Қолдың өлшем бірлігі етіп ортаңғы саусақтың «негізінің» ұзындығын аламыз.Алғаш қолдың төртұбұрышқа ұқсас жалпы нобайын қағазға түсіреміз. Содан «жаңағы» өлшеммен қолдың ұзындығын өлшейміз. Сонда ұзындық төрт өлшемге тең болвакды. (ортаңғы саусақтың басынан білезік сүйектерінің білек сүегіне жалғасқан буынына дейін). Осыдан кейін қолдың көлденең ортаңғы сызығын жүргіземіз, бұл сызық саусақ пен алақанның жалғасқан буындарына сәйкес келеді.Біз қоглдың саусақтарының ұзындықтары бірдей емес екенін жақсы білеміз.сондықтакн олардың әр қайсысының ұзындықтарын жеке-жеке табуға тура келеді.Қолдың ұзындығын өлшеу үшін ортаңғы саусақтың негізін алсақ енді әр саусақтың ұзындықтарын табу үшін өздерінің негізін өлшем етіп аламыз.Саусақтардың ұзындықтарын белгілеп олардың алақанмен байланысар буындарынан басына қарай саусақ бағытын белгілейтін сызықтар жүргіземіз. Сондай сызықтарды керісінше саусақ буындарынан қолдың білекке байланысар нүктесіне де жүргіземіз. Бұдан кейін буындардың қатарын қосатын көлденең сызықтар сызып, қолдың сызықтық консрукциясын табамыз
Ары қарай қолдың стилизациялық нобайын салып, барлық өлшемдерін тексеріп артық көмекші сызықтарды өшіреміз. Көлеңке тұстарды штрихтап біртіндеп қолдың өзінің табиғи пішініне келтіреміз.Аяқ сүйектерінің де құрылысы қол басының сүйектеріне құрылысына өте ұқсас, ол да қол сияқты үш бөліктен тұрады.: толарсақ, табан,және бақайшық сүйектері болып.
Мұндағы толарсақ сүйектері қолдың білезік сүйектері сияқты қолдың білезік сүйектері бірнеше ұсақ сүйектерден құралады,ішіндегі ең үлкені өкше сүйегі.Толарсақ сүйектеріне байланысып жатқан ортаңғы сүйектер жиынтығын табан сүйектері дейді. Бұл сүйектерге буын арқылы бақайшық сүйектері жалғасып жатады. Аяқтың суретін салмас бұрын оның сыртқы формасына көңіл аударайық.Аяқтың сыртқы пішіні бас жағы жалпақтау келген балықтың қанатына ұқсайды.Егер жанынан қарар болсақ тік ұшбұрышты елестетеді. Жан-жағына қарап осы ойымызды қорыта келіп,аяқтың алғашқы қаңқасын сызамыз.Алғаш табанды бейнелейтін төртбұрыш сызамыз оған цилиндр тәрізді сирақтың пішінін орнатамыз.
Осыдан кейін цилиндр мен табанның аралық бұрышын толтыратын пішіні сына тәрізді аяқтың үстіңгі жонын бейнелейміз.Сонда аяқтың жалпы стилизация пішіні дайын болады.Одан кейін әрі қарай белгілі тура қолды салғандай жолмен салып шығамы.Қол,аяқ ,жамбас сүйектері.Қол сүйектері бұғана мен жауырынның тоқпан жілік білек сүйектерінен және қол басының ұсақ сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер бір-бірімен байланыста тізбектеле келіп, бұғана арқылы төс сүйегіне бекиді.Аяқ сүиектері жамбас ортан жілік, асықты жілік және аяқ басының ұсақ сүйектерінен тұрады.Бұл сүйектер де бір-бірімен қол сүйектері сияқты байланыса келіп, омыртқа діңгегіне бекиді.
Мұндағы жамбас сүйегіне көңіл аударған жөн. Оның құрылысы басқа сүйектерге қарағанда өте күрделі және пішіні ерекшелеу шылапшынның формасына ұқсайды.Сондықтан да оны орысша тазовая костъ деп атайды
Адам тұлғасының бұлшық еттері тұлғаның бұлшық еттерін үш топқа жіктеп бөлуге болады:мойын,кеуде,қол-аяқ.Мойын еттері бас сүйегінен басталып, төс бұғана немесе омыртқа сүйектеріне бекиді.Олар бастың түрлі қимылдар жасауына жағдай жасайды. Мойые еттеріне төс бұғана еміздік жіне желке еттері жатады.Кеуде бұлшық етттеріне көкірек арқа және құрсақ еттері жатады.Көкірек бұлшық еттері көкірек клеткасын алдынан бүйір жанынан жауып тұрады.Алдынан үлкен көкірек бұлшық еті екі бүйірінен тісті еттер жабады.Арқа еттері ірі болады. ,олар көкіректі арт жағынан арқаның жалпақ еті мен трапеция тәрізді еттер арқылы жауып тұрады. Құрсақ еттеріне құрсақтың тік еті мен құрсақтың бүйір еттері жатады. Олар кеуде бөлігін жамбас белдеуі бөлігімен байланыстырып жатады. Қол-аяқ бұлшық еттері қолдың еттеріне делъта бұлшық ет,жал асты,жал үсті, екі басты қолдың қарын еті, үш басты ет және білектің тарамыс еттері жатады.Осы еттердің жйырылып созылуынан қол әр жаққа еркін қозғалыс жасайды.Аяқ-жамбастың бұлшық еттеріне бел мықын,дөңгелек құйрық еті,үш басты ,екі басты сан еттері ,тігінші ет, сыртқа тартушы ұзые ет, балтыр және сирақтың алдыңғы еттері жатады.
Пайдаланған әдебиеттер.
Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.
Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»
Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977
Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986
5Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986
Лекция15
Тақырыбы.Адамның бас сүйегінің анатомиялық құрылымы.
Жоспар.1.Адамның бас сүйегін зерттеу.
2.Құрылымын анықтау.
Адам бас сүйегін зерттеу - бұл күрделі жұмыс.Қандай затты болмасын, немесе адамды, жан-жануарды бейнелеген кезде оның ішкі құрылысынан мағлұматымыз болу керек. Бастың құрылысы бас сүйегі - қаңқасынан және бас еттерінен тұрады. Осы бастың пластикалық анатомиясын жете оқып білмейінше біз дұрыс бейнелей алмаймыз. Сонымен, бас сүйегі құрылысы мен - бас еттерін қарастырайық.Бас сүйегі қаңқасы өзінің формасының өте күрделілгімен, әр сүйегінің бір-бірімен ерекше жымдасуымен көзге түседі. Жалпы қаңқа екіге бөлінеді: жоғарғы бөлігін ми сауыты, ал төменгі бөлігін бет бөлігі дейміз.Ми сауытының атқаратын қызметі – миды сыртқы әсерден, соққыдан қорғау, ал төменгі бет бөлігінен тыныс алу, ас қорыту системалары басталады. Сонымен қатар көру, есіту, иіс, дәм сезу мүшелері орналасқан. Бұл екі бөлік маңдай сүйегі мен жоғарғы жақ сүйегінің жігі арқылы бөлінеді.
Жалпы ми сауыты бірнеше сүйектердің жиынтығынан тұрады, олар маңдай, самай, төбе, шүйде, және сына сүйектері.Маңдай сүйегі бастың алдыңғы бөлігін құрайды. Ол екі көз шүңірегі, мұрын және жазық келген қабыршақ бөлігінен тұрады. Көз шүңіректері көз шарасының жоғарғы қабырғасын түзеді, ал мұрын бөлігі мұрынның кеңсірік сүйегімен жалғасады. Маңдай сүйегінің тек адамға тән екі шығыңқы дөңесі болады, одан төменірек қос қас доғасы жатады. Сондай-ақ бұл сүйек артқы жағында қос төбе сүйегімен, екі жанында самай сүйектерімен ирелек бітімді жік арқылы жалғасады.
Самай сүйегі жұп болады. Ол ми сауытының екі жақ сүйір бөктерін құрайды. Самай сүйектері жоғары жағында төбе, арт жағында шүйде, төменгі жағында бас қаңқасының негізі болып табылатын сына және шықшыт сүйектерімен байланысады. Алдыңғы тұсында маңдай сүйегімен жымдасады. Бұл сүйекте негізінен адамның есіту органы орналасады.Төбе сүйегі (темная кост) самай сүйегі сияқты жұп болады. Ми сауытының төбе және екі бүйір бөлігін құрайды. Сүйектің алдыңғы жиегі маңдай,төменгі жиегі самай, артқы жиегі шүйде сүиектермен шектеседі. Төбе сүиегінің жалпы пішіні төртбұрышқа ұқсас келеді. Шүйде сүйегі (затылочная кость ) ми сауытының артқы жағын құрайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінің айналасында оның төрт бөлігі жатады. Алдыңғы жағында-негізгі, екі жағындабүйір бөлігі, арт жағында қабырошақ бөлігі. Бүйір бөлігіндегі екі сопақша келген дөңес осіндегі ауыз омыртқаның буыны ойыса жалғасады.Қабыршақ бөлігінің ішкі беті жайдақ төрт ойысқа бөлінген , оның жоғарғы екі ойысына мидың шүйде бөлігі сай келсе, төменгі екі ойысына мишық бөліктері сай келеді. Шүйде сүйегі алдында сына, екі жағында самай және төбе сүйектерімен жалғасып жатады.
Сына сүйек (клиновидная кость) – тақ сүйек. Ол ми сауыттың астыңғы жағында барлық сүйектермен жымдасып байланысып бас сүйегінің негізін құрайды. Сол себептен мұны негізгі- түбір сүйек дейді. Сына сүйек өзінің аталуына сай шүйде сүйегі мен маңдай сүйегінің арасында сынылана орналасқан.Тор сүйек (решетчатая кость) . бұл сүйек мұрын қуысының жоғарғы бөлігін толтыра жатады. Тор сүйек екі бөліктің де құрамына кіреді. Сүйектердің арнаулы арнаулы тесіктері арқылы миға иіс нервтері тартылған. Сондықтанда иіс сезу органдарына бұл сүйектердің үлкен қатысы бар.
Бастың бет бөлімі пішіндер әр түрлі көптетеген сүйектерден тұрады. Ол сүйектер мыналар: жоғарғы жақ, төменгі жақ, шықшыт, көз ойпаты, кеңсірікт.б Мұндағы жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын сүйектері және шықшыт доғасы жұп болады.Жоғарғы жақ сүйегі (верхняя челюст) беттің лдыңғы, орталық бөлігін құрайды. Сүйектің жоғарғы жағы маңдай сүйегі сияқты көз ойпатын түзуге қатысып маңдай сүйегімен жүктеседі. Ал екі жанындағы бүйір жүйектері шықшыт сүйектерімен жымдасып бірігіп кетеді. Ортаңғы бөлігі мұрын сүйегімен бірге мұрын қуысын «грушевидное отверстйде» жасауға қатысады
Пайдаланған әдебиеттер.
Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.
Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»
Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977
Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986
Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986
Достарыңызбен бөлісу: |