ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет49/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Диагнозы. Ауруды анықтау үшін малдарды қалай күтіп-бағатынына, немен тамақтандыратынына, ауруды белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге көңіл аудару керек.

Саралау. Бұл ауруды тамақтың жетіспеушілігінен болатын қанның аздығынан, диспепсиядан, гастроэнтериттен, минералды заттардың жетіспеушілігінен болатын аурулардан (әсіресе тамыр тартылу белгісі бойынша), торайлардың ісінбе ауруынан, ас тұзынан уланудан және жұқпалы аурулардан (Ауески) ажырата білу керек.

Емі. Ең әуелі малдардың суық мөлшеріне көңіл аударып, оның ішіндегі зиянды, керегі жоқ деген тағамдарды алып тастау керек. Ауырғанторайлардың қарнының ішін зонд арқылы, ішек қуысын клизма арқылы тазалау керек.

Емшектен шыққан торайларға 8-12 сағаттық ашығу диетасын тағайындау керек. Бірақ суды еркімен беру керек. Іш өткізетін дәрілерді, ішектердегі микрофлораны қалпына келтіретін (АБК,ПАБК), антибиотиктерді(мицерин, микомицин, колимицин, стрептомицин, полимиксан, дибиомицин) қолдану керек.

Емшектен шыққан торайларға сұлының киселін, шөптің тұнбасын, картоп пюресін бере отырып, ақырындап шаруашылықта бар тамақтарға көшірген жөн. Ауырған шошқалардың азық мөлшеріне жақсы концентранттан жасалған быламық, көк сүт, пысырылған тамырлы жемістер, шөп ұны сияқты тағамдарды сұйық тағамдарға араластырып берген жөн.

Сүт беретін аналық шошқалардың азығына натрий селенитін қосу керек. Осы дәріні ауырған торайлрдың терісінің астына, еттің ішіне де жіберуге болады. Тамырдың тартылғанын, қалшылдағанды басу үшін 0,5-0,1 анальгинді немесе 0,1-0,2 люмикальді ауыз қуысы арқылы берген жөн.

Сақтандыру шаралары. Сақтық ең негізгі аналық мал мен торайларға берілетін азық мөлшерінің сапасын қадағалау. Тағамдарда бұзылған, улы, зиянды заттардың болмауын тексеріп отыру керек, ол үшін мал дәрігерлік лабораторияға мал дәрігерінің өзінің көңіліне күдік келтіретін тағамдарды әлсін-әлсін жіберіп, тексеріп отыру керек. Әбден тексеруден өткен тағамдарды ғана азық мөлшеріне енгізген жөн.

(Уша Б.В. Ветеринарная гепатология. М: Колос 1979)

Ауылшаруашылық жануарларындағы гепатологиялық мәселесі клиникалық ветеринарияның өзекті саласы болып табылады. Бауыр зат алмасуда орталық орынды иеленеді. Портальды және жалпы қан айналу шеңберін байланыстырып тұрады. Сондай-ақ, организмдегі барлық өмірлік маңызды үрдістерге тікелей және жанама түрде қатысады. Организмдегі гомостаз динамикасымен бірге ішкі тұрақтылық динамикасын сақтайды. Аурудан арылуда ең белсенділік танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет