Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет107/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

Үйірме  сабақтарын  ұйымдастыру.  Мұғалім  алдымен  оқу-
шыларды  зерттеп,  олардың  ішінен  физика  мен  техникаға  қызы-
ғушылығы  бар  оқушыларды  алуы  керек.  Мұғалімнің  оқушы-
ларды  алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы  мен қабі-
летіне  сәйкес  үйірме  таңдауына  көмектесуге,  сонан  соң  үйірме 
мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. 
Әр үйірме мүшелерінің саны 12-15-тен артық болмауы тиіс. 
Үйірме  жұмсының  жоспары  мен  мазмұнын  мектеп 
оқушыларының  ынтасымен,  жеке  басының  ерекшелігі  мен  жас 
ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы 
бағытын  мұғалім  алдын  ала  өзі  анықтайды.   Оны  таңдап  алу 
мұғалімнің  көздеген  мақсаты  мен  дайындық  дәрежесінде, 
оқушылардың   тілегіне,  мектеп  талабына,  физика  кабинетінің 
жабдықталуы  жағдайына,  материалдардың  бар-жоғына  және 
бірқатар басқа да факторларға байланысты. 
Үйірме  мүшесіне  берілетін  тапсырма  әрі  оның  шамасы 
жететіндей,  әрі  жеткілікті  дәрежеде  күрделі  болуы  керек.  Аса 
терең  ойлану  мен  шығармашылықты  қажет  ететін  тапсырманы 
орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны 
және  оған  пайдалы  болатыны  ескерілуі  қажет.  Сондықтан  әр 
тапсырма  олар  үшін  жаңа,  сапа  жағынан  олардың  жұмысының 
өсу сатысы болуы тиіс. 
Үйірме  сабағында  газет,  журналдардан  ғылым  мен  техника 
жетістіктері  туралы  қызықты  да  маңызды  мақалдармен   үйірме 
мүшелерін таныстырып отыру пайдалы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет