Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған



бет263/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер
1.Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. Зайырлылық және дінтану негіздері жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Қазақстанның қазіргі саясаты елімізде ұлт, этникалық топтар мен мәдениет арасындағы өзара сыйластық құру, өзара татулықты орнату, рухани, адамгершілік құндылықтарға негізделген қоғамдық жүйе құруға бағытталған.
4. Мемлекет және дін, өркениет және дін, мәдениет және дін қатынастары мен тарихын білу, адамзаттың сан ғасырлық рухани тәжірибесінің көрінісін тану болып табылады.
5. Қазақтың белгілі ойшылдары - әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Бұқар жырау, Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш рухани мұраларында ел тарихындағы діннің рөлі мен оның жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудағы маңызын тарихи сана мен тәжірибе негізінде ашып көрсетті.
6. Курсы оқыту мақсаты:
білім алушыларға гуманистік дүниетанымын қалыптастыра, зайырлылық қағидатын тұрақтылықтың басты факторы ретінде таныстыру.
7. Курсты оқытудың міндеттері:
1) білім алушыларға діннің мәні, дін тарихы және діннің қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде өздігінен үйренуге баулу;
2) зайырлылық ұстанымды мемлекеттіліктің негізі ретінде таныта отырып, ұлт тәуелсіздігінің құндылығын түсіндіру бағытындағы білім қалыптастыру;
3) зайырлылық тұрғысынан діни сенім, діни сана және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;
4) діннің дүниетанымдық, мәдени-өркениеттік және адамшылық мәнін түсіндіру;
5) білім алушыларды адамның діни сенім еркіндігін сыйлау, елдік құндылық болып табылатын ынтымақтастықты құрметтеу, адамгершілікке баулу арқылы ұстаным негізінде бағалау діни ағымды зайырлылық дағдысын қалыптастыру;
6) Қазақстандағы этномәдени, дінаралық қатынастарды зайырлылық ұстанымның ұтымды нәтижесі ретінде танытып, оқушыларды азаматтық мінез, бен жауапкершілік қасиетке тәрбиелеу;
7) ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстаным мен қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретін экстремизм, терроризм, діни радикализм сияқты кесапаттардың теріс идеологияларының қаупін түсіндіріп, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;
8) білім алушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары дін тақырыбындағы материалдарын ақыл-парасат тұрғысынан өзара салыстыра білу және сыни талдау тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;
9) құқықтық және діни сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;
Бағдарламада ұсынылған материалды игеру барысында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Құқық негіздері» сияқты пәндермен пәнаралық байланыс пен сабақтастықты орнату қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет