Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет56/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева
Жүсіпкалиева
Кестелер мен модельдер. 
Кестелер – мұғалімге оқу материалын түсіндіру үшін қажетті 
иллюстративтік  материалдардан  тұрады.  Кестелерді  тақтаға 
салып   көрсету  мүмкін  емес  иллюстративтік  материалдар  сурет-
теледі.  Көп  жылдар  бойы  кестелерді  «Просвещение»  баспасы 
шығарып  келді.  Кестелердегі  материалдар  әр  сыныптың  физика 
курсының бағдарламасына сәйкес жасалынып жинақталынады. 
Таблицаларда  нақты  көрсете  алмайтын  техникалық  құрыл-
ғылардың  бейнесі  көрсетіледі.  Қондырғыларды  сыртқы  бейне-
сімен  қатар,  оның  ішкі  құрылысын  көрсететін  кесінді  түріндегі 
кескіні  де  беріледі.  Кестелер  әртүрлі  авторлармен  жасалады,  
бірақ  аса  көрнекілігімен,  әсерлігімен  және  мазмұндылығымен  
М.А.Ушаковтың кестелері ерекшеленеді. 
Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды деуге болады.  
Оларды  кесте  мазмұнын  көрсете  алатын  басқа  құралдар  ауыс-
тыруда.  Кестелерден  басқа  физика  кабинеттерінде  әртүрлі  мо-
дельдер болады. Кейбір модельдер – заводта жасалған, кейбірі – 
қолдан  жасалынады.  Модельдер  тиісті  бір  аспапты  немесе 
құрылғыны  оқыту  кезінде  көрнекілікті  күшейту  функциясын 
атқарады. Модельдер статикалық (кристаллдық тор моделі) және 
динамикалық немесе кинематикалық (Броундық қозғалыс моделі) 
болып  бөлінеді.  Оқушыларға  өз  беттерімен  (фонтан,  шлюз  т.б.) 
модельдер  жасауға  тапсырма  беріп,  олардың  ізденімпаздық, 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер етуге болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет