Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Өзбек әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет73/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

2-тарау. «Өзбек әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Өзбек әдебиеті» пәнінің мазмұны

4. «Өзбек әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. «Өзбек әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

  2. әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

  3. көркем шығармадағы образ;

  4. шығарма үзінділерімен жұмыс;

  5. өзбек әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.

7. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әдеби шығарманың композициясы;

  2. автор бейнесі;

  3. көркем шығарманың тілі;

  4. шығармашылық жұмыс;

  5. өзбек және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.

8. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. тарихи және көркемдік құндылығы;

  2. заманауилығы мен жаңашылдығы;

  3. әдеби эссе;

  4. әдеби сын.

9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдау; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу; өзбек әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу.
10. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Юсуф Хос Ҳожиб. "Қутадғу билиг" еңбегі
2) Аҳмад Югнакий. "Ҳибат ул-ҳақойиқ" еңбегі
3) Аҳмад Яссавий. "Девони ҳикмат" еңбегі
4) Саккокий. Ғазаллари
5) Лутфий. Ғазаллари
6) Алишер Навоий. Ғазаллари. «Хамса» еңбегі
7) Хожа ҳаёти ва ижоди. Ҳикоятлари
8) Бобур. Лирикасы
9) Машраб. Лирикасы
10) Мунис. Лирикасы
11) Увайсий. Лирикасы
12) Огаҳий. Лирикасы
13) Абай. Жырлары
14) Фузулий. «Лайли ва Мажнун» дастаны
15) Шекспир. "Ҳамлет" трагедиясы
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

  1. түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;

  2. анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу; әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу; әлем және өзбек әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

  3. бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Муқимий. Ғазаллари
2) Фурқат. Лирикаси
3) Абдулҳамид Лузумий. Лирикасы
4) Фитрат. Шеърияти. Драмалық еңбегі
5) Абдулла Қодирий. «Ўтган кунлар» романы
6) Абдулҳамид Чўлпон. Шеърияти. «Кеча ва кундуз» романы
7) Ғафур Ғулом. «Ёдгор» қиссасы
8) Миртемир достончилиги
9) Абдулла Қаҳҳор. Қиссалары.
10) Мақсуд Шайхзода. «Жалолиддин Мангуберди" драмасы
11) Пиримқул Қодиров. «Юлдузли тунлар» романы
12) Саида Зунуннова. Лирикасы
13) Эркин Воҳидов «Инсон қасидаси»
14) Абдулла Орипов. «Жаннатга йўл» драмасы
15) Мухтор Авезов. «Абай йўли» эпопеясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет