Магистранттың диссертацияда келтірген ғылыми нәтижесінің негізделуі мен нақтылығының, қорытындылауының дұрыстық деңгейі. Бұл жұмыстың нәтижесін, мобильді қосымшаны білім беру мекемелерінде білім алушыларға қолдануға болады.
Зерттеушінің жұмысының мазмұны өзара логикалық бірлікте жүзеге асырылып орындалған. Магистрант жұмысының мазмұнында зерттеудің мақсат, міндеттері нақты анықталып көптеген ғылыми-теориялық әдебиеттерді тиімді пайдалана білген.
Жұмыста қамтылған нәтижелер отандық оқулықтар мен жинақтарда кездеспейді және шынайылық дәрежесі жоғары болып табылады.
Диссертацияда тұжырымдалған магистрант тұжырымы мен қоры-тындыларының, әрбір ғылыми нәтиже (ережесінің) жаңалықтарының дәрежесі. Диссертациялық жұмыста келтірілген негізгі қағидалардың негізінде төмендегідей қорытындылар жасалынған:
1–нәтиже. Білімдік оқу ресурстарын құру мәселелері зерттелген.
2-нәтиже. Үздік білімдік оқу ресурстары мен сұраныстар анықталған.
3-нәтиже. Мобильдік қосымшаларды құруға арналған программалық жабдықтардың теориялық негіздері анықталып талдау жасалған.
4–нәтиже. “Scoorang” мобильді қосымшаның моделі және архитектурасы құрылған.
5–нәтиже. “Scoorang” мобильді қосымшасы құрылған.
Қорытындыда диссертациялық жұмыстағы негізгі нәтижелер сараланған.
Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалауы. Жұмыстың құрылымы қойылған мақсатқа сәйкес келеді. Ғылыми зерттеудің міндеттері қойылған мақсатқа жету үшін қызмет еткен. Диссертация тараулары ғылыми мақсат пен зерттеу міндеттеріне сәйкес түзілген ғылыми негізде орындалған.
Диссертацияның негізгі ережелері, нәтижелері, қорытындылары мен тұжырымдары, жарияланымдарының жеткілікті түрде толықтығын растау. Диссертация тақырыбы бойынша автор 2 мақала жариялаған және жарияланған мақалалар диссертацияның зерттеу нәтижелері және жұмыстың қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес келеді. Алынған нәтижелер республикалық, халықаралық конференцияда, семинарда баяндалып оң бағасын алған.