Тест тапсырмалары:
1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта қандай сөз болуы тиіс?
А) ҚАБЫЛДАНСЫН
В) ЖҰМЫС ІСТЕМЕСІН
С) БОСАТЫЛСЫН
D) ЖҰМЫС ІСТЕСІН
Е) ОРЫНДАЛСЫН
2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта кездесетін «ж/қ» белгісінің мағынасын анықтаңыз.
А) жеке құжат
В) жеке құрам
С) жұмысқа қабылдау
D) жұмыс құжаты
Е) жазылған қаулы
3. Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға не қояды?
А) қол
В) бұрыштама
С) мөр
D) белгі
Е) тыныс белгісі
4. Субъективті өткен шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) бұйрық шығарыпсыз
В) бұйрық шығарамын
С) бұйрық шығарды
D) бұйрық шығарған
Е) бұйрық шығарар
5. «Мені жұмысқа алу туралы бұйрық жақында шығып қалар» деген сөйлемнің баяндауышы қай шақта тұр?
А) Субъективті өткен шақ
В) Болжалды келер шақ
С) Нәтижелі өткен шақ
D) Нақты осы шақ
Е) Ауыспалы келер шақ
№23-сабақ
Өтініш
(Заявления)
Жұмысқа қабылдану кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады.
Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы үміткердің тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, біліктілігі мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.
Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы, автордың мекен жайы; құжаттың түрі (өтініш); мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.
Өтініште «кімнен» деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ «Сізден өтініп сұраймын», «алдын ала рахмет айтамын», «соған қоса» және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағаз парағына толтырылады.
Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
жұмысқа қабылдану кезінде – при поступлении на работу
үміткер – кандидат
өтініш – заявление
оның ресми тілегі – его официальная просьба
әрі – и
штатқа тіркеу үшін негіз – основание для зачисления в штат
болып табылады - является
мамандық – профессия
кәсібі – специальность
біліктілігі – квалификация
өзі сұрап отырған қызмет түрі – должность, на которую претендовал работник
көрсетіледі - указываются
төмендегідей деректемелерден тұрады – имеет следующие реквизиты
қабылдаушы (кімге) – адресат (кому)
автордың мекен жайы – место проживания автора
құжаттың түрі – вид документа
мәтіні – текст
өтініш иесінің қолы – подпись составителя
жазылу мерзімі – дата составления
«кімнен» - «от кого»
«кімнен» деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды – не принято писать предлог
«от» (кого)
«Сізден өтініп сұраймын» - «убедительно прошу Вас»
«алдын ала рахмет айтамын» - «заранее признателен»
«соған қоса» - «к сему»
қолданылмайды – не принято употреблять
қалыпты қағаз парағы – стандартный лист бумаги
толтырылады – оформляется
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
(Ответьте на вопросы).
Өтініш кімдердің тарапынан жазылады? Өтініш қалай жасалады? Өтініш сөзінің орыс тіліндегі баламасын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |