Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет72/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева
Жүсіпкалиева
Сұлба 15. 
  
 
 
     
 
 
Қатты дене 
Сұйық 
Газ 
Денелердің көлемдері өзгеруі мүмкін 


 
121 
 
 
 
 
 
Сонымен  сабақтың  «көрнекілік  бейнесін»  қолдану  оқу 
материалын көрнекті және түсінікті етеді. 
Жаңа    материалды  игеру  сабағы  құрылымының  үшінші 
компаненті-іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру.  Бұл 
кезеңде  мұғалім  қарастырылған  оқу  материалын  қорытындылап, 
оқушыларды  оқулық  мәтінімен  жұмыстандырып  ,  сандық  және 
сапалық  есептерді  шығартып,  қысқа  уақыттық  практикалық 
жұмыстар  және  т.б.  ұйымдастырады.  Сабақтың  бұл  кезеңінде 
қандай  әдістер  мен  оқыту  құралдарын  қолдануы  мұғалімнің 
шеберлігіне байланысты. 
Жаңа  білімді  қалыптастыру  сабағының  төртінші  құрамдас 
бөлімі-үй  тапсырмасын  беру.  Үй  тапсырмасы,  оқушының  өз 
бетімен  жұмысы  -  оқу-тәрбие  процесінің  қажетті  бөлігі.  Үй 
тапсырмасын  орындау  оқушыларда  жалпы  оқу  іскерліктерін 
қалыптастырып,  жауапкершіліке,  табандылыққа,  уақытын  және 
өзінің іс-ірекеттерін дұрыс жоспарлауға тәрбиелейді.  Мұғалім үй 
тапсырмаларының  көлемін  ғана  анықтамай,  сипатын  да  ойлас-
тырған жөн. Үй тапсырмасын бергенде оқушылардың қызығушы-
лықтары  мен  олардың  жеке  бастарының  ерекшеліктерін  ескеру 
керек. Үй тапсырмаларын жоспарлауда мұғалім ескеруге тиісті:  
-  оқушылардың  үй  тапсырмасын  орындаудағы  іс-әрекетінің 
түрі мен сипатына сәйкес әр түрлі болуы керек; 
- үй тапсырмасы мүмкіндігінше саралануы керек; 

Үй  тапсырмасының  орындалынуы  міндетті  түрде 
тексерілуі(әр түрлі әдістерді қолданып)керек. 
  Сонымен үйге берілетін тапсырманы жоспарлап, дайындап, 
әзірлеу -физика сабағының құрамдас бөлігі. 
Үй  тапсырмасын  әр  түрлі  түрде  беруге  болады.  Мысалы: 
жаңа  білімді  қалыптастыру  сабағында  үйге  берілетін  тапсырма 
оқулықтағы  параграф  мәтінімен  жұмыс  істеу  болады. 
Оқушыларға үйге мынадай параграф беріледі демей мұғалім сол 
мәтінмен жұмыс ітеудің жоспарын бергені дұрыс. Яғни: 
- параграфтағы мәтіннің жоспарын құру; 
Барлық заттар араларында бос кеңістігі 
бар ұсақ бөлшектерден тұрады 
болжам 


 
122 
-  құрған  жоспар  бойынша  мәтінді  айтып  беру(физикалық 
шама, ұғым, заң туралы); 
- параграф мәтініндегі ең басты ұғымды анықтап, айту; 
- анықтама, формула, қорытындыны жаттау; 
- тақырып бойынша жолдастарыңа қоятын сұрақтарды әзірлеу; 
-  оқу  материалының  құрылымдық  жүйесін  көрсететін 
сұлбаны жасау; 
-  мәтінде  көрсеткен  жағдаяттарға  сәйкес  немесе  формуланы 
қолдануға есептер құрастыру. 
Көрсетілген  тапсырмаларды  беру  сынып  оқушыларының 
білім  деңгейлеріне,  танымдылық  белсенділігіне,  жас  ерекшелік-
теріне,  табандылықтарына  және  т.б.байланысты.  Мәтінмен 
жұмыс істеудің негізі тапсырмалардың әр түрлі болуы. Әр түрлі 
тапсырмалар  оқушылардың  қызығушылығын  тудырып,  өз 
беттерімен еңбектенуге баулиды. 
Физикадан  жаңа  білімді  қалыптастыру  түсіндірмелі-
иллюстративтік әдістен басқа да әдістерді қолдану арқылы (есеп 
шығару,  зертханалық  жұмыстарды  орындату)  жүзеге  асырылуы 
мүмкін. Мысалы: механикалық энергияның сақталу және түрлену 
заңын  беруді  мынадай:  10м/с  жылдамдықпен  вертикаль  жоғары 
лақтырылған  тастың  лақтырылған  жердегі  және  максималь 
көтерілу  биіктігіндегі  энргиясын  анықтап,  салыстырыңыз-деген 
есепті  шығартып,  нәтижесін  талдатудың  негізінде  заңдылықты 
беруге  болады.  Тап  осындай  әдіспен  «салмақсыздық»,  «асқын 
салмақ» ұғымдарын беруге болады. Ол үшін лифтының еденінде 
тұрған  дененің  салмағын  үш  жағдайға  байланысты:    а)  лифт  бір 
қалыпты  қозғалса;  б)  лифт  бір  қалыпты  үдемелі  қозғалса  (а<0, 
а>0);  анықтатып,  нәтижесін  салыстыртып,  қандай  жаңдайда 
дененің  салмағы  ауырлық  күшіне  тең  болатынын,  қандай 
жаңдайда  дененің  салмағы  ауырлық  күшінен  артық  немесе  кем 
болатынын,  қандай  жаңдайда  дененің  салмағы  нөлге  тең 
болатынын  оқушылардың  өздеріне  дәлелдетіп,  «салмақсыздық», 
«асқын салмақ» ұғымдарын беруге болады. 
Білімді қорытындылап  жүйеге келтіру сабағы. 
Физикалық  білімді  қорытындылап,  қайталап  бір  жүйеге 
келтіру  сабағы  тақырыпты  немесе  тарауды  игерудің  соңында 
ұйымдастырылады.  Мақсаты  оқушылардың  белгілі  бір  тақырып 
немесе тарау бойынша білімдерін қорытындылау. Бұл сабақтарда 
оқушылар қарастырылған  тақырып немесе тарау бойынша білім 


 
123 
элементтерін  тұтас,  бір-бірімен  логикалық  байланыстағы  жүйе 
түрінде  көрулері  керек.    Физикалық  білімді  бір  жүйеге  келтіріп 
қайталау  оқушылардың  таным  процесінің  логикасы  мен  білім 
әдіснамасын  көріп  түсінуге  әсер  етеді.  Бұл  сабақтың  тағы  бір 
ерекшелігі  бұрыннан  меңгерілген  оқушылардың  білімдерін 
тереңдете түседі.  
Білімді  қайталап  еске  түсіру әр типті сабақтарда  тақырыпты 
қарастырудың    кез-келген  кезеңдерінде  жүзеге  асыруға  болады. 
Физикалық  білімді  қорытындылап  бір  жүйеге  келтіру  сабағын 
ұйымдастырып  өткізу  әдістемесі  оның  негізінде  не  жатыр  соған 
байланысты  (ұғымдыр  заңдар,  теориялар,  әлемнің  жекелеген 
физикалық бейнесі деңгейінде).   
Мысалы:  Нысанмен  болатын  құбылыстардың  ортақ  немесе 
ерекше  белгілірі  негізінде  «Кинематика»  тарауын  қайталауды 
мына сұлба арқылы көрсетуге болады: 
Сұлба 16. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушылардың  білімдерін  бір  жүйеге  келтіру  физикалық 
шамалар негізінде жүйелендіруге болады. Мысалы:         


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет