ОқУ-Әдістемелік материалдар семей 013 Мазмұны Глоссарий Дәріс сабақтары тәжірбиелік сабақтар Студенттердің өздік жұмыстары глоссарий



бет2/18
Дата07.02.2022
өлшемі114 Kb.
#95243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ed2beab4-41db-11e3-9bd8-f6d299da70eeУчебн матер

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.
Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.
Я.А.Коменский – чех педагогы, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады.
Джон Локк – ағылшын педагогы, «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе», «Тәрбие жөніндегі ойлар», «Ақылды тәрбиелеу туралы» атты еңбектері бар, онда: бала жанының табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады деп көрсетті.
Жан Жак Руссо – француз педагогы жалпы тәрбиенің теориясын жасады, баланың өмірін 4 кезеңге бөлді: туғаннан 2 жасқа дейін; 2 – ден 12 жасқа дейін; 12 – ден 15 жасқа; 15 жастан ер жетуіне дейін.
И.Г.Пестолоции – швейцар педагогы, баланың табиғи дамуына мән берген, педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді.
Роберт Оуэн – ағылшын қоғам қайраткері, қоғамдық тәрбие туралы ой айтқан, мектепке дейінгі мекеме құрды: ол «Сәбилер мектебі» деп аталды.
Фридрих Фребель – неміс педагогы, мектепке дейінгі педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына үлес қосқан. 1837 ж. Мектепке дейінгі мекеме ашып, оны алғаш «балабақша», тәрбиешіні «бағбан» деп атаған.
Марья Монтессори – итальян педагогы, ерте балалық шақтағы даму мәселесін қарастырған.
Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет