Оқу әдістемелік кешен


-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз (По образцу напишите автобиография). ӨМІРБАЯН



бет99/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

7-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз (По образцу напишите автобиография).
ӨМІРБАЯН
Мен, Марат Тағаев Дәулетұлы, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Отбасым бар: жұбайым – Жүнісқызы Тұрағалды, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 172 үй.




8-жаттығу. Переведите на казахский язык.

Автобиография, написал автобиографию, женат, не женат, в данное время работаю в частном фирме, отец – участник Великой Отечественной войны, отец – ветеран труда, мать – пенсионерка, мать – учитель средней школы, жена работает в поликлинике, имею детей, обязан к воинской службе, владею казахским и английским языками, умею работать в Интернете.




9-жаттығу. Переведите на русский язык.

Әскер қатарында болдым, әскер қатарында болған жоқпын, әскер қатарына шақырылдым, әскери міндет өтелген әскери бөлім, әскери құрам, әйелінің аты-жөні, әйелінің тұрмысқа шыққанға дейінгі аты-жөні, екінші рет үйленгенмін, бірінші әйелімнің аты-жөні, ажырасудың себебі, шетелдегі туыстар туралы мәлімет, шетелдегі туыстармен байланыс, қылмыстық іске қатысы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет