Радиоактивтік құбылыста бір ядролар екінші ядроларға түрленіп, сол кезде кейбір бөлшектер шығарылады. Табиғатта орнықсыз изотоптардың табиғи радиоактивтігін және ядролық реакциялар нәтижесінде алынған жасанды радиоактивтікті ажырату керек. Радиоактивті сәулелердің негізгі түрлері α-, β- және γ-сәулелері. Альфа-сәулесі- гелий ядросының ағыны, α-бөлшегінің заряды +2е, массасы 2Не4 ядросының массасымен бірдей. Бұл сәуленің иондаушы мүмкіндігі өте жоғары да, өткіш қабілеттілігі (бір парақ қағазбен тоқтатуға болады) шамалы.
Бета-сәулесі- шапшаң электрондар ағыны, оның α-бөлшегімен салыстырғанда иондаушы қабілеттілігі шамалы (~ 2 дәреже), бірақ өткіш қабілеттілігі α-бөлшегінен басыңқы келеді.
Гамма-сәулесі – қысқа толқынды электромагниттік сәуле, толқын ұзындықтары λ< 10-10 м, негізінде, бөлшектер ағыны (γ-кванттар немесе фотондар), электр және магнит өрістерінде ауытқымайды және иондаушы қабілеттілігі нашарлау, бірақ өткіш қабілеттілігі өте жоғары (қалыңдығы 5 см қорғасыннан өтіп кетеді).
Радиоактивті ыдырау теориясы ядролар бір-бірінен тәуелсіз радиоактивті түрленеді деген болжамға негізделген. Онда аз уақыт мөлшерінде dt ыдырайтын ядролар саны dN, бар ядролар санына N және уақытқа dt пропорционал: ,
λ – берілген радиоактивті затқа тән тұрақты, радиоактивті ыдырау тұрақтысы деп аталады.
Интегралдағаннан кейін радиоактивті ыдырау заңын аламыз , N0 – ыдырамаған ядролардың бастапқы саны, N – t уақыт моментіндегі ыдырамаған ядролар саны. (14.2) заңын былай түсінуге болады: ыдырамаған ядролар саны уақыт бойынша экспоненталық заңмен азаяды.
t уақыт ішінде ыдыраған ядролар саны келесі өрнектен табылады
(5.4)
Бастапқы ядролар саны екі есе азаятын уақытты жартылай ыдырау периоды Т деп атайды, оны келесі шарттан табуға болады ,
осыдан . (5.5)
Радиоактивті ядроның орташа өмір сүру τ уақыты λ және Т шамаларымен байланысты:
. (5.6)
Сонымен, орташа өмір сүру τ уақыты радиоактивті ыдырау тұрақтысына кері шама.
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |