Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Негізгі орта және жалпы орта білім берудің 9-11 сыныптарына арналған «Абайтану» курсының үлгілік оқу бағдарламасы



бет291/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

Негізгі орта және жалпы орта білім берудің 9-11 сыныптарына арналған «Абайтану» курсының үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Түсінік хат
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы Ұлттық даму жоспарының «Білім беру сапасын арттыру» 3-міндетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының «Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту» 1-міндетін, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының «Патриотизм құндылықтарын дәріптеу» 6-жалпыұлттық басымдығын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 қаңтардағы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ескере отырып, әзірленді.
2.Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
3. Бағдарламада:
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы және қазіргі Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттелу жайы қарастырылды;
ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.
4. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын;
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.
2-тарау. Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері:
Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
4) Абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
Курс жүктемесінің көлемі:
1) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
2) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат;
3) 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет