ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей 2015 Алғы сөз



бет1/13
Дата07.10.2019
өлшемі0,79 Mb.
#49324
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
d08d306e-fa83-11e5-9a8c-f6d299da70eeУМКД 3 Вет био преп


ПОӘК 042.18-24.1. 64/02- 2015ж.

№ 1 басылым 11.09.2015ж.,

Бет -




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042.18-24.1. 64/02- 2015ж.

ПОӘК

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Баспа №

11.09.2015ж






ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған



«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Семей


2015

Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН



Құрастырушылар: Біләлов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы

Муратбаев Д.М., ветеринария ғылымдарының магистрі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы

28.08. 2015 ж.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында

28.08. 2015 жыл, № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов

2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 09 » 09 2015 жыл, № 1 хаттама

Төрайымы Г.Джаманова


3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

« 11 » 09 2015 жыл, № 1хаттама

ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ
Мазмұны
1.ГЛОССАРИЙ

2.ДӘРІСТЕР

3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

4. БІЛІМ АЛУШЫЛЫАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

1.ГЛОССАРИЙ

Терминдер мен анықтамалар

      биологиялық препараттар - инфекциялық, паразитарлық аурулар мен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукариот жасушаларын өсiру, жануарлар мен өсiмдiктер (аллергендер) биологиялық тiндерiнен заттарды алу, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридомды технологияны енгiзу, эмбриондардағы тiрi агенттердi немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрiлiк препараттар. Оларға аллергендер, антигендер, вакциналар (анатоксиндер), цитокиндер, бактериялық шығу тегi бар иммуномодуляторлар және органдар мен талшықтар негiзiнде жасалғандар, қан мен плазмадан алынған препараттар, сарысулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондар жатады;

      бастапқы орам - жануарларға арналған дәрiлiк заттармен тiкелей қатынаста болатын орам;

      гомеопатикалық дәрiлiк заттар - өсiмдiктен, жануарлардан, минералдан алынатын заттардың өте аз мөлшерiн қамтитын, дәстүрлi емес емдеу әдiстерi кезiнде гомеопатикалық ережелер бойынша қолданылатын, арнайы технология бойынша дайындалған немесе шығарылған бiр немесе көп компоненттi дәрiлiк заттар;

      диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйiн диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдердi, олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн және басқа да биологиялық объектiлердi индикациялау мен бiрдейлендiруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;

      дәрiлiк препарат - белгiлi бiр дәрiлiк нысандағы дәрiлiк зат;

      балк - дәрiлiк зат өнiмi - түпкi ораудан басқа, дәрiлiк препаратты дайындаудың технологиялық процесiнiң барлық сатыларынан өткен мөлшерленген дәрiлiк зат;

      дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың, оларды шығару және пайдалану процестерiнiң қауiпсiздiгi - жануарлар өмiрiне, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру мүмкiндiгiне байланысты жол берiлмейтiн тәуекелдiң болмауы;

      қайталама орау - бастапқы орам салынатын орам;

      дәрiлiк заттар - аурулардың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйi мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық белсендi заттарды қамтитын құралдар: дәрiлiк зат, дәрiлiк субстанция, табиғи тектес дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк ангро - балк өнiмдерi, дәрiлiк препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Оның iшiнде дератизациялық, паразитке қарсы, дезинфекциялық репелленттер және ауруларды диагностикалау, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын басқа да ветеринарлық заттар;

      дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды жою - қолдануға және (немесе) одан әрi қайта өңдеуге жарамсыз дәрiлiк заттарға оның пайдаланылуы мен оған адам мен жануарлардың жақындауын болдырмайтындай әсер ету;

      дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың айналымы - қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды әзiрлеушiден және (немесе) өндiрушiден тұтынушыға жеткiзу процесiнде жүзеге асырылатын қызмет;

      тiркеу деректерi - жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тiркеудiң орындылығы (орынсыздығы) туралы шешiм қабылдауға қажеттi белгiленген құрылым мен мазмұндағы құжаттар мен материалдардың кешенi;

      қайта шығарылған дәрiлiк зат (генерик) - құрамы мен сапа көрсеткiштерi, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi бойынша түпнұсқалы дәрiлiк затқа ұқсас және түпнұсқалы дәрiлiк затқа арналған қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн айналымға келiп түскен дәрiлiк зат;

      контаминация - жануарлардан алынған өнiмдердiң қауiпсiздiгi мен сапасына әсер ететiн биологиялық, химиялық агенттермен немесе бөгде заттармен ластануы;

      жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды тiркеу - Тiркеу куәлiгiн берумен және жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты Жануарларға арналған ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзумен аяқталатын, жануарларға арналған дәрiлiк заттарды тiркеу деректерiнде қамтылған оның қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi туралы, сондай-ақ оны өндiру және сапасын бақылау шарттары туралы деректердi бағалау мен ресми бекiту жолымен айналымға жiберу рәсiмi;

      жалған дәрiлiк зат - құрамы, қасиеттерi және басқа да сипаттамалары бойынша дайындаушының түпнұсқасына немесе қайта шығарылған дәрiлiк затқа (генерикке) сәйкес келмейтiн, жасанды заттаңбамен қасақана жарақталған дәрiлiк зат;

      штамм - түрдiң басқа өкiлдерiнен ерекшеленетiн және ұзақ сақтау мерзiмi бойы өз сипаттамасын сақтайтын белгiлi бiр көзден бөлiнген микроорганизмнiң таза дақылы.



Анатоксин (токсоид) (гр. ana – сыз, сіз, емес, қосымшасы, гр. toxіkon – у) – формалинмен ұзақ әсер етудің нәтижесінде улылығын жоғалтқан, бірақ иммундық және антигендік қасиеттері сақталған бактериялық экзотоксин.

Токсойд – активті иммунопрофилактика алу мақсатында қолданылады. Токсиннің инактивациясы ұзақ уақыт бойы формалиннін ерітілген ерітіндісінде ұсталғанда өнделеді. Анатоксиндерді жұқпалы аурулардың алдың алу мақсатында пайдаланады.



Антигендер (грекше anti — қарсы, genus — туыс) генетикалық бөгде хабарлардың барлық белгілері болатын және организмге ентізгенде ерекше иммунологиялық реакциялар туғызатын заттар. "Антиген" деген терминді 1899 жылы венгер зерттеушісі Ладислау ДьйЧ ұсынды. Антигендер молекулалық массасы жоғары (10 қДа-дан кем емес) заттар.

Микробтар антигендері. Микроб клеткасында әр түрлі антигендер капсула, талшық және соматикалық түрде кездеседі. Олардың қүрамы, касиеті және әсері жөнінде бір-бірінен айырмашылғы бар. Мысалы капсулалық антигендер — полисахаридтер не полипептидтер (сібір жарасының қоздыргышы); талшық антигені — белок флагеллин соматикалық полисахаридтерден, полипептидтерден және липидтерден құралган комплекс.

Туа бітксн антигендер әр түрлі жануарлардың өкілдерін иммунологиялық реакпиялардың көмегімен бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Антигендердің туа біткен қаситтері тергеу ісінде каны аркылы иесін аныктау үшін қолданылады. Мал дәрігерлік экспертизасында туа біткен антигендерге карсы бағытталган антиденелсрі бар қан сарысулары күдікке алынған еттер мен ет өнімдерінің қандай жануарлардан өндірілгенін аныктау жүмысында қодданылады.

Топтық антигендер (изоантигендер) — индивидуумдардың түр аралык айырмашыльгқтарына жауапты генетикалық маркерлер (мысалы, эритроциттердің топтықантигендері, трансплантациялық антитендер). Қан құю агзалар мен үлпаларды бір организмнен екіншісіне жамау операииялары екі индивидуумның изоантигендерінің ұқсастыгын қажет етеді.

Ағзалық антигендер. Оларга иммундық жүйеден гистоген матобарьерлердін көмегімен бөлектенген ағзалардың (мидың, көз жанарының, үрык сүйыгының және т.б) антигендері жатады. Гистогематобарьерлер функцияларының бұзылуы организмнің өз антигендеріне қарсы иммундық жауабын қоздырады. Осы себептен оларды аутоантигендер деп атайды.

Ұрық антигендері. Ұрық организмінде оның ана қүрсагындағы дамуының әр түрлі сатыларыида жаңа антигендер пайда болып отырады. Бүл антигендердің пайда болуы ұрықтың үлпершекті аңзаларының қалыптасуымен байланысты. Мұндай антигендер ана организміндс үрық ағзаларына қарсы бағытталган антиденелердің жасалуына себепкер болады.

Аутоаитигендер. Кейбір жағдайларда организм ұлпаларының белоктары (бүйректің. жүректің дәнекер үлпаларының және т. б.) денатурацияға ұшырап, улы химиялық заттармен немесе микробтардың токсиндерімен қоспа түзейді. Мүндай зақымдалған торшалар өз организмі үшін бөгде антигендер болып табылады. Олар организмді өз ағзаларына (ұлпаларына) қарсы антиденелер жасауға мәжбүр етеді. Бұл жағдай аутоиммунды аурулардын дамуына әкеліп соғады.

Соматикалық антигсндер - грам-тсріс бактсриялардың кабырғасындағы липополисахаридтсрдің бүйірін бойлай орналасып жасушалардың бетіне шығып тұратын полисахаридтсрдің тізбектерін бұл тізбектер іс жүзіндс бактериялардың детерминанталары болып табылады. Кейінгілсрдің ұқсастыктарына карай сальмонсллалар мен эшерихиялар О-топтарға біріктірілген. К-антигендер әдетте соматикалық антигендерді калкандап тұрады, сондыктан О - антигендерді аныктау үшін зерттеуте алынған бактерияларды алдын ала температуралык өндеудсн өткізу ксрек.

Н-антигсндер. Жылжымалы қасиеті бар бактериялардың Н- антигсндері немесе қылша антигсндері болады. Қылшалар ыстыққа төзімсіз белокты кешеннсн құралады. Грам-теріс бактериялардың толык антигендік (формуласы О : Н : К тізбегі турінде жазылады) Мысалы, Е. соіі 0П1:Н2:К4; 055:Н10:К5 және т.б.. Бұл өрнсктер бслгілі бір коздырғыштын тұракты маркерлары болғандыктан эпидемиологиялық жәнс эпизоотологиялык талдау кезінде лабораториялык жағдайда аныкталады. Микроб өсіндісінің антигсндік құрылымын аныктау максатында агглютинирлеуші монорецепторлы диагностикалык кан сарсысуларының жиынтығын қолданылады.

Бактсриялардың экзоөнімдерінің антигендеріне олардың жасушаларының белокты метаболиттері, оның ішінде ең жақсы зсрттелген экзотоксиндер жатады.

Жануарлар антигсндері организмнің жасушалары ұлпаларының жәнс сүйықтыктарының - плазманың, қан сарысуының, лимфаның, сүттің және т.б. құрамында болады.

Түр-тұқымдық антигендер. Әр түрге жататын жануарлардың осы түрге тән антигендсрі болады. Антигендердің түр-тұқымды қасиеттері күдік туғызған ет немесе ет өнімдерінің қандай жануарлардан алынғандығын аныктауға мүмкіндік береді. Дәрігер сараптап бұл мақсатта түр-тұқымдык антигендсргс қарсы антиденелер бар қан сарысуларын қолданылады.

Аллергия. Аллергия (грекше alios — басқаша, ergon — әсер) — организмнің белгілі бір бөгде затқа жоғары сезімталдыгы. Ол әдетте антигенніц денеге екінші рет енуі кезінде өріс алады. "Аллергия" ұғымын 1906 жылы австралиялық ғалым Пирке үсынған болатын.

Аллергиялык реакция-лардың екі түрі белгілі: гиперсезімталдыктың шапшаң түрі (ГШТ) және гиперсезімталдыктың баяу түрі (ГБТ).



Вакцина (лат. vacca сиыр, vaccіnus — сиырдікі)микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Әрбір вакцинаның негізгі әсерінің бастамасы иммуноген болады, яғни ауру қоздырушысының компоненттеріне ұқсас химиялық құрылымдарға ие болатын және иммунитет пайда болуына жауапты корпускулярлы немесе еріген субстанция. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Вакциналар компоненттері. Вакциналар негізін қорғаныштық антигендер құрайды, яғни арнайы иммунды жауап дамуын қамтамасыз ететін бактериальды жасуша немесе вирустың кішігірім бөлшегінен тұрады. Қорғаныштық антигендер ақуыздар, гликопротеидтер, липополисахаридті ақуыздар бола алады. Олар микробты жасушалармен байланысты (көкжөтел таяқшасы, стрептококтар және т.б.), және олармен секрециялануы (бактериальды токсиндер) мүмкін, ал вирустарда вирионның суперкапсидінің беткейлік қабаттарында басым орналасады. Негізгі әрекеттесуші бастамамен қатар, вакцина құрамына басқа да компоненттер - сорбент, консервант, толтырғыш, стабилизатор, арнайы емес қоспалар ене алады.

Тірі вакциналар құрамында әлсізденген тірі микроорганизм (вирус, бактерия) болады, оның вируленттігі жоғалып, иммуногендігі сақталады.

Инактивацияланған немесе өлі вакциналарды микроорганизмге формалин, ацетон, фенол, жылу, УКС, ультрадыбыспен әсер ету арқылы алады. Мұндай вакциналар едәуір тұрақты әрі қауіпсіз болады, себебі вируленттілік реверсиясын тудыра алмайды, практикалық қолданыста ыңғайлы болатыны, олар суықта сақтауды талап етпейді.

Бір инфекцияға қарсы моновакцина, екі инфекцияға қарсы дивакцина деп аталады, ассоциацияланған вакциналар түрлі микроб антигендері мен анатоксиндерінің қоспасы, мысалы АКДС.



Химиялық вакциналар адъювантпен байланысқан микроп клеткаларының антигендік комплектерінен тұрады. Адъювант арқылы вакцина иммуногендігі оғарлайды және антигендік бөлшектер іріленеді. Адьюванттарға алюминий гидроксиді, минералды және органикалық майлар жатады.
Коньюгацияланған вакциналар. 1931 жылы карбогидрат пен бөтен белоктан коньюгат құрастырылды. В типті Haemophilis influenzae –ның капсулалы полисахаридін дифтерия немесе сіреспе анатоксинімен коньюгат жасағанда жедел антиденелер түзілу мен IgM-нің IgG- ге айналуы эксперементальды жануарларда байқалды, коньюгатты вакциналар иммуногендігі жоғары болады.

Суббірлікті вакциналар адекватты иммунды жауап тудыра алатын антиген фрагменттерінен тұрады.
Бактериальды полисахаридті вакциналар. 1881 жылы Л.Пастер бактерияларда ерекше құрылым-капсуланы анықтады. Қазіргі таңда стрептококтар, менингококтар, стафилококтар кіретін инкапсулалы бактериялар туысына жататын Streptococcus pneumaniae, Haemophilis influenzae, Escherichia coli және т.б.-дың көпфункциялы полисахаридті қабықшасы қызығушылық тудырады.

Анатоксиндерге негізделген вакциналар. Кейбір бактериальды инфекциялар қоздырғыштары токсиндер секрециялайтындықтан патогенді болады. Негізгі жетістігі – иммуногендігін сақтай отырып, бұл белоктардың детоксикациясының тәсілдерін табу, негізгі мысалы, дифтерия мен сіреспеге қарсы вакциналар. Ондай вакциналар микроп бөлшектерінен тұрады немесе гендік инженерлік жолмен лабораторияда алынған болады.
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар. 20 ғасырдың биологиялық жаңалығы ДНҚ құрылымын және универсалдығын анықтау болып табылады. 70 –ші жылдары химерлі ДНҚ –лар, ДНҚ сегменттерін клондау, басқа клеткаға енгізу, енгізілген ДНҚ-ның керекті белок өндіруі ойлап табылды. Вирус немесе бактерия геномынан ДНҚ тізбектерінің селективті делециясы, бөтен ДНҚ-ға сегмент ДНҚ-ларды енгізу арқылы реципиент организмде иммунитет тудырып, химерлі енгізілген ДНҚ сегменттеріне жауап беруге арналған зерттеулер жасалды. Осындай аналогиялық ұзын тізбектерді де тірі аттенуирленген вирус немесе бактериальды вакциналар геномына енгізіп, векторда кодталған химерлі ДНҚ ақуыздарын синтездей алады.

Енжар егу дегеніміз ауырып жазылған малдың қан сарысуын немесе гипериммунды қан сарысуын егу және емдеу. Бұл жағдайда мал организміне даяр арнамалы антиденелер енгізіледі, ал белсенді иммундеу кезінде, антиденелерді микроорганизм өзі түзеді.

Гипериммунды қан сарысуы дегеніміз- арнамалы антиденелері бар қан сарысуы. Мұндай қан сарысуы жылқы, өгіз, қой, шошқа егудің арқасында алынады. Егудің нәтижесінде организмде осы антигендерге қарсы антиденелер түзіліп, көбейеді.

Реконвалесценттердің қан сарысуы дегеніміз- ауырып жазылған малдың қан сарысуы. Жұқпалы аурумен ауырған мал қанында антиденелер пайда болады. Бірақ антиденелер мөлшерінің кемдеу болуы мүмкін. Әдетте ұқсас мал қан сарысуы қолданылады.

Ауруға қарсы тұратын енжар иммунитет уыз сүтпен де пайда болуы мүмкін. Кейде ауруға қарсы антиденелер жас төлдерге енелерінің ішегі арқылы да беріледі. Бұл жағдайды – колостралдық иммунитет деп атайды. Иммуноглобулиндердің ең көп мөлшері жас төлдерде туылған соң 5 күн өткенде ғана көбейеді.

Табиғи колостралдық иммунитет жас төлге табиғи түрде ауырып жазылған енесінен беріледі. Ал, жасанды колостралдық иммунитет буаз малды егу нәтижесінде пайда болады. Гамма – глобулиндер. Табиғи ауырған малдың қанында, не егуден соң қанда пайда болған антиденелер(иммуноглобулиндер) қан сарысуының гамма – глобулинді фракциясында ғана болады.

Гипериммундық қан сарысуы мен гамма – глобулин ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданылады.

Гормондар деп қан мен лимфаға немесе қандай да бір қуысқа шығу жолдары арқылы бөлінетін ішкі секрециялық бездер қызметінің өнімдері аталады.

биостимулятор - организмдегі зат алмасу процестерін күшейтуге қолданылатын, мал немесе өсімдік тектес ткандік зат;

      ветеринариялық препарат - малтегі, өсімдік немесе шығу тегі синтетикалық заттар; ауруды алдын алуға, ауруды анықтауға, мал ауруларын емдеуге, олардың өнім беруін арттыруға, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге арналған, және де малдарға парфюмериялық немесе косметикалық заттар ретінде қолданылуға арналған;

Қазақстан Республикасы ветеринариялық препараттарының мемлекеттік реестрі (бұдан әрі - Реестр) - мемлекеттік тіркеуден  (қайта тіркеуден) өткен және Қазақстан Республикасында өндірілуге, импорттауға және қолданылуға рұқсат етілген, ветеринариялық препараттар туралы мәліметтерден тұратын, ветеринария саласында құзырлы органмен басылып шығарылатын тізім;

      1) ветеринариялық препараттың ғылыми-техникалық құжаттамасы (бұдан әрі -ҒҒТҚ) - міндетті тәртіптегі енгізілетін құжаттардың пакеті: ветеринариялық препараттың техникалық тәртібі; қолданудың (пайдаланудың) нұсқауышы; ветеринариялық препаратты дайындаудың және бақылаудың нұсқауышы;

      2) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) - ветеринария саласындағы құзырлы мемлекеттік органмен заңдылықтағы бекітілген тәртіп бойынша, ветеринариялық препараттарды Реестрге енгізу, олардың сараптамасы, апробациясы және тіркеулік (қайта тіркеулік) сынақтарының нәтижесі бойынша тіркеу куәлігінің берілуі;

      3) гормондар - организмнің көптеген өмірлік қызметтеріне реттеуші әсері бар, ішкі секреция бездерімен немесе синтетикалық жолмен алынатын биологиялық белсенді заттар;

      4) антибиотиктер - микроорганизмдерден, өсімдіктерден және жануарлардан бөлінетін, антимикробтық, антипротозойлық және антигельминттік әсері бар химиялық заттар;

      5) ферменттер (энзимдер) - организмде өтетін биохимиялық процестерге каталитикалық әсер етуші биологиялық агенттер;

      6) азық (азықтық заттар, өнімдер) - қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын және азықтандыру кезінде қалыпты физиологиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, жануарлардың денсаулығына зиян әсерін тигізбейтін және олардан сапалы өнім алуға ықпалын тигізетін, олар өндірістік өңдеу жолымен алынғанда тікелей және жанама (кері әсерлі) өнімдерге, микробиологиялық және химиялық жолмен алынғанда жасанды өнімдерге жататын; шығу тегі өсімдік, жануарлар, минералды өнімдердің жиынтығы;

      7) азықтық қоспалар - азықтағы қоректік заттардың сандық және қатынастық деңгейін реттейтін, және де жануарлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуші, қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын азық өнімдерінен тұратын, рационға кіретін кез келген қосымша заттар;

      8) премикстер - рациондарды, құрама азықтарды және белоктық-минералдық концентраттарды толықтыру мақсатында, және де мал ауруларын алдын алуға немесе емдеуге қолданылатын, микроқоспалары және толықтырғыштары қажетті ірілігіне дейін ұсақталып туралған арнайы (спецификалық) аралас заттар;

      9) ветеринариялық препаратты өндірістік бақылау - ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сапасы туралы (паспорт) құжатын толтыру мақсатында, дайындаушы кәсіпорында - өндірістік бақылау бөлімімен (бұдан әрі - ӨББ) жүргізілетін ветеринариялық препаратты зерттеу жұмысы.

Құрамында негізгі заттар мен жіберуге болатын қоспаның мөлшеріне байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:


  • «таза» - ХТ, онда негізгі заттың мөлшері 99 % - дан жоғары, ал қоспаның мөлшері 0,001 – 0,00001 % болуы керек:

  • «анализ үшін таза» - АҮТ, негізгі заттың мөлшері 99 % - дан кем болмауы керек;

  • «таза» - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;

  • «эталонды таза – ЭТ;

  • «ерекше таза» - ЕТ.

Виварий (лат. Vivarium – аңдар қорығы) – малдәрігерлік және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеу мақсатында тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын лабораториялық жануарларды күтіп-бағып және оларды көбейтетін жер.

Лабораториялық тәжірибеде екі ұғым бар:



  1. Виварий – тәжірибеге қолданылатын жануарларды тиісті жағдайда ұстайтын жай;

  2. Питомник – жануарларды тәжірибеге дейін ұстайтын және көбейтетін жай.

Гнобиотикалық жануарлар – арнайы патогенді факторы немесе қоздырғышы жоқ жануарлар. Олар аса маңызды эксперименттерде кеңінен қолданылады.

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №1 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
Тақырыбы: Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарға қатысты заңнамалық қағидалар
Жоспары:

КІРІСПЕ:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет