Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет32/82
Дата31.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#155865
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
Клиникалық-биохимия-Мейірбике-ісі-4-курс

Гемоглобиннің түрлері
Гемоглобиннің түрлік ерекшелігі, оның бірінші реттік құрылысымен анықталады. Адамның өсуімен дамуы кезінде, амин қышқылының құрамына сәйкес физикалық-химиялық қасиеттері әр түрлі болатын гемоглобиннің бірнеше түрі түзіледі. Мысалы: NвР –ұрықтық гемоглобин/ эмбриональды/, HвҒ – фетальды гемоглобин/ жаңа туған нәрестенің гемоглобині/, НвА – қалыпты гемоглобин, яғни ересек кісінің гемоглобины/.
Гемоглобиннің құрамындағы амин қышқылдарының эквивалентті емес алмасуының нәтижесінде аномальды гемоглобиндер түзіледі. Мұндай гемоглобиндер бірінен-бірі тек қана физикалық-химиялық қасиеттері жағынан ғана емес ИЭН, электрофоретикалық қозғалғыштығы, олар биологиялық қызметі жағынан да ерекшеленеді, яғни өздеріне тән биологиялық қызметін атқара алмайды. 30-ға жуық аномальды гемоглобиннің түрі белгілі. HвS, НвС, НвД, НвҒ т.б.
Гемоглобиннің маңызды туындыларының қатарына оксигемоглобин жатады (НвО) Оттек гемоглобиннің геміндегі Fe ионына координациялық байланыс арқылы байланады, Fe екі валентті күйінде қалып, өзінің валенттілігін өзгертпейді. Мұндай гемоглобинді оксигенделген гемоглобин деп атайды.НвО
-тотыққан гемоглобин деп атауға болмайды, ал НвО Нв + О ыдырауын тотықсызданупроцесі деп қарастыруға тағы болмайды. Себебігемнің құрамындағы Fe өзінің валенттілігін өзгертпейді.
Гемоглобин СО, NO сияқты газдармен де өте оңай байланысады.
Мысалы; СО + Нв НвСО.
карбоксигемоглобин.



Гемоглобин





Гемоглобиннің синтезі
Гемоглобиннің синтезі ретикулоциттерде
жүреді.Ретикулоцитте гемоглобиннің алфа,ветта – пептидтік тізбегінен және гемнен түзіледі. Гемнің синтезі глициннен және сукцинил – КоА – дан басталады.

Гемоглобин синтезі үшін темір (темір ионы) керек, темірге нәр беретін заттар — түрлі тағамдар. Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды.
Энзимодиагностика, ферменттік реагенттерді қолданып, қан сарысуындағы, несептегі, асқазан сөліндегі және басқа биологиялық сұйықтықтардағы қалыпты және аномальді заттардың мөлшерін анықтауға негізделінген. Мысалы: миокардтық инфаркт кезінде қандағы аспартатаминотрансферазаның (АСТ), креатинфосфокиназаның (КФК-нің) және лактатдегидрогеназаның (ЛДГ 1, ЛДГ2) активтілігі жоғарылайды.
Энзимотерапия, ферменттерді және ферменттердің әсер етуін реттейтін заттарды дәрі ретінде қолдануға негізделінген. Клиникада ұйыған қанда еріту үшін, қан қысымын төмендету ұшін және жараны, қабыну процесін, кұйікті ісінуді, гематомды, өкпе туберкулезбен ауырғанда пайда болатын коллоидты тыртықты, ас қорыту жолы мен жүрек – қан жолдары ауруларын емдеу үшін нақты ферменттер қолданылады.
Тірі табиғаттың энергия көзі болып күн сәулесі саналады. Табиғаттағы барлық тірі организмдер күн энергиясын қолдану мұмкіншілігіне қарай аутотрофтық және гетеротрофтық организмдерге бөлінеді.Аутотрофты организмдер кұн сәулесінің энергиясын қолданып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді (көмірсуларды, аминқышқылдарын, майқышқылдарын және т.б). Гетеротрофтар энергия көзі ретінде органикалық заттарды қолданылады. Адам организмі ұшін негізгі энергия көзі болып тағамның көмірсуы, майлары, азырақ деңгейде ақуыз саналады. Осы заттар қортылғаннан кейін мономерлер жасушаға енеді. Жасуша ішінде мономерлер (глюкоза, май қышқылдары, аминқышқылдары) ыдыратылып, энергия бөлініп шығарылады.Бөлінген энергия фосфаттардың макроэргиялық байланыстарда жинақталады.
Өздеріне тән катаболизм жолымен моносахаридтер, гликогендік аминқышқылдары, глицерин пируватқа, ал май қышқылдары мен кетогендік аминқышқылдары ацетил-КоА айландырылады. Пируваттың тотығып декарбоксилденуі және Кребс айналымы катаболизмнің жалпы жолына жатады.
Ацетил – КоА Кребс айналымында сегіз ферменттердің (цитратсинтазаның, аконитатгидротазаның, изоцитрат-дегидрогеназаның, альфа-кетоглуторат-дегидрогеназалық жинақтың, сукцинил-КоА-синтетазаның, сукцинат-дегидрогеназаның, фумаразаның, малатдегидрогеназаның) әсерінен катаболизмге үшырайды. Реакциялар нәтижесінде ацетил- КоА-ның бір молекуласынан 3НАДН+Н+, ФАД Н2, АТФ тұзіледі, 2СО2 және КоА-SН бөлініп шығарылады. Тотықсызданған НАД пен ФАД тыныс салу тізбегінің энергия ретінде жұмсалады
8 дәріс
Тақырыбы: Бауыр ауруларының клиникаклық биохимиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет