ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет58/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org
лаборатория, Алкендер тақырыбына химиядан презентация (11 сынып), 6 атамұра
Қырым татарлары үш этникалық топқа бөлінеді: далалы қырымда – ноғайлар, орталық таулы қырымда – таттар, ал оңтүстік жағалауда – ялыбойлылар.
Қырым татар тілінің шығу кезеңінен бастап, қырым татар әдеби тілінің даму тарихы үш негізгі кезеңге бөлінеді: XIII – XV ғ.ғ. – «ескі (көне) қырым татар тілі» (эски къырымтатар тили) кезеңі; XV және XX ғасырдың бірінші жарты жылдығы – «орта қырым татар тілі (орта къырымтатар тили) кезеңі және XX ғасырдан қазіргі уақытта дейінгі» «жаңа қырым-татар тілі» (янъы къырымтатар тили) кезеңі.
Аталмыш тілдің даму кезеңдерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. «Ескі қырым татар тілінің» дәуірі хазар, печенеж және басқа түркі тайпалары мен рулардың араласуымен қыпшақ тайпаларының негізінде қырым татар халқының қалыптасу кезеңімен байланысты.
Ескі қырым татар тілі Сирия және Мысыр аймақтарында XII-XV ғ.ғ. пайда болған осы ескерткіштің және басқа да қыпшақ жазба ескерткіштерінің тікелей мұрагері болып табылады. Қырым татарлардың ата-бабалары ерте кезеңдердегі Дунай және Солтүстік Кавказдың түркі руналық ескерткіштеріне тікелей қатынасқа ие. Ескі қырым татар тілі қыпшақ тайпалары (половецтік) тілдерінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік элементтерінің негізіндегі қырым татар тілінің пайда болуымен сипатталады.
«Орта қырым-татар тілі» дәуірі Қырым хандығының гүлдену және құлдырау кезеңдерімен байланысты. Көршілес Осман империясымен Қырым хандығының саяси және мәдени жақындасуына байланысты қырым-татар тілі осман тілінің ықпалына түсті, осман тілі сол кезеңде барлық дерлік мемлекеттік қызметтің салаларында, әдебиетте, ғылымда және өнерде жоғары үстемдік сипатқа ие болды. Бұл кезеңде қырым татар және осман тілдері өздеріне көптеген араб және парсы сөздерін сіңіріп алады, нәтижесінде әдеби тіл көпшілік халыққа түсініксіз болып, халықтың ауызекі тілінен алыстай бастады.
Классикалық қырым татар әдебиетінде шығыстық аруз өлең өлшемі үшін араб-парсы сөздері жиі қолданылды. Түрік әдебиеттанушы Рауф Мутулайдың ойынша, осының нәтижесінде түрік және араб-парсы тілін меңгергендерге түсінікті әдеби тіл пайда болды.
Орта қырым татар тілінің кезеңіндегі барлық жазба ескерткіштері араб графикасымен жазылған. XVI-XVIII ғ.ғ. ескерткіштеріне мыналар: Джан Мұзаммедтің «Ислям-Гирейдің Польшаға жорығы туралы», Сеид Мұхаммед Ризаның «Ассаб-ус-сейяр» - «Жеті ғаламшар», «Эль Муһит-уль-бурхани» - «Дәлелдер мұхиты», В.В. Вельяминов-Зерновпен басылған және Петербург университетінің оқытушысы Хұсаин Фаиызхановпен баспаға дайындалған көптеген хандық жазбалар жатады.
Халықтық қырым татар тілінде батырлық шығармалар ( «Чорабатыр»- «Шора батыр», «Кёр огълу» - «Соқырдың баласы»), қоғамдық- тұрмыстық шығармалар («Таир ве Зоре» - «Таир және Зоре»), ертегілер (сиқырлы жануарлар туралы), халық әндері (үйлену тойы туралы, лирикалық, жауынгерлік, күлкілі), аңыздар, мақал-мәтелдер және жаңылпаштар, жұмбақтар, тапқыр сөзбен сөйлеу, тақпақтар пайда болды. Бұл шығармалардың тілі басқа тілдердің кірме сөздерін аз қамтыған, ол жалпы халыққа түсінікті болып келді.
Нәтижесінде Қырым хандығының Осман державасымен саяси және мәдени жақындасуына байланысты жазбаша қырым татар тілі грамматикасы, сонымен қатар сөздік жағынан оңтүстік-түрік тіліне сіңісе түсті, осылайша ол – казіргі кезде осман-түрік тілінен аз ғана ерекшеленеді».
Қырым татар мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Исмаил Гаспралының түркі халықтарын біріктіру мақсатымен барлық түркі халықтары үшін араб және парсы сөздерінен тазарту шартымен осман әдеби тіліне (оның Ыстамбұл диалектісінің негізіне негізделген) бейімделген ортақ түркі әдеби тілін жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырады. XX ғасырдың басында қырым татарларының әдеби қырым татар тілін түсінуін бағалай отыра, А.Н. Самойлович былай деп жазады: « .... өзімнің бақылауым бойынша, ол қырым татарларына арнайы оқытудан кейін ғана түсінікті болатындығын айта аламын. Мұсылман мектебінен өтпеген менің тыңдаушыларым өз ана тіліндегі қарапайым әдеби мәтіндерді оқығанда қиындықтарға тап болды, себебі мәтіндерде күнделікті ауызекі тілге енбеген араб және парсы сөздері болды».
XX ғасырдың басында академик А.Н. Самойлович қырым татар жазушыларына және педагогтарға заманауи әдеби тілді нағыз халықтық бастапқы қалпына келтіріп, ана тіліне жақындастырып, жалпыға қолжетімді ету қажеттігін ұсынды.
1920 жылдары жаңа қырым татар тілінің кезеңі басталады. Ресейдегі Қазан төңкерісінен және кеңес билігінің орнатылуынан кейін ұлттық тіл мәселелері филологиялық тұрғыдан идеологиялық және саяси салаға көшеді. 1928 жылы I бүкілқырымдық ғылыми конференцияда екі негізгі диалектінің (солтүстік және оңтүстік) қайсысын әдеби тіл негізіне қабылдау мәселесі көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет