Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Тарау. «Физика оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру(төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет182/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

3 Тарау. «Физика оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру(төмендетілген оқу жүктемесімен)
Параграф 1. «Физика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен)

18. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 108 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 108 сағатты құрайды.
19. Оқу пәнінің мазмұны 10 бөлімді қамтиды:
1) механика;
2) жылу физикасы;
3) электр және магнетизм;
4) электромагниттік тербелістер;
5) электромагниттік толқындар;
6) оптика;
7) салыстырмалы теорияның элементтері;
8) кванттық физика;
9) нанотехнология және наноматериалдар;
10) космология.
20. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) кинематика;
2) динамика;
3) статика;
4) сақталу заңдары;
5) сұйықтар мен газдардың механикасы.
21. «Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалы-кинетикалық теория негіздері;
2) газ заңдары;
3) термодинамика негіздері;
4) сұйық және қатты денелер.
22. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электростатика;
2) тұрақты ток;
3) әртүрлі ортадағы электр тогы;
4) магнит өрісі;
5) электромагниттік индукция.
23. «Электромагниттік тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) механикалық тербелістер;
2) электромагниттік тербелістер;
3) айнымалы ток.
24. «Электромагниттік толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық қозғалыс;
2) электромагниттік толқындар.
25. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық оптика;
2) геометриялық оптика.
26. «Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі «Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімшесінен тұрады.
27. «Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшесінен тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
28. «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімі «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімшесінен тұрады.
29. «Космология» бөлімі «Космология» бөлімшесінен тұрады.
30. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Кинематика». Қазіргі замандағы физиканың рөлі. Физикалық өлшеулер; физикалық шамалардың қателіктері; өлшеулер нәтижесін өңдеу;
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары; инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар; Галилейдің салыстырмалылық принципі; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы; көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.
№1 Зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
2) «Динамика». Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; абсолют қатты дененің инерция моменті; импульс моменті; импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы; айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
3) «Статика». Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері.
№ 2 Зертханалық жұмыс: бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
4) «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
5) «Сұйықтар мен газдардың механикасы». Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары; Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш; Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы;
№3 Зертханалық жұмыс: тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу;
6) «Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi». Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi; термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер; тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе; температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі; идеал газ; газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
7) «Газ заңдары». Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; изопроцесстер графиктері; Дальтон заңы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару; молекулалық физиканың заңын компьютерлік модельдеу.
8) «Термодинамика негiздерi». Идеал газдың ішкі энергиясы; термодинамикалық жұмыс; жылу мөлшері; жылусыйымдылық; термодинамиканың бiрiншi заңы; термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану; адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі; қайтымды және қайтымсыз процестер; энтропия; термодинамиканың екiншi заңы; айналмалы үдерістер және оның пайдалы әсер коэффициенті; Карно циклі;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
9) «Сұйық және қатты денелер». Қаныққан және қанықпаған бу; ауаның ылғалдылығы; фазалық диаграммалар; үштік нүкте; заттың кризистiк күйi; сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi; жұғу, қылтүтіктік құбылыстар; кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
10) «Электростатика». Электр заряды; зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы; зарядтың сақталу заңы; Кулон заңы; электр өрісі; біртекті және біртекті емес электр өрісі; электр өрісінің кернеулігі; электр өрісінің суперпозиция принципі; электр өрісінің кернеулік векторының ағыны; Гаусс теоремасы; зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы; потенциал; электр өрісінің потенциалдар айырымы; эквипотенциал беттер; біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс; электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер; электрсыйымдылығы; конденсаторлар; конденсаторларды жалғау; электр өрісінің энергиясы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
11) «Тұрақты ток». Электр тогы; тізбек бөлігіне арналған Ом заңы; өткізгіштерді аралас жалғау; ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы; Кирхгоф заңдары; электр тогының жұмысы мен қуаты; Джоуль –Ленц заңы; ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті;
№4 Зертханалық жұмыс: өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену;
№5 Зертханалық жұмыс: ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
12) «Әртүрлі ортадағы электр тогы». Металдардағы электр тогы; асқын өткiзгiштiк; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы; жартылайөткізгішті құралдар; электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы; электролиз заңы; газдардағы электр тогы; вакуумдегi электр тогы; электронды-сәулелік түтікше;
№ 6 Зертханалық жұмыс: шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
13) «Магнит өрісі». Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі, Ампер тәжірибелері; бұрғы ережесі; Ампер күші, сол қолы ережесі; Лоренц күші; магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы; заттың магниттік қасиеттері; кюри температуры;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
14) «Электромагниттiк индукция». Ампер күшінің жұмысы; магнит ағыны; электромагниттiк индукция құбылысы; электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; өздік индукция; индуктивтілік; магнит өрісінің энергиясы; электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы.
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
31. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Механикалық тербелістер». Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері.
2) Электромагниттік тербелістер». Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
Практикалық жұмыстар: мазмұндық есептерді шығару; электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу; тербелмелі контурдың әртүрлі параметрлері үшін электрлік тербелістер кезіндегі кернеудің және ток күшінің, электр және магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу.
3) «Айнымалы ток». Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; айнымалы ток тізбегінде активті және реактивті кедергі; активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы; айнымалы ток тізбегіндегі қуат; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
4) «Толқындық қозғалыс». Серпімді механикалық толқындар; бойлық және тұрғын толқындардың теңдеуі; механикалық толқындардың таралуы; механикалық толқындардың интерференциясы; Гюйгенс принципі; механикалық толқындардың дифракциясы;
№ 1 Зертханалық жұмыс: Ауадағы дыбыстың жылдамдығын анықтау.
«Электромагниттік толқындар».
5) Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылу; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
Практикалық жұмыстар: эксперименттік есептерді шығару; электромагниттiк толқындарды компьютерлік модельдеу және олардың қасиеттерін зерделеу.
6) «Толқындық оптика». Жарықтың электромагниттік табиғаты; жарықтың жылдамдығы; жарықтың дисперсиясы; жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау;
7) «Геометриялық оптика». Гюйгенс принципі; жарықтың шағылу заңы; жазық және сфералық айналар; жарықтың сыну заңы; толық ішкі шағылу; линзалар жүйесінде кескін салу; жұқа линза формуласы; оптикалық құралдар;
№ 3 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі; жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі; көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру.
8) «Салыстырмалы теорияның элементтері».
Салыстырмалы теорияның постулаттары; Лоренц түрлендірулері; энергия; релятивистік динамикадағы импульс және масса; материалдық дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы;
9) «Атомдық және кванттық физика».
Сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; жылулық сәулелену; Стефан –Больцман және Винн заңдары; ультракүлгін апаты; Планк формуласы; фотондар; фотоэффект; электромагниттік сәулелену шкаласы фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; рентгендік сәулелену; жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; альфа бөлшектің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесі; Бор постулаттары; Франк және Герц тәжірибелері; сызықты емес оптика туралы түсінік; лазерлер; бөлшектің толқындық қасиеттері; Бор теориясының қиыншылығы; де Бройль толқындары;
№ 4 Зертханалық жұмыс: сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау;
10) «Атом ядросның физикасы». Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
№ 5 Зертханалық жұмыс: дайын сурет бойынша зарядталған бөлшектердің тректерін оқып үйрену;
11) «Нанотехнология және наноматериалдар».
Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері; наноматериалдар.
12) «Космология».
Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; Күн-Жер байланыстары; жұлдыздардың планеталық жүйелері; Жер топтарындағы планеталар және гигант-планеталар; Күн жүйесіндегі кіші денелер; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; адамзаттың космостық болашағы және космосты игеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет