2.Иондық және электродтық биопотенциалдар. Тыныштық потенциалы, қозғалыс потенциалы.
Тірі терінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасын өте сезімтал электр өлшеуіш құралдың көмегімен анықтауға болады. Олар организмнің өмір сүруіне қажетті, оны биопотенциалдар деп атайды. Клеткалар мен терінің электр тогы көзі болуына негізделген, олар біртекті емес құрылымдағы екінші ретті өткізгіштер болып табылады.
Тірі ағзалардағы электр тогының ашқан Л. Гальвани. Ол бойынша бұлшық еттер мен нервтер электр тогының көзі болып табылады.
Электролитке металл салайық. Сонда металл мен электролит ерітіндісінің арасындағы потенциалдар айырмасы пайда болады. Осыны электродтық потенциал деп атайды. Бұл потенциалды тікелей өлшеуге болмайды. Сутегі электроды пластинадан жасалады да, сутегімен қанықтырылады. Бұл электродтың потенциалы нөлге тең деп алынады. Сонымен, ерітіндіге екі электрод (береуі металл, екіншісі сутектік электрод) салынады. Электродтың потенциалдар шамасы мына теңдеумен анықталады:
Мұндағы - металдың электродтық потенциалы, -қалыпты электродтық потенциалы, - ерітінді концентрациясы, - металдағы ионның концентрациясы, ол , бұл Нернст теңдеуі деп аталады. Қалыпты электродтық потенциал шамасы кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |