Грамматикалық мәлімет
Іс-әрекет, қимыл мен субъект және объект арасындығы қатынастарды білдіретін етістіктің түрі е т і с деп аталады. Қазақ тілінде етістің төрт түрі бар.
З а л о г и глагола выражают возможные отношения между действующим лицом и объектом действия.
Түрлері (типы)
|
жұрнақтары (аффиксы)
|
мысалдар
(примеры)
|
1
|
Өздік етіс
(возвратный)
|
-ын, -ін, -н
|
Ки-ін-ді, жу-ын-ды, тара-н-ды
|
2
|
Ырықсыз етіс
(страдательный)
|
-ыл, -іл, -л
-ын, -ін, -н
|
Ки-іл-ді, тара-л-ды, жу-ыл-ды, әкел-ін-ді
|
3
|
Ортақ етіс
(совместный)
|
-ыс, -іс, -с
|
Жаз-ыс-ты, ойла-с-ты, әкел-іс-ті
|
4
|
Өзгелік етіс (побудитель-ный)
|
-дыр, -дір;
-тыр, - тір;
-ғыз, -гіз; -қыз, -кіз;
-т
|
Жу-ғыз-ды, жаз-дыр-ды, айт-қыз-ды, кел-тір-ді, жүгір-т-ті, жет-кіз-ді, күл-дір-ді, татулас-тыр-ды
|
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Шешім немесе қаулы нені білдіреді? Шешім қалай ресімделеді? Шешімге кімдер қол қояды? Шешім мен қаулы қандай құжаттың құрамдас бөлігі болып табылады? Хаттама деп қандай құжат аталады? Хаттаманы кім жүргізеді? Хаттама қалай ресімделеді? Хаттаманың негізі не болып табылады? Хаттаманың кіріспе бөлімінде нелер көрсетіледі? Хаттаманың негізгі бөлімі қандай мәселелерді қамтиды?
Хаттамалардың отырыс барысын көрсету толықтығына қарай қандай түрлері бар? Хаттамалар қалай жасалады? Хаттамаларды неше жыл сақтайды? Хаттамалар сақтауға қайда жіберіледі?
2-жаттығу. Сөйлемдерден етіс жұрнақтарын тауып, олардың етістің қай түріне жататынын анықтаңыз (Найдите и определите вид залога глаголов).
Шешім қабылданды. Хаттаманың негізі мәтін болып табылады. Күн тәртібіне талқылауға ұсынылған мәселелер қойылады. Күн тәртібінің әрбір тармағы нөмірленеді. Мәселенің мәнін түсіндірді. Хаттама жазысты. Бүгін шығарылған шешім туралы сөйлестік. Ақиқатын айтқызды.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Основная часть протокола состоит из разделов, соответствующих пунктам повестки дня. Текст каждого раздела строится по схеме: СЛУШАЛИ:, ВЫСТУПИЛИ:, ПОСТАНОВИЛИ:. Эти слова пишутся прописными буквами, каждая с новой строчки, после них ставится двоеточие. Они зрительно разбивает текст, облегчая его восприятие. После двоеточия на следующей строке с абзаца пишутся фамилии и инициалы выступавщих и через тире – краткое изложение текста выступления от третьего лица единственного числа. Если имеются тексты или тезисы выступлений, они не записываются в протокол, а через тире после фамилии делается указание: «Текст выступления (сообщения) прилагается». Постановление (решение) указывается в протоколе полностью.
4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс
орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).
Жазылады қаралатын мәселелер, аты жөні талқылауға қатысушылардың, шешімдер ұжымдық қабылданған қысқаша хаттамада. Бірінші хаттаманың барысында жасалады отырыстың нұсқасы. Тәртібімен қатысушылардың алфавит орналасады аты-жөні. Көрсетіледі қатысушылары олардың жиналыстарда көп ғана жалпы саны. Жедел мәжіліс жасалады қысқаша хаттама өткізгенде. Он кемінде жыл хаттамаларды сақтайды.
5-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркеcтерін құрастырыңыз (Составьте словосочетания, используя слова из столбцов).
шешім
алқалық
мәселені
директорлар
күн
алдын ала
құрылымдық
кәсіпорын
талқыланатын
бас
қысқаша
нормативтік
қабылданған
басқару
хаттаманың
қаулы
негізгі
хаттамамен
экономиканы
мүдделерді
тіл
|
қорғау
маман
хаттама
мазмұны
үйрену
мәселелер
дамыту
төраға
тәртібі
құжаттары
қабылдау
талқылау
қызметкерлері
кеңесі
дайындау
танысу
құжат
қаулы
деректемелер
ету
бөлімше
|
Достарыңызбен бөлісу: |