ОҚУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев


Тақырыбы: Дене мәдениетінің жүйесі



бет3/6
Дата18.02.2017
өлшемі1,2 Mb.
#9795
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Дене мәдениетінің жүйесі


Жоспары:

1. Дене мәдениетінің жүйесі

2. Дене тәрбиесі жүйесі туралы жалпы түсінік.

3. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Дене жаттығуларын пайдаланудың адамдарға әсері педагогикалық ұйымдастыру құбылысы, сон дай-ақ ғылыми тұжырымдарды, басшылыққа алу деңгейіне байланысты. Осы саладағы мақсатты бағыттар дене тәрбиесі деп. аталатын бүтіндей қоғамдық ұйымдарда құрайды. Дене тәрбиесінің әр жүйесі дене тәрбиесінің тиянақты-тарихи Турін бейнелейтіндіктен қойылған мақсатқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі қоғамның басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады.

Жүйенің ең басты қызметі-адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құралды.

Мемлекеттік дене тәрбиесінің идеологиялық бағыттағы қызметін ғана емес, сонымен қатар материалды жағынан қамсыздандыру деңгейін (спорт кешкні құрылысы, он арнайы жабдықтау, кадрларды жүйелі дайындау, төлемді анықтау), ғылыми қызмет етуді, әдістемелік әдебиеттермен жабдықтауды мақсат етеді.

Дене тәрбиесі жүйесі өз даму барысында бай мүмкіндіктерге ие. Ол қоғамның ұйымдастыру саласының бұрышынан кем жатқан жүйе болғандықтан жалпы халықтық болып танылады.

Дене тәрбие жүйесі елдің әр түрлі қоғамдық топтарының ерекшеліктеріне бағытталған өз Алдана дербес қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбие жүйесіжәне әр түрлі қоғамдық мектеб оқушылары дене тәрбиежүйесі т.б.).

Балалар дене тәрбиесі жүйесі -әр түрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым.


Дене тәрбиесі жүйесі туралы жалы түсінік


Дене тәрбие жүйесі “дене мәдениеті”, “спорт”, “дене тәрбиесі” деп аталатын салалардан тұрады. Бұл құбылысты талдаудың әр түрлі бағыттары бар. Дене тәрбиесі “дене мәдениетінің” құрылымына жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік және спорттық бағыттағы дене тәрбиесі деп. аталатын педагогикалық бастр үшбағыттары бойынша кіреді. Атап айтқанда, спорт өзінің педагогикалық жағынан, яғни спорттық дайындық – білім мен тәрбиенің барлық мақсаттарна қызмеи көрсететін дене тәрбиесінің бір саласын құрайды. Қазіргі әдебиеттердегі кездесетін “физикалық рекрециялық” термині белсенді демалысты қамтамасыз ету, жұмыстың басқа түріне кошті орнына келтіру үшін ауысу сияқты дене тәрбиесінің тапсырмаларының бірін айқындайды. Бұл тапсырманың шешімі ұйымдастыру жұмыстарының өзіне тән сан қилылығымен жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі арқылы бейнеленеді.

“Физикалық реаблитация” термині уақытша жоғалған немесе оқыс жағдайлар мен ауру кезінде төмендеген дене қуатын қалпына келтіру дегенді білдіреді. Дене жаттығуларын бұлай пайдаланудың медициналық емдік қасиеті бар. Бұл дене тәрбиесінің үш бағытының құндылығы-біріншіден, дене тәрбиесі жүйесінің тең құқықтылығы, екіншіден, материалды қамтамасыз ету мен жаттығатындар санының әр түрлілігі, үшіншіден, әр бағыттың шарттышекарасы мен олардың ішкі қарым-қатынасы.



Лекция 11

Тақырыбы: Дене тәрбесінің мақсаты мен міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Дене мәдениеті – дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып он пайдаланудағы материалдық және рухани байлық.

Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және адамдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғарғы дәрежеде көрсете білуге жан дүнисін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында жоғары нәтижеге же туге мүмкіндік жасайтын материалдық, әрі рухани байлық.

Атап айтқанда, біріншіден, спорт қоғамның тәрбиелеуші, дайындаушы рөлін атқарады. Екіншіден, спорт материалда, өндірістік қажеттіліктермен тікелей байланысты емес. Үшіншіден, спорт күрделі арнайы дайындықсыз болуы мүмкін емес. Төртіншіден, жоғарғы көрсеткіштер сайыс түрінде ғана салыстыылып, ерекшеленеді. Спорт қызметі жарыстар үстінде ғана анықталады. бұл балалар спортына да қатысты.

Спортта түбегейлі түсідіетін белгілер балалар спортында табылады. Он рнайы дайындықпен жас ерекшеліктері ескерілген мектептен тыс жұмыс ретінде қабылдаймыз. Жасөспірімдер спортты дегеніміз-тек осы жас кезеңін қамтамасыз етеді.

Мектеп спорты жас ерекшелігіне қарай балалар спортсмен сабақтас. Алайда балалар спорты мектепте және мектептен тыс ұйымдастырылса, мектеп спорты тек мектептерде ғана ұйымдастырылады. Спорттың сан алуан белгілері түрлі жарыстық ойындар, мен гимнастикадан және туризм де де кездеседі.

Дене мәдениеті педагогика тұрғысынан алып қарағанда дене тәрбиесі дене мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны жоғарыда айтылады. Педагогіка адамның саяси-әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп. атайды. Дене тәрбиесі – адамның физиолгиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе. Дене тәрбиесінің міндеті адамның дене мәдениетінің өіне лайықты мазмұнын меңгеруі.

Дене тәрбиесінің мақсаты: қоғамдық талап пен оған қызмет көрсету үшін халықтық дене дамытуындағы күткен нәтижесін білдіреді. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғада құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтік талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан-дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың физикалық дамуын қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсат еліміздегі әр адам ның қоғамдық талап пен жеке қызығушылықтарына байланысты.

Дене тәрбиесінің міндеттері: алға қойған мақсаттың шарттарына, сәйкес орындарға қол жеткізге мүмкіншіліктер туғызу. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.

Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының Жан-жақты дамуына рухани және дене қуатының бірлігін береді. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық салака болабола тура өзінің ар найы заңдылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады.

Білім беру міндеттері осы саладағы арнайы білімді меңгеріп,осы қимыл арқылы жүйелі білімді, дене жаттығуларын өзгертіп, оны өмірде түрлі айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолдануды айтамыз.

Лекция 12

Тақырыбы: Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру

Жоспары:


  1. Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі.

  2. Биологиялық және педагогикалық факторларға негізделген қозғалыс.

  3. Қозғалыс қызметінің қалыптасуының неізгі үш шарты.

  4. 6-7 мен 14-16 жастағы балалардың қозғалыс қимылына үйрету.

  5. Қозғалыстың жасалу біліктілігі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Қазіргі талаптарды ескере отырып, мектептегі дене тәрбиесі міндеттерін толық және табысты шешу үшін табиғиортаны және адамның қозғалыс қызметі жағдайларын жақсы зерттеу қажет болады. Осы мәселенің маңызды бөліктерінің бірі – мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларын дамытудың педагогикалық аспектілерін зерттеу. Үйлесімділігі жөнінен күрделі қозғалыстарды адамның орындауы,оларды басқара отырып,бір қозғалыстан екіншісіне ауысуы, қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына сәйкес жаңа қозғалыс қимылдарды жылдам жасау қабілеттілігі – бұлардың бәрі де биологиялық және педагогикалық факторларға негізделген қозғалыс қызметтерінің қасиеттері. Биологилық фактор балалар мен жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты, оның әсері елеулі түрде олардың қозғалыс қызметтеріне әсер етеді. Оның биологиялық дамуына қозғалыс анализаторының жетілуі, алкен жарты шар қабығындағы және жүйке ет аппараттарының жасқа байланысты ерекшеліктері (олардың функционалдық мүмкіншіліктері); биологиялық жағынан кемелденуі (жыныстық жетіліуі); акселеация құбылысы; дененің даму себепкер болады. Биологиялық фактордың барлық бөлшектерін физиологтар, гигиена, морфология саласындағы ғылымдар зерттеуінде; біздер ұстаздар осыларды ескере отырып, олардың көрініс беруіне сай іс-әрекет жасауымыз керек. Алайда қозғалыстың жетілуі қозғалыс қызметінің белсенділігінің тәртібімен де байланысты. Ақырында, қозғалыс қызметінің қалыптастыру мен жетілдіру негізгі шарттарды сақтаған жағдайда ғана педагогикалық әсер ету жолымен және бірнеше шарттан тұрады.

Бірінші шарт – қозғалыс әрекеттерін үйрету. Оқушылардың қозғалыс тәжірибесі көп болван сайын,оларда жаңа қозғалыс қимыл түрлері жылдамырақ қалыптасады. Ақырында негізгі гимнастикалық ойындарын, жүзуді, шаңғымен жүруді, спорттық жаттығуларды Тенгізе отырып оқушыларды кең көлемде бағдарламамен оқыту қозғалыс функцияларының қалыптасуына себепкер болады.

Екінші шарт – дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты жоғары болса, қозғалыс дағдылары да соншалықты табысты, нәтижеліқозғалыс әрекеттері де қалыптасады. 6-7 жастағы балалардың жеке қозғалыс жылдамдығына, иілгіштігіне, икемділігіне, бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 8-10 жастағы балалардың жылдамдығына, икемділігіне, дене бұлшық еттерінің тұрақты күшіне, 10-13 жастағы балалардың күш деңгейінің жылдамдығына, 14-16 жастағылардың ең жоғарғы күш деңгейімен жылдамдығына Назар аудара отырып, барлық дене қасиеттерінің бірқалыпты дамыту қажет.

Үшінші шарт – бұлшық ет күшін жұмсау мен уақыт бойынша жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне үйрету.

Осы шарттарды жүзеге асару мұғалімнің қызметіне байланысты. Қозғалыс әрекеттеріне үйрету барысында педагогикалық әсер етудің барлық шарттары өзара бірігіп іс-әрекет етуді, өйткені қозғалыс функияларының көрсеткіштері қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олардың қайсы бірін елемеу, үйреті барысын кідіртеді, немесе күрделендіруі мүмкін. Дегенмен 3-ші шарттың ерекше орын алатындығын есептен шығаруға болмайды.

Қозғалысты басқару мүмкіндігі туралы айта отырып, И.П. Павлов: адам өз қимылының әрбір сәтін сезбейтін болса, онда оларды басқара да алайды – деп. атаған. Әрине қозғалыс қимылдарына оқушыларды табысты түрде үйретудің табысты шарттарының бірі – қозғалыс анализаторының дауына себепкер болатын және уақыт кеңістік пен бұлшық еттерінің күшжұмсау жәрежесі бойынша орындалатын қозғалыстарды басқару біліктілігімен тығыз байланыстағы қозғалыстарды басқару қабілеттілігі оларда тәрбиелеу керектігі түсінікті. Өкінішке орай бұл шарттар, мектептегі дене тәрбесі сабақтарында үнемі сақтала бермейді.

Сипаты бойынша бір-бірінен шапшаң айырылатын қозғалыстар айырмашылығы аз, ұқсас қозғалыстарда жеңіл есте сақталады. Осы сипаттағы қозғалыс 6-7 жастағы балаларға оңай болады.

Лекция 13

Тақырыбы: Басқару қызметі принциптері мен әдістері.

Жоспары:



  1. Басқару. Мемлекеттік басқару.

  2. Басқарудың негізгі белгілері.

  3. Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Педагогикалық кеңес – бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалықойыныі ұжымдық орталығы. Педагогикалық кеңестің міндеті тұтас педагогикалық процестің сапасын арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру жәнек біріктіру, білім беруді гуманитарландыру, ізгілендіру. Деменк, оқу тәрбие, білім беру ісін қазіргізаманның талабына сәйкес басқару.

Қазіргі кездегі сабаққа қойылатыннегізгі талаптар:



    • сабақ оқытудың ұжымдық, топтық және дара формаларын ұтымды пайдалану және жетілдіру;

    • тәрбие теориясы, мамандыққа бағдарберу, экологиялық тәрбие, экономикалық білім мәселелеррі;

    • педагогикалық озат тәжірибе т.б.

Педагогикалық кеңестің мәслихаттарында басқа да мәселелер қаралады. Олар оқу тәрбие жұмысының жалпы мектеп жоспары, мектеп басшыларының және сынып жетекшілерінің есеп беру баяндамалары, оқу жылының қортындысы, мұғалімдерді аттестациялау т.б.

Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанан ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы апарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қортындысын шығару әрекеті деп. түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі аул, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі ретінде ҚР Білім және Ғылым минстрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін айтамыз. Аорта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компаненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйесі- орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабан жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.



Лекция 14

Тақырыбы: Мектепішілік басқару.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.



Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процесске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процесске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғыдарын жаңа ұғымдар алмастыруда.мысалы, “ықпал ету” ұғымының орнына “өзара әрекеттесу”, “ынтымақтасу”, “рефлексивті басқару” ұғымдары қолданылапды. Сол сияқты мектепті теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теориясы басшы қызметіннің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жадай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепішілік басқару теориясын одан ары байта түскен.

Басқрудың негізгі белгілері. Қазіргі заманның білім жүйесінің бастр ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік- қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы-білім проблемаларын шешуде мемлекетпен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен Турін ұйыдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде біріңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саасына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады.



Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылды. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері Енеүді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеб ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі мектеб кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік норматив тік құжаттармен айқындалады.

Лекция 15

Тақырыбы: Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері.

Жоспары:


  1. Дене жаттығулары.

  2. Дене тәрбиесін ұйымдастыру.

  3. Формалары және құралдары.

  4. Спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Жеке адамды Жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген бастр міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.

Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік – техникалық училище де, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдаланады.

Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру негізгі формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан тыс және мектептен жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған.

Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.

Қазақ халқы мателиалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады. Ойын барысында балалардың қозғалыс ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жадай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Спорттық ойындар нышандары бар ойындар балалар қимыл-қозғалыс ойындарын өз бетінше ұйымдастыра білетін кезде жүргізіледі. Спорттық ойындар нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардан жинақылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын, қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етюді. Мысалы, “Ақ серек, көк серек”, “Соқыр теке” шындап келгенде ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан – байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Ұлттық ойындар көбінесе, логикалық ойлау мен матеметикалық, философиялық ойлауды дамытуға негізделген. Солардың төресі “Тоғыз құмалақ”. Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы қазақтар мекендеген кезде торік заманынан белгілі екенін көсететін деректер де бар.

Сабақта, ертеңгіліктерде, сыныптан тыс шараларда, кештерде пайдаланылатын халық ойындары оқушы зердесіне бұрын қабылданған, бірақ ұмыт болған білімнің жаңғыруына және соны мен бірге бұл білімдердің нақты әрекеттерімен бекітіліп, олардың практикалық өмір сәттерінде қоданылуына жағдапй жасайды.

Лекция 16

Тақырыбы: Орындауын бақылау мен тексеру

Жоспары:



  1. Орындауын бақылау мен бағалаудың, тексеруі туралы жалпы

ұғым.

  1. Бақылау мен есепке алудың мәні.

  2. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.

  3. Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.

  4. Бақылап зерттеуді өткізудің белгілі бір тәртібі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады., педагогикалық процестің тиіпмділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту порцесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижечсінене ықпал ететінін қарастыру қажет.

Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есепателінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тексерубағыттарында да жүргізілуі керек. Осылайша тұтас педагогикалық поцесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағынан қамтылуы керек.

Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келгеноқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім он жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.

Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғаның бастр қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелілік пен дамытушылық қызметтері де тән.

Тәрбиелік жүйені кәсіби ұйымдастырудың құрамында, міндетті түрде, педагогикалық талдау компоненті болу керек, бұл талдау негізінде педагоктар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгілі дәрежеде же місті екенін біле алады,ұйымдастыру шараларын етілдіріп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға байланысты түзетулер негізе алады. Педагогикалық талдау – тәрбиені мәндік элементтерін бағалап талдау. Тәрбие жұмысын бағалаудың объектілігіне тәбиелік критерилерін анықтау арқылы же туге болады.

Бақылап – зерттеуді өткізудің белгілі бір тәртібі бар:



  1. Бақылап-зерттеудің мақсаты, міндеттерін және объектісін

анықтау.

  1. Бақылап-зерттелетін құбылыстың негізгі параметрлерін

анықтау (бақыланатын құбылыстың көріну дәрежесін

қандай параметрлері арқылы анықтауға болады).



  1. Бақылап-зерттеудің кестесін жасау. Ол бақылау объектісінің

саны мен бақылап-зерттеуге бөлінген уақыт мөлшеріне

қарай өзгеріп тұрады.



  1. Бақылап-зерттеудің нәтижесіне талдау жасау (нәтижелер

бақылап-зерттеу кестесінде белгіленеді).

Лекция 17

Тақырыбы: Есепке алу мен есеп беру

Жоспары:

  1. Оқыту процесінде білімді есепке алу.

  2. Есепке алудың маңызы.

  3. Есепке алудың әдістері.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде он дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұңғалім оқушының оқу материалын мегеру жәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыру тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.

Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отара, білім, білік және дағды нәтижесін есепке алу, бақлау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

Оқытуды бағалау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз, мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы. Отандық ғылымда “педагогикалық диагностика” атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодиогностикаға жақындай түседі. Оқыту процес інде қатысты “педагогіка диагностикасы” атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданған орынды. “Бақылау” педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу сияқты дәстүрліатаулармен де қолдануға болады.

Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мене нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту да, дамыту және тәрбие үшін қандай птенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижечсінене ықпал ететінін қарастыру қажет.

Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартна сай білімді мегеру деңгейін анықтау. Слайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Осылайша

Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді есепке алған жөн:


    • оқу бағдарламасы бойыннша тақырыпты және тарауды оқып-үйрену процеінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек;

    • әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қортынды шығарып отыру;

    • оқушылардың үлгерімін орта арифметикалық мәліметтергше сүеніп бағалауға болмайды;

    • оқушыларға байымды толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын жақсы білумен бірге оқу жұмысы жөнінде объективті мәліметтердің болу тиіс. Осы мәліметтерге сүйеніп, мектеб басшысы әрбір мұғалім жұмысының нәтижесін және дәрежесін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет