Саналық және белсенділік принципі.
Бұл принциптің мақсаты – дене тәрбиесі процес інде жаттығушылардың сапалы, белсенді және шығармашылық әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Саналық және белсенділік принципі мынадай талаптарды қамтиды.
1. Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауға оқушылардың ынтасын саналы түрде қалыптастыру. Егер оқушы алдына қойған мақсаттың маңызын түсініп, оның міндеттерін орындауға ынта танытса, оқу барысы тезірек, сапалы болады. Жаттығушылар алдында кезекті (жақын) және перпективалық (алыс) миақсаттар спорттық разряд алу, ЕОКД компрексі нормасын орындау, мектептің, ауданның құрама командаларына мише болу. Кезекті мақсаттар: бір күрделі жаттығудың тәсілін меңгеру, кейбір дене қуаты қасиетін дамыту. Оқушылардың денсаулығын күшейтуге, әртүрлі дене қуаты қасиетін дамытуға ұсынылып отырған тапсырманың мәнін, маңызын айқын түсіндіре білу керек.
2. Сабаққа ынталы қатысу. Дене тәрбиесі сабағы кезінде балаларға қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу, жүйелі түрде баға қою, жетістіктерін мадақтау, марапаттау оқушыларды ынталандыра түседі. Үйрету және тәрбиелеу процестері жаттығушылардың білімін, танымын қалыптастырады. Жаңа амалдар, әдістер, қозғалыстың жаңа элементтерін орындау, әр түрлі тәсілдер іздеу оқушыларды қызықтырады, творчестволық белсенділікке ынталандырады.
3. Жаттығушылардың өз әрекетін байқауға, бақылауға қабілетін ояту. Бұл талапты орындау үшін оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне алдау жасай білуі, орындау тәсілінен қатетаба алуы, олардың пайда болван және он қалай түзету керек екенін үйретулері қажет. Өз көңіл-күйін, машықтылығын бақылау, жаттығу күнделігін жүргізе білу, объективті және субъективті мәліметтерге талдау жасау оқушылардың қабілетін жетілдіреді.
Қазір дене тәрбиесі сабақтарында саналы бақылауға ынталандырудың мынадай әдістері қоданылады.
жаттығуды тек қана сөз қолдау әдісі арқылы үйрету;
мұғалімнің тапсырмасымен дене қуатының қасиетін дамыту, жаттығуларын өз бетімен іріктеп алу;
жаттығуды орындаған соң, нәтижесін өзі өзі бағалауы немесе екі-екіден орындағанда бір-біріне дұрысбаға бере білу;
жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезінуге көмектесетін арнайы тренажерлар қолдану;
жаттығудың орындалу сапасы туралы ақыл-кеңестерді пайдалану т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |