Әдістемелік негіздер. Дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен формаларын ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесіне тән ғылымшылықкөріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы теорилық ережелер және он іс жүзіне асыру ғылыми негіздеріне арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.