Аз тоннажды өндірісі – жоғарғы физиологиялық қасиеттерге ие (дәрумен, фермент) күрделі құрылымдық заттар мен бактериялық заттар алуға байланысты жүретін микробиологиялық синтез үдерісіне негізделген. Аз тоннажды өндірісте микроорганизмді терең дақылдау әдісі пайдаланылады, сондықтан қолданылатын қоректік орталарды, қоспаларды, аэрацияланатын ауаны залалсыздандыру, жұмыс орындарының гермитизациялануы жоғары талаптарға сай орындалуы қажет.
Микробиологиялық синтездердің өнімдерін 3 түрге бөледі:
1. Негізгі активті компоненті ретінде тіршілік етуге қабілетті, тірі микроорганизмдерден тұратын биологиялық дәрмектер (өсімдіктерді қорғайтын заттар, бактериялы тыңайтқыш заттары, ұйытқылары және т.б.).
2. Инактивирленген жасушалар және олардың өңделген өнімдерінен құрылған биологиялық дәрмектер (азықтық, ашытқылар, саңырауқұлақтың мицеллиялары).
3. Микроорганизмдер метаболизмінің тазаланған өнімдері негізіндегі биологиялық өнімдер (дәрумендер, амин қышқылдары, ферменттер, антибиотиктер).
Бұл өнімдерді химиялық табиғатына және өндіруші түріндегі (продуцент) микробтық жасушалар үшін мәніне байланысты 3 топқа бөледі:
1. Молекулалық массасы 10000-нан бірнеше мыңға дейінгі үлкен молекулалық заттар (ферменттер, полисахаридтер).
2. Бірінші реттік метоболиттер, яғни микрооргизмдер өсуі үшін қажетті қосылыстар (амин қышқылдары, дәрумендер, пуринді және пиримидинді нуклеотидтер және т.б.). 3. Екінші реттік метаболиттер, яғни микроорганизмдердің өсуіне қажетсіз қосылыстар (антибиотиктер, токсиндер, алкалоидтар).
ТМД елдерінде жемдік азық ретінде ағаш гидролизаты және мұнай көмірсутегі негізіндегі микробтық ақуыздың көп тоннажды өндірісі құрылған. Мұндай өндірістегі ашытқылардың бір жылдық жалпы өнімі 1 млн. тоннаға тең деп есептелінеді. Бұл өнімде, шамамен, 20 млн. тонна аралас жемдік азықты және тауық шаруашылығы мен шошқа шаруашылығында қосымша 1 млн. тонна етті ақуызбен байытуға мүмкіндік беретін 60%-ға жуық протеин болады. Сонымен бірге көптеген дәрумендер, амин қышқылдарынан – лизин, активтендіретін және антибактериялық әсері бар микробиологиялық дәрмектер, бактериялық тыңайтқыштар, ферментті дәрмектерді өндіру жолға қойылған.
Биотехнологиядағы техникалық дамудың негізгі критериялары ретінде – субстратты терең өңдеу, максималды шығымдылық және өнімнің химиялық тазалығы болып табылады.