ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет68/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org
лаборатория, Алкендер тақырыбына химиядан презентация (11 сынып), 6 атамұра
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Башқұрт әдеби тілінің қалыптасу жолдары?
2. Башқұрт, естек этнонимдері бойынша зерттеу жүргіз.
3. Башқұрт әдеби тілінің негізін салушылардың еңбектері
4. Башқұрт тілінің ғылыми тұрғыда зерттелуі.
5. Башқұрт тілінің бүгінгі саяси-әлеуметтік жағдайы

Қырғыз әдеби тілі
Қырғызстан – Орта Азияда орналасқан тәуелсіз ел. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 5,2 миллион адам. Қырғыздар (60,6%), орыстар (15,3%), өзбектер(14,3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Қырғыз тілі шығыс хун тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобына кіреді.

Қырғыздардың шамамен 4 млн. адамның 2,5 млн. Қырғызстанда, ал қалғаны Қытайда, Моңғолияда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда тұрады.


Қырғыз тіліне жақын тіл – алтайлықтар тілі, ол алтай тілі мен қазақ тілі ортасындағы аралық тіл секілді. Қырғыз тілінде моңғол тілінен ауысқан сөз көп те, араб-парсы кірме сөздері аз. Морфологиялық құрылымы жағынан қырғыз тілі жалғамалы (агглютинативті) тілге жатады, солтүстік және оңтүстік диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі солтүстік диалектісі негізінде қалыптасқан, оңтүстік диалектісінде қазақ, өзбек тілдерінің әсері байқалады. Қырғыз тілінің әліпбиі 1928 жылға дейін араб жазуы, кейін латын әліпбиі, 1940 жылдан кирилл әліпбиі негізінде қалыптасқан. Қырғыз халқының шығу тарихына қатысты ғылымда әр түрлі көзқарастар бар. Сібір «Енесей» мен Орта Азия «Тянь-Шань » қырғызы деген екі атауға байланысты әр түрлі пікірлер айтылады.
«Қырғыз» атауының шығуы мен мағынасы туралы «Қырық ру», «Таудағы оғыздар» деген көптеген аңыздар бар. Ертеде, бұдан 2000 жылдан астам уақыт бұрын, Қырғыз ұлтының ата-бабасы Енисей өзенінің жоғарғы аңғарын мекендеген, тарихтан бері Чин, Хан, Уей, Жин, оңтүстік-солтүстік хандықтар, Сүй – Таң, Сұң, Ляу, Юан, Миң, Чиң дәуірлерін көктей өтіп біртіндеп жылжып Тәңірі тауы баурайы мен Памир үстіртіне көшіп келген. Ұзақ тарих көшінде өзге ұлттармен үздіксіз бірігу арқылы біртіндеп дамып бүгінгі қырғыз ұлты қалыптасқан.
VI ғасырдың басында Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпалары бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты құрылды. Осы мемлекеттің құрамында қырғыз ұлтын құраушы тайпалар болды. Қырғыздың қазақтарман тарихи тамыры бір, олар ғасырлар бойы аралас-құралас бірге тұрып келген. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабында былай деп жазады: «XVI ғасырдың ортасында XVIII ғасырдың басында қазақ хандығының құрамына кірген алты ірі саяси бірлестік «Алты алаш» деп аталды. Олар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қырғыздар, қарақалпақтар және құрамалар (Орта Азиядағы жартылай отырықшы қыпшақ рулары). Хандық тарқаған соң, XVIII ғасырдың ортасынан бастап, «Үш алаш» ұғымы үш жүз мәнісінде айтыла бастайды және «Алаш» сөзі қазақтың баламасына айналды».
Х – ХІІ ғасырларда Жетісу мен қырғыз жерінде Қарахан мемлекеті құрылып, өндіргіш күштер жоғары сатыға көтерілді. ХІІІ-ғасырдың бас кезінен қырғыз тайпалары Шыңғысхан империясына, оның ішінде Шағатай ұлысына қарады. ХІV – ХV ғасырларда ел аумағы Моғолстан мемлекетінің құрамына кірді. ХV ғасырдың екінші жартысынан жергілікті қырғыз тайпалары бір орталыққа біріге бастады. ХVІ – ХVІІ ғасырларда қырғыз тайпалары алдымен Моғолстан, кейіннен жоңғар және қазақ хандықтарының құрамына кірді. Әсіресе жоңғар шапқыншылығы қырғыздарды қатты қырғынға ұшыратты. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінен бастап олар Қоқан хандығына бағынышты болды. Қоқан езгісіне қарсы күресте қырғыздар Ресейден көмек алу мақсатында 1814 және 1824 жылдары Батыс Сібір үкімет орындарымен келіссөз жүргізді. 1863 – 76 жылдары Ресейге қосылып, Түркістан генерал-губернаторлығына (1867 – 1917) қарады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында алым-салық күрт көбейіп, халықтың тұрмысы қатты нашарлады. 1916 жылы қара жұмысқа адам алу жөніндегі патша жарлығына сәйкес қырғыздар жаппай көтеріліске шықты. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін елде көп үкіметтілік орнады. Қырғыз зиялылары қазақ зиялыларымен бірлесіп, автономияға қол жеткізуге тырысты.
1917 жылдың аяғы мен 1918 жылдың бас кезінде Кеңес өкіметі жеңіске жетіп, ел сәуір айынан бастап (1918) Түркістан АКСР-інің құрамына кірді. Жергілікті халықтың бір бөлігі – наразы топтар, Кеңес өкіметіне қарсы қарулы жасақтар құрды, ақ гвардияшылармен одақтасты. Бірақ бұл көтерілістерді Қызыл Армия басып тастады. 1924 жылы 14 қазанда РКФСР құрамына кіретін Қара-Қырғыз АО құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет