Байланысты: 32250024-e02c-11e5-bf37-f6d299da70eeУМКД цветовед. материалы
Дәріс № 3 Тақырыбы: Түстің спектрлік табиғаты
Қазақстанның әртүрлі аудандарының табиғи ауа райына байланысты олардың киімдерінде, тұрмыстық заттарда белгілі бір түстерге ерекше басымдылық берілген. Мәселен, оңтүстікте қызыл түс басым болған, ол ыстық күн білдіреді. Орман-көлдер, таулы аймақтар-Шығыс Қазақстан табиғатының көрінісі, ол осы аймақта жасалатын түскіздерде көк және жасыл реңдердің қолданылуын түсіндіреді. Орталық аудандардағы кілемдердегі үйлесім тапқан бес түрлі түстер көрсетеді.
Сонымен, ұлттық әсемдік қолөнерінің қалыптасуына табиғаттың, түрлі құбылыстардың, аңыздық және діни көзқарастардың әсері зор болған.
Түстің ақпараттық қасиеті
Бұл тарауда түстің жарықтануы және тұрақты түстік құбылыстарды қабылдауға негізделген заңдылықтар қарастырылады.
Кейбір көрнекті заңдылықтар:
- түс бірнеше жазықтықта көрінеді: пленка, көлем, беткі пішін және т.б. жатады.
- түстің назар аудартқыш қасиетіне байланысты оның айырылуын жеңіл түсіндіруге болады;
- заттық текстурасын, бөлшектерін, домалақтығын, құрылысын сезінуге көмектеседі, түс реңіне байланысты жақын арада орналасқан заттар жалпағырақ болып, алыстағылар бұлдырап көрінеді;
- ашықтық әсерлері және түсетін көлеңкелер бейненің пластикасын көрсетуге мүмкіндік береді;
- толық бейнеленген, ортада тұрған бейненің перспективалық көрінісін бағыттайды;
- ал қағаз шетінде, бір жартысына ғана бейнеленген, екінші жартысы тасада тұрған, көлемі үлкендеу басқа бейне одан бері орналасқан, жақынырақ болып қабылданады.
- Таныс бейнелердің нақты көлемдерін білу арқылы кеңістіктегі позициясын тиімді орнатуға болады.
Механикалық қзғалыстарға және тереңдікті қабылдай білу мүмкіндігіне негізделе отыра, адам бейнелер арасындағы арақашықты анықтай алады.
Көздің бұлшық еттері аккомадация әсерінің көмегімен заттың алыста немесе жақында орналасуы жайлы ақпаратты адам миына жеткізеді. Жарықты, қараңғыны, әртүрлі түстерді, ортаны көз арқылы қабылдау, қысқаша айтқанда көру және қабылдау құбылысының ең қызық, ең керемет түрі-түсті кеңістік болып табылады. Дэвид Кау былай деген; жарық түсіп отырған жазықтықтың не заттың түсін бізге көрсететін тәсіл жарық күшіне немесе толқындар ұзындығына ғана тәуелді емес, өзін айқындайтын жарықтану күшті заттың сипаттамасына да тікелей тәуелді.
Түсті әсем-жабдықтау тәсілімен жасалған қоршаған ортаның сипаттамасы оны көзбен қабылданғанға тиімді және көлемдік өзгертуге болады. Жарық беру қызметі бұл жағдайда екі басты жағдайға негізделеді:
а) ғимаратың және қоршаған ортаның жарықтану айырмашылығы;
б) жарықтық конус аймағындағы реңдердің орындарының ауысуы.
Реңдердің полихромиялық жарығының әсерінен болған қозғалыс қандай да бір түстік сипаттама жағынан біркелкі өтеді. Түстік реңдер оптикалық құрылған кеңістік аймағында бір-біріне жақындай түседі немесе түстік спектрдің белгілі нүктесіне ығысады. Бұдан мынадай тұжырым шағаруға болады: көлемдік елес тек қара-ашық контрастінің көмегімен ғана емес, сонымен қатар, үлкен ауқымдағы біріңғай ортаны құруды көмегімен де пайда болады.
Қазіргі кезде Франция сәулетіндетүстің ақпараттық қасиеті кеңінен қолданылады. Мәселен, «этуаль», «Обер» метро станцияларында ұзын дәліздерді түстің, жарықтың көмегімен «қысқартады», тар
Қабырғаларды «кеңейтеді», бұрылыстарды анық көрсетеді, бұл жолаушылардың ортада тез бейімделуіне көрсетеді.
Биіктегі төмен станциялардың төбелері қара түске боялса да, төмен бағытталған күшті жарықтың әсерінен төбенің шекрасы онша байқалмайды.
Жаңа заман критеийлері ахроматикалық түстер қолданылатын сәулетпен қатар, ашық бояуларды да қолдануды талап етеді. Мәселен, сауда және мәдени орталықтар, балабақшалар, бастауыш және орта оқу орындары алуан түрлі бояулармен бояла бастаған. Бұл жағдайда түс бөлек қызметтік топтарды ерекше көрсететін маңызды ақпарат күші болып табылады. Гернобльдің «Арлекин» атты жаңа ауданында каркасты-панельді блоктардан салынған, қаланың жалпы кескіндемелік көрінісін құрайтын (қызыл және көк түстер басым) үйлердің бояулары олардың көлемдік-кеңістік және конструктивтік құрылысын көрсетеді. Панельдің түсі суперграфикамен толықтырыланады, үйлердің нөмірі жазылған көлік аялдамасына және жаяу адамдарға арналған галереяларға бағыттауыштар орнатылған. Көру арқылы қабылданатын суперграфика түріндеге ақпарат бұл жағдайда екі қызметті атқарады: күрделі өтпелі блоктарға және галантереяға бағыттау, сонымен бірге, әсемдік, шрифтік, пластикалық қасиеттерді айқындау. «Арлекин» кварталв қалалық суперграфика кешенімен жақсы үйлесім тауып (оның суреті, түсі және орындалуы), жақыннан және алыстан қабылдау нүктелерінен көрінеді.
Түсті ортаның қалыптасуының маңызды міндетті-түстің ақпараттық қасиетіненегізделе отырып, көзге көрінетін жабдықтар жиынтығын құру болып табылады. Түсті үйлесімді ұйымдастыру ең алдымен тұрақты түс жүйесінің қалыптасуына байланысты. Дұрыс таңдалған түстік шешім қалалық орта кешенінің құрылу маңыздылығына ықпал етіп, адамдардың сәулет ғимараттарының ішінде, айналысында жүру бағытын анықтап, ғимараттардың қызметтерін де тез танымал етеді. Түстердің бұл қызметі әртүрлі орталық дәрежелерде нақты ақпараттық жүйенің ұйымдасуына көмектесе алады. Ғимараттың жалпы түстік шешімінің деңгейінде кішігірім бейнелердің, заттардың түстік белгілену кодына негізделе отырып, қалалық ортаның қызметіне қарай реңін айыруға болады.
Бояу түсінің эмоционалды-психологиялық қасиеті
Түстану білімі физика, физиология, психология, эстетика, т.б. сияқты әртүрлі ғылым салаларымен тығыз байланысты. Осы аталған ғылымдардың зерттеулерімен мәліметтерді дизайнерлер үшін маңызды, өйткені өздерінің шығармашылық қызметтерінде жайлы түсті ортаны құруда олар түстің физикалық және оптикалық қасиеттерімен жиі кездеседі. Сол үшін де көптеген ғалымдар саланы тынбай зерттеуде.
Мысалы; Люшердің психодиагностикаылық тестілері қатарынан көптеген жылдар бойы қолданылып келеді, ол әртүрлі жастағы ондаған мың адамдардың, ұлттардың түске деген жалпы реакциясы және қорытындысының заңдылықтарына негізделген.
Бірақ, әр адамның жеке басының неше түрлі қасиеттеріне байланысты, әркімнің өзіне ғана тән түстер қатары бар, ол ең алдымен ұнату талаптарына құрылған, жүргізілген зерттеулер бойынша мұндай қатарлардың саны өте аз-оннан кем болып шықты.
Жалпылау векторын ескере отырып, мамандар мынадай қорытындыға келеді; түстердің кейбір түрлерін адамдардың көпшілігінің ұнату, деңгейі бірдей болғандығы соншалықты, тіпті жекелеген адам топтары үшін бір бүтін түсті қатар құрылу мүмкін. Оның тізімі мынадай болып келеді: ең сүйікті түстен бастағанда-көк, қызыл, ақ, жасыл, сарғыш, сары.
Мұның бәрі сәулеттік колристикада шынымен де үйреншікті ахроматикалық талаптардан (әр елдердегі сәулет саласында алдыңғы қатарға қойылатын) басқа заңдылықтардың да бар екендігін көрсетеді. Бұл заңдылықтардың да бар екендігін көрсетеді. Бұл заңдылықтарды тиімді қолдануға болады, ол арқылы тұрмыстық орта өзіне қажетті заттарымен қосылады.
Соңғы онжылдықта бүкіл дүние жүзінде әртүрлі сауда фирмаларының сұранысы бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындысы былай болды: ең көп сатылатын заттар-көк түсті қаптамаға оралған нәрселер, ал қызылы түсті қаптамаға оралған заттарға сұраныс одан кішкене азырақ..
1980-1990 жж Еуропа елдерінде іртүрлі түске боялған ғимараттарды жай адамдардың және сәулетшілердің қабылдауын байқау мақсатында зерттеу өткізілген. Сөйтіп, көп түсті бояуларға боялған ғимараттар мен үйлер сәулетшілерге қарағанда, қарапайым адамдарға көбірек ұнайтын болып шықты. Сондықтан болар, сәулетшілер қазіргі кезге дейін Парфенон жайлы бір түсті, ғажайып пропорциялы тамаша ескерткіш деп айтады, ал оның біздің ғасырға дейінгі 447 жылы ашылу кезінде алтын түсті бояумен боялғаны жайлы сөз қозғалмайды.
Британиялық сәулетші және зерттеуші Томас Портер соңғы 40 жыл ішінде қоғамдағы «түстік моданың» дамуын зерттеуі нәтижесінде, оның он жыл сайын өзгеріп тұратындығын айтты.
Батыс қоғамында 60-ж ақ, қара, және «металл» түстердің көбеюімен басталды, ал 60-жылдардың соңында қоғам органикалық бояуларға мойын бұрды, бұл кезде арзан көпшілік саяхаттарына жол ашылады. Басқа елдермен және олардың мәдениетімен танысу өзге көркемдік талғамның, қабылдаудың және шығыс дінінің, философиясының ұлғаюына әкеліп соқты.
70-жылдары батыс елдерінде «ғылыми қиялға» қайта оралу басталады, ол «хай-тек» стилінде көрінді. «Хай-текке» «суперграфика» модасы арқылы өтті. Ғимараттардың жалпақ көлемді жазықтықтары, әсіресе, өндірістік және қоғамдық қызметті атқарушы суретшілерге тән болады. Бұл аймақтағы байқаулар өздерінің алдына заттарды «бұзу», «жасыру» немесе бейнені анықтау деген мақсаттарды қойды.
Сексенінші жылдардың басында «белсенді кезең» туындады. Спектр түстерін нейтрал түстермен араластыра отырып, «жоғарғы танымалдықты» көрсету мақсат етіп қойылады. Әртүрлі түстердің үйлесу топтары өмірге деген қандайда бір көзқарастың белгісі болып, қоғамдық деңгейді іздеу, заттық ортаның колористикасын ұлттық немесе интернацоналдық түрде орындау, сұр, нашар реңді, түссіз модернизмнің орнына пост-модернизмнің пайда болуына себепші болды.
Ортаның көркеюіндегі маңызды қызметті «жасыл» қозғалыс және соған жақын шынайы, табиғи түстер атқарады. «Экологиялық сана-сезімді» меңгеру жылдары сәнді түстерге өзгерісте әкелді. Кең тараған ақ түс енді бәсең, жер түстесе гаммаға орын берді. Ол ағартқыш құрал ретінде хлорды қолданудың қоршаған ортаға тигізетін зиянын білдірген.
Тоқсаныншы жылдары қоғам жаңа жолдары іздеу қажеттігін түсінді, ол «тұрақты даму» терминіне аталып, бояулардың адамға және қоршаған ортаға зияны тимейтін, көбіне суда еритін жаңа түрлері пайда болды. Ал химиялық бояулардың дамуы өзімен бірге «қауіпті» коллерлердің жасалуына алып келді.
Түс таңдау бұдан былай қалай дамитындығы әлі белгісіз. Томас Портердің ойынша, болашақта бәсең қара, сұр, сұр-көгілдір және сұр мен қызыл, көгілдір түстердің үйлесіміне деген қызығушылық қайта жаңғырады.