерзімді жоспар (төмендетілген оқу жүктемесімен)

1)10-сынып



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

10.1 Атом құрылысы

Атом – күрделі бөлшек.
«Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару

10.1.2.1 «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру
10.1.2.2 табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу

Радиоактивтілік

10.1.2.3 радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру

Энергетикалық деңгейлер. Кванттық сандар және орбитальдар

10.1.3.1 Квант сандарының мәні мен сипаттамасын атау
10.1.3.2 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу

10.1 Элементтер мен олардың қосылыстарының периодты өзгеруі

Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі

Периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
10.2.1.3 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау

10.1 Химиялық байланыс

Ковалентті байланыс.
Ковалентті байланыс қасиеттері

10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру
10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау

Гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3.
№1 зертханалық тәжірибе
«Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) моделін құрастыру»

10.1.4.4 гибридтелу түрінің әртүрлілігінің физикалық мәнін түсіндіру
10.1.4.5 заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру

Электртерістілік және байланыс полярлығы

10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау



Иондық байланыс

10.1.4.7 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну

Металдық байланыс

10.1.4.8 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру

Сутектік байланыс

10.1.4.9 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру

Кристалдық торлар.

10.1.4.10 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау

10.1 Стехио-метрия

Химияның негізгі стехиометриялық заңдары

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің проценттік шығымын есептеу»

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу
10.2.2.2 бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу
10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын процентпен есептеу

2 тоқсан

10.2 Термо-динамикаға кіріспе

Ішкі энергия және энтальпия.
№1 практикалық жұмыс «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау»

10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну;
10.3.1.2 химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;
10.3.1.3 реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу

Гесс заңы және оның салдары.
Есеп шығару
«Гесс заңы және оның салдарын қолдану»

10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу

Энтропия

10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу

10.2 Кинетика

Химиялық реакция жылдамдығы

10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу
10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу

Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері.
Қысымның реакция жылдамдығына әсері.
Есеп шығару
«Әрекеттесуші массалар заңы»

10.3.2.3 қайтымды реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру
10.3.2.4 әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу
10.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру

Температураның реакция жылдамдығына әсері.
№ 2 практикалық жұмыс «Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу».
жылдамдығы

10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;
10.3.2.7 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу
10.3.2.8 «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру

Катализ.
№2 зертханалық тәжірибе «Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу»

10.3.2.9 катализ процесінің мәнін түсіндіру
10.3.2.10 гомогенді және гетерогенді катализді ажырату;
10.3.2.11 катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру

10.2 Химиялық тепе-теңдік

Химиялық тепе-теңдік

10.3.3.1 химиялық тепе-теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі.
№3 зертханалық тәжірибе «Динамикалық тепе-теңдік күйін зерттеу»

10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау
10.3.3.3 не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру;
10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу

Тепе-теңдік константасы.
«Тепе-теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу» тақырыбына есептер шығару

10.3.3.5 берілген реакция үшін тепе-теңдік константасын жазу;
10.3.3.6 тепе-теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау
10.3.3.7 тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару

3-тоқсан

10.3 Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Тотығу-тотықсыздану процесі

10.2.3.1 электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру
10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру

Электрохимиялық потенциалдар қатары

10.2.3.3 «стандартты электродтық потенциал» ұғымын сипаттау

Гальваникалық элементтер. №3 практикалық жұмыс «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру»

10.2.3.4 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;
10.2.3.5 гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;
10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;
10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау

10.3 17-топ элементтері
10.3 топ элементтері 2 (II) группы



Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.4 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру

Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттері

10.2.1.5 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру
10.2.1.6 галогендердің және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау

2 (ІІ)-топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттеріқасиеттері

10.2.1.7 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу

Табиғи карбонаттар

10.2.1.8 табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау

10.3 Органикалық химияға кіріспе

Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы

10.4.2.1 органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну
10.4.2.2 көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату
10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу




Гомологтық қатар.
Алифатты қосылыстардың Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы.
№4 зертханалық тәжірибе «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру»

10.4.2.4 гомологтік қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру;
10.4.2.5 қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша атау




Изомерия түрлері.

10.4.2.6 изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер




Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.
«Жану өнімдері және гомологтық қатарлар бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару

10.4.2.7 әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру
10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау;
10.4.2.9 берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау




Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі.
Галогендеу

10.4.2.10 алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру

4-тоқсан

10.4 Қанықпаған көмірсутектер

Алкендердің құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті.
№5 зертханалық тәжірибе «Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция»

10.4.2.11 «қанықпағандық» терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру
10.4.2.12 - алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу



Алкендердің қосылу реакциялары

10.4.2.13 электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату

Полимеризация.

10.4.2.14 полимерлеу реакциясының физикалық мәнін түсіндіру
10.4.2.15 химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу
10.4.2.16 полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру
10.4.2.17 полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау

Алкадиендер

10.4.2.18 алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылысы негізінде түсіндіру
10.4.2.19 алкиндердің табиғатта таралуын, каучук пен резинаның алынуын зерделеу

Алкиндер

10.4.2.20 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, алкиндердің химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын зерделеу

Мұнай, құрамы, алыну жолдары.
Табиғи газдар және көмір: негізгі өнімдер және оны өндіру жолдары

10.4.2. 21 мұнайды фракциялау процесін және фракциялардың қолдану аясын түсіндіру
10.4.2.22 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру
10.4.2.23 мұнайға серік газдардан маңызды өнімдер алу жолдарын білу

10.4 Галоген-алкандар

Галогеналкандарды алу

10.4.2.31 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;
10.4.2.32 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау




Галогендердің нуклеофильді орынбасу реакциялары

10.4.2.33 нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.34 нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру

10.4 Спирттер

Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері.
№6 зертханалық тәжірибе «Біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу».

10.4.2.24 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу
10.4.2.25 молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру;
10.4.2.26 біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу




Этил спиртін өнеркәсіптік өндіру Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»

10.4.2.27 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.28 этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
10.4.2.29 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерттеу




Фенол, оның құрамы мен қасиеттері

10.4.2.30 фенолдың құрамы мен қасиеттерін білу, пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуы

2) 11-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырып/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаттары

1 тоқсан










11.1 Ароматты қосылыстар қатары

Бензол молекуласының құрылысы.
№1 зертханалық тәжірибе «Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру»

11.4.2.9 бензол молекуласының құрылымын түсіндіру




Бензол және оның гомологтарын алу

11.4.2.10 бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру

Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.

11.4.2.11 бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру
11.4.2.12 органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру
11.4.2.13 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру

11.1 Карбонилді қосы-лыстар

Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы

11.4.2.1 альдегидтер және кетондардың; карбонды қышқылдар функциональды топтарының құрылысын білу;
11.4.2.2 альдегидтер және кетондардың, карбонды қышқылдардың құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау




Альдегидтер және кетондардың алынуы

11.4.2.3 альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру




Альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары.

11.4.2.4 альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру






Карбон қышқылдарының қасиеттері.
№2 зертханалық тәжірибе: «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу»

11.4.2.5 карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру






Этерификация реакциясы.
Күрделі эфирлер және сабын.



11.4.2.6 этерификация реакциясының механизмін сипаттау
11.4.2.7 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау




Майлар. Майлардың құрылысы мен қасиеттері

11.4.2. 8 майлардың құрамы мен құрылысын білу

2-тоқсан

11.2 Аминдер және амин-қышқылдар

Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы.
№3 зертханалық тәжірибе «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру»

11.5.1.1 аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атау
11.5.1.2 аммиак және аминдер құрылымын салыстыру

Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.

11.5.1.3 аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру
11.5.1.4 аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру
11.5.1.5 нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау 11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру

Аминқышқылдар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі
№4 зертханалық тәжірибе «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау»

11.5.1.7 аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау
11.5.1.8 аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау;
11.5.1.9 алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру

Аминқышқылдар қасиеттері.
№5 зертханалық тәжірибе «Аминқышқылдар қасиеттері»

11.5.1.10 аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру
11.5.1.11 аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу

Пептидтік байланыс. Нәруыздың түзілуі

11.5.1.12 -аминқышқылдардан нәруыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіру
11.5.1.13 нәруыздар гидролизнің реакция теңдеуін құрастыру

11.2 Тірі ағза химиясы

Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза

11.5.1.14 глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру




Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы.
№6 зертханалық тәжірибе «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»

11.5.1.15 глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтау
11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру
11.5.1.17 крахмалға сапалық реакция жүргізу
11.5.1.18 сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау
11.5.1.19 крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру




Нәруыздар.
Нәруыз молекулаларының құрылымы

11.5.1.20 өмір үшін нәруыздардың ролін сипаттау;
11.5.1.21 нәруыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату
11.5.1.22 нәруыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау
11.5.1.23 нәруыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау

Полипептидтер құрылымын анықтау.
№1 практикалық жұмыс «Денатурация және нәруыздардың түсті реакциялары»

11.5.1.24 гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау
11.5.1.25 нәруызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;
11.5.1.26 нәруыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау

Ферменттер ролі және қолданылуы

11.5.1.27 «құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру
11.5.1.28 ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру

Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы.
№7 зертханалық тәжірибе «Дезоксирибонуклеин қышқылының моделін жасау»

11.5.1.29 дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылының құрылымы моделін сипаттау
11.5.1.30 дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру

Аденозинтрифосфат және энергия

11.5.1.31 аденозинтрифосфат гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру

Биологиялық маңызды металдар

11.5.1.32 биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің рөлін бағалау

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

11.5.1.33 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау

Ауыр металдардың нәруызға әсері.

11.5.1.34 ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру

11.2 Синтетикалық полимерлер

Жоғары молекулалы қосылыстар

11.4.2.14 «мономер», «құрылымдық» «буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» негізгі ұғымдарын білу




Полимерлену реакциясы
№8 зертханалық тәжірибе
«Полимерлену реакциясы» Поликонденсация реакциялары: полиамидтер мен полиэфирлер

11.4.2.15 полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру, поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру
11.4.2.16 поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну




Пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
№ 2 практикалық жұмыс «Пластмассаларды және талшықтарды тану»

11.4.2.17 полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау
11.4.2.18 пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау
11.4.2.19 қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;
11.4.2.20 полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау

3 тоқсан

11.3 Органикалық синтез

Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар.

11.4.2.33 сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау
11.4.2.34 физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау






Органикалық заттардың генетикалық байланысы.

11.4.2.35 органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау
11.4.2.36 қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау

11.3 14-топ элементтері

14 (ІV)топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі

11.2.1.1 14 (ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру




14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.



11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.2.2.1 параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару




Әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсететін 14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері

11.2.1.3 14 (ІV) топ элементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіру






Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері

11.2.1.5 14 (ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерінің реакция теңдеулерін құру
11.2.1.6 14 (ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдай білу

11.3 Азот және күкірт

Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері

11.2.1.7 азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру

Аммиак және аммоний тұздары.



11.2.1.8 аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін ажырату



Аммиакты өнеркәсіпте алу

11.2.1.10 аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру

Азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы

11.2.1.11 азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру

Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері

11.2.1.12 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау
11.2.1.13 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну

Күкірттісутек және сульфидтер

11.2.1.14 күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру
11.2.1.15 сульфид ионын тәжірибе жүзінде анықтау

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.
Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану.
№1 көрсетілім «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері»

11.2.1.16 атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;
11.2.1.17 тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау
11.2.2.2 тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару




Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі

11.2.1.18 күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру
11.2.1.19 күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіре алу
11.2.1.20 күкірт қышқылының қолданылу аймағын атау
11.2.2.3 олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару

11.3 Қышқыл және негіз ерітінділері

Қышқыл-негіздік теория

11.3.4.1 Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау




Судың иондық көбейтіндісі.
Сутектік көрсеткіш

11.3.4.2 судың иондық көбейтіндісін білу
11.3.4.3 күшті қышқыл және күшті негіздің pHін есептеу




Буферлі ерітінділер

11.3.4.4 буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру
11.3.4.5 буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау

4 тоқсан

11.4 Металдар өндірісі

Металдар және құймаларды алу

11.2.3.1 металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
11.2.3.2 ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
11.2.3.3 шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау




Электролизді өнеркәсіпте қолдану.



11.2.3.4 металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру
11.2.3.5 гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату
11.2.3.6 коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу




Химиялық өндірістің ғылыми принциптері

11.2.3.7 химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау
11.2.3.8 екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу




Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары

11.2.3.9 металлургия өнеркәсібінің экологиялық проблемаларын түсіндіру

11.4 Ауыспалы металдар

Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы

11. 2.1.22 ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу
11.2.1.23 атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
11.2.2.4 орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару




Кешенді қосылыстар.



11.2.2.24 комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттау
11.2.1.25 ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау




Ауыспалы металдардың биологиялық ролі.

11.2.1.26 гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну
11.2.1.27 иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау

11.4 Жаңа заттарды және материалдарды өндіру

Жаңа материалдар

11.4.2.21 жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын білу

Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар

11.4.2.22 аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау
11.4.2.23 физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру

Дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру

11.4.2.24 синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау
11.4.2.25 - дәрілік заттарды өндіру проблемаларын тізімдеу

Нанотехнология.

11.4.2.26 «нанохимия» және «нанотехнология» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
11.4.2.27 нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау
11.4.2.28 нанобөлшектердің қолдану аймағын атау

Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы

11.4.2.29 наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау
11.4.2.30 көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар
11.4.2.31 кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау

11.4 «Жасыл химия»

«Жасыл химияның» 12 принципі.
Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы

11.4.1.1 «Жасыл химияның» 12 принципін атау және оны түсіндіру
11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру

Жердің озон қабатының бұзылуы

11.4.1.3 озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу

Ғаламдық жылыну
Мини- жоба: «Қоршаған ортаны қорғау»

11.4.1.4 «парникті эффектінің» әсерін болжау;
11.4.1.5 «парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;
11.4.1.6 ғаламдық мәселелерді шешудің жолдарын бағалау

Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрінің
2022 жылғы « » .......
№ бұйрығына
102-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет