Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет36/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

Әңгімелесу  тәсілі  бойынша  сабақта  мұғалім  мен  оқушы-
лардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, 
түсіндіріледі.  Мұны,  әсіресе,  эврикалық  әңгімелесуді,  көп 
жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы. 
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы: 
1)  физикалық  заңдар  (Паскаль,  Ньютон  зандары)  түсін-
діріледі; 


 
72 
2)  физикалық  құбылыстардың  (диффузия,  электромагниітік 
индукция) мәні ашылып, көрсетіледі; 
3)  физикалық  ұғымдар  (үдеу,  қуат,  ішкі  энергия)  қалып-
тастырылады; 
4)  оқу  матриалдары  қайталанып,  бекітіледі  (қозғалыс 
мөлшерінің, энергияның сақталу заңдары); 
5)  оқушылардың  алған  білімдері,  ебдейліктері,  дағдылары 
тексеріледі (Архимед күші, динамометрмен өлшеу). 
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар 
тыңдайды,  оқу  жадыхатын  меңгеру  процесіне  өздері  де  қатына-
сады,  демонстрацияланған  құбылыстарды  көріп  бақылайды, 
мұның  нәтижесінде  олардың  сабақтағы  белсенділігі  жоғары 
болады  және  сабақтың  үстінде  бөтен  нәрсемен  айналысуға 
мүмкіндіктері  болмайды.  Бірақ,  бұл  тәсіл  оқушылардың 
практикалық  ебдейліктері  мен  дағдыларын  дамытуға  қажетті 
жағдай туғызбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет