Компьютерлік желідегі ақпаратты қорғау (тапсырма атауы) Антивирус программалармен жұмыс істеу. Компьютерде орнатылған антивирустық программасымен желідегі компьютерлерді вирусқа тексеріп шыгу.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА (СӨЖ) АРНАЛҒАН НҰСҚАУ Студенттердің өздік жұмыстары ұйымдастырылған оқыту формасы, яғни педагогикалық шарттардың жүйесі, студенттердің оқу қызметін бөгде біреудің көмегінсіз білім мен біліктілікті меңгеруді қамтамасыз ету.
Өздік жұмыс негізгі қызметтерді орындайды:
білімді меңгеруге көмектеседі, болашақ маманның кәсіптік біліктілікті пен дағдыны қалыптастырады;
өздік білімнің қажеттілігін тәрбиелейді, жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық қабілетін максималды дамытады;
ғылыми зерттеу жұмыстарын оятады.
Студенттердің өздік жұмыстарына келесі өздік жұмыстардың түрлері енеді:
тәжірибелік және сарамандық жұмыстарда тапсырмаларды өздігімен орындау;
өздік жұмыстың орындалу графигіне сәйкес оқу материалдарын өңдеу;
рефераттар, баяндамалар жазу;
Студенттердің өздік жұмыстарының жоспарлануы СӨЖ – ді жоспарлау әр пән бойынша барлық тапсырмалар түрлерін орындау уақытына сәйкес жүргізіледі.
СӨЖ графигіне міндетті түрде орындалатын өздік жұмыстар енгізіледі.
Аудиториядан тыс жоспарланған сағат көлемі уақыттың жалпы лимит есебі негізінде анықталады, бірақ оқу аптасының аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмыстарын қосқандағы 54 сағатынан аспау керек.