Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. «Биология» оқу пәнінің мазмұны (төмендетілген оқу жүктемесімен)



бет192/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

1-параграф. «Биология» оқу пәнінің мазмұны (төмендетілген оқу жүктемесімен)

16. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағат;

  1. 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 103 сағат.

17. Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
18. «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі;
2) қоректену:
3) заттардың тасымалдануы;
4) тыныс алу;
5) бөліп шығару;
6) қозғалыс;
7) координация және реттелу.
19. «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көбею;
2) жасушалық айналым;
3) өсу және даму;
4) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары;
5) селекция негіздері;
6) эволюциялық даму.
20. «Ағза мен қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) биосфера, экожүйе, популяция;
2) адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
21. «Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалық биология мен биохимия;
2) жасушалық биология;
3) микробиология және биотехнология;
4) биомедицина және биоинформатика.
22. Биология пәнінің 10-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) «Тірі ағзалардың әртүрлілігі». Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Филогенетикалық шежіре ағашы. Кладограммалар. Түсінік "Соңғы әмбебап жалпы ата тек". Модельдеу "Кладограмма құру". Филогенетикалық картаның әр түрлі формалары. Кладограммалар мен филогенетикалық ағаштардың эволюциялық маңызы.
2) «Қоректену». Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар: рН; температура;
3) «Заттардың тасымалдануы». Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі.
4) Пассивті тасымалдау механизмі: қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.
5) «Тыныс алу». Аденозинүшфосфаттың (АТФ) құрылысы мен қызметі. Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері. Метаболизм түрлері. Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы. Кребс циклі. Электрондық-тасымалдау тізбегі. Биологиялық жүйелер үшін маңызы.
6) «Бөліп шығару». Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер. Әсер ету эффектсі. Гипофункция. Гиперфункция. Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әсерінің себептері. Диализ әдістері: перитонеальды, гемодиализ. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Диализ және бүйрек трансплан-тациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
7) «Қозғалыс». Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин). Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлері.
8) «Координация және реттеу». Жүйке жасушаларының құрылысы. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен. Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс.
9) «Жасушалық цикл». Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер.
Зертханалық жұмыс «Пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау».
10) Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез. Онкологиялық жаңатүзілулердің пайда болуы. Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. Қартаю. Қартаю үрдісі туралы теориялар.
11) «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар.
Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».
13) Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. Хуго де Фризадің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар. Модельдеу "Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу". Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары.
14) «Селекция негіздері». Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. Гибридизация (будандастыру). Полиплоидия. Жасанды мутагенез.
15) «Эволюциялық даму». Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланыс. Тұқымқуалайтын өзгергіштік – эволюция негізі. Комбинативтік өзгергіштік, мутациялар. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Эволюцияның дәлелдемелері. Салыстырмалы-анатомиялық. Эмбриологиялық. Палеонтологиялық. Биогеографиялық. Биохимиялық. Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар.
16) «Молекулалық биология және биохимия». Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері.
17) Липидтердің құрылымдық компонентері. Майлардың құрамы мен қызметтері. Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы;
Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)».
18) Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) құрылысы. Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қызметі. Репликация механизмі. Дезоксирибонуклеин қышқылы. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) молекуласының құрылысы мен қызметтері. Матрицалық рибонуклеин қышқылы. Рибосомалық рибонуклеин қышқылы. Транспорттық рибонуклеин қышқылы.
19) «Жасушалық биология». Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.
Зертханалық жұмыс «Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері».
20) Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.
21) «Биотехнология». Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану. Медициналық диагностикалауда, әкелікті негіздеуде, тұлғаларды дербестендіру медицинасында, гендерді клондауда, дезоксирибонуклеин қышқылы секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы. Гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Гендік инженерияның маңызы. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың оң және теріс тұстары. Гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтары.
22) «Биомедицина және биоинформатика». Биомеханиканы робототехникада қолдану. Инженерлік биомеханика (экзоқаңқа, робототехника). Медициналық биомеханика (протездеу). Эргометриялық биомеханика (оптимизация). Модельдеу «Жердегі тірі ағзалар қозғалысының биомеханикасын зерттеу». Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Модельдеу «Жүректе өтетін электрлік үрдісті зерттеу».
23. Биология пәнінің 11-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) «Қоректену». Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні.
Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу».
2) Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану. Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі.
3) Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.
Зертханалық жұмыс «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу».
4) Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.
5) «Заттардың тасымалдануы». Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі. Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы. Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері. Мембраналық потенциалды сақтаудағы белсенді тасымалдың ролі.
6) «Координация және реттелу». Биологиядағы басқару жүйесі. Биологиядағы «Басқару жүйесі» ұғымы. Басқару жүйесінің негізгі компоненттері. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысалында кері байланыс принципі. Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмі. Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі.
7) «Көбею». Гаметогенез. Адам гаметогенезінің сатылары. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.
8) «Өсу және даму». Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.
9) «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы. Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері.
10) «Адам геномы» жобасы. Адамның геномдық дезоксирибонуклеин қышқылын секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы.
11) «Биосфера, экожүйе, популяция». Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас түрлері. Модельдеу «Қоректік тізбектерде энергияның тасымалдануының сызбасын құрастыру».
Экологиялық жағдайлар мен экологиялық есептер шешу жолдары.
12) Түрлердің алуан түрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау. Жергілікті экожүйедегі ағзалардың саны мен таралуын анықтауда түрлі статистикалық әдістерді қолдану. Жергілікті экожүйенің биоалуантүрлілігін анықтауда кездейсоқ іріктеу әдісінің маңызы;
13) «Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері». Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Модельдеу «Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу». Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.
14) «Молекулярлық биология және биохимия». Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің арнайылығы (белсенді орталығының). Антиген мен антидененің әрекеттесуі. Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Ферментативті катализде белсенді орталықтың ролі. Фишердің теориясы. Ферменттердің иммобилизациясы;
Зертханалық жұмыс «Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу».
15) Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі. Ферменттердің белсенділігін реттеу. Дәрілік препараттар мен ауыр металдар иондарының ферменттердің белсенділігіне әсері.
Зертханалық жұмыс «Активаторлар мен ингибиторлардың ферменттік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу».
16) Транскрипция. Пре-м рибонуклеин қышқылы посттранскрипциялық модификациясы. Трансляцияның кезеңдері. Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы.
17) «Жасушалық биология». Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау.
Зертханалық жұмыс «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау».
18) «Биотехнология». Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері. Қоректік орталардың түрлері және оларды әзірлеу. Қоректік орталарға себу тәсілдері мен техникасы. Инкубация.
Зертханалық жұмыс «Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу».
19) Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері.
Зертханалық жұмыс «Бактерияларды Грамм әдісі бойынша бояу».
20) «Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылы» ұғымы. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылыалу тәсілдері. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы. Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. «Клондау» ұғымы. Ағзаларды клондау тәсілдері. «Микроклоналды көбею» ұғымы. Өсімдіктерді микроклоналды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы. Ферменттердің медицинада, химияда және өнеркәсіпте қолданылуы.
21) «Биомедицина және биоинформатика». Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсер ету ерекшеліктері. «Эпигенетика» ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер. Эпигенетиканың молекулярлық негіздері. Адамдағы эпигенетикалық салдарлар. Эпигенетика және эпигеномика. дезоксирибонуклеин қышқылының метилденуі. «Биоинформатика» ұғымы. Биоинформатиканың құралдарын зерттеулерге қолдану. Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері. Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет