Метаплазия (Меtарlаsіа - өзгерту) — Тканнің бір түрінің екінші тектес түріне ауысуы. Мысалы, трахея мен бронхтардың призма тәрізді эпителиінің көп қабатты жайпақ эпителийге ауысуы.
Ваканттық гиперемия – барометрлік қысымның төмендеуі салдарынан қанның едәуір құйылуы, соның әсерінен тамырларды қан кернеп, тамырдың жарылуы және қан ағуы.
Ваканттық гипертрофия – мүшенің негізгі тіндік элементтері семген (трофия) кезінде дәнекер тіннің көбеюі. Мысалы, бұлшық еттегі май және талшықты дәнекер тіннің көбеюі.