Оқушылардың пәндерден алынған тест бойынша білім көрсеткіші.
Р/с
|
Сыныбы
|
саны
|
Қазақ тілі
|
Тарих
|
Математика
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
Б/с
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
Б/с
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
Б/с
|
1
|
5а
|
21
|
2
|
5
|
14
|
-
|
33,3
|
5
|
8
|
8
|
-
|
61,9
|
2
|
3
|
16
|
-
|
23,8
|
2
|
5б
|
22
|
-
|
2
|
20
|
-
|
9
|
-
|
4
|
18
|
-
|
18,1
|
-
|
2
|
20
|
-
|
9,09
|
3
|
6а
|
19
|
2
|
8
|
9
|
-
|
52,6
|
4
|
10
|
5
|
-
|
73,6
|
2
|
8
|
9
|
-
|
52,6
|
4
|
6б
|
26
|
-
|
6
|
20
|
-
|
23,7
|
-
|
5
|
21
|
-
|
19,2
|
-
|
4
|
22
|
-
|
15,3
|
5
|
7а
|
20
|
3
|
7
|
10
|
-
|
50
|
5
|
8
|
7
|
-
|
65
|
2
|
8
|
10
|
-
|
50
|
6
|
7б
|
19
|
-
|
-
|
19
|
-
|
-
|
-
|
2
|
17
|
-
|
10,5
|
-
|
-
|
19
|
-
|
-
|
7
|
8а
|
12
|
4
|
5
|
3
|
-
|
75
|
-
|
4
|
8
|
-
|
33,3
|
1
|
6
|
5
|
-
|
58,3
|
8
|
8б
|
24
|
-
|
6
|
18
|
|
25
|
-
|
5
|
19
|
|
20,8
|
-
|
3
|
21
|
|
12,5
|
9
|
9
|
25
|
5
|
5
|
15
|
-
|
40
|
5
|
4
|
16
|
-
|
36
|
3
|
4
|
19
|
-
|
28
|
10
|
10
|
21
|
-
|
5
|
16
|
-
|
23
|
-
|
4
|
17
|
-
|
19
|
-
|
6
|
15
|
-
|
28,5
|
Оқушылардық жылдық көрсеткіштері пән мұғалімдерінің жұмысы екендігін көрсетеді. Мұғалімдердің 10 көрсеткіш бойынша рейтингісі шығарылды.
Әдістемелік құрылымдардың жылдық атқарған жұмысының есебі тыңдалып, құрылым жетекшілерінің рейтингісі шығарылды.
2005-2006 оқу жылының қорытындысы .
№ 181 орта мектеп ұжымы 2005-2006 оқу жылын ойдағыдай бастап жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Мектептің жылдық жұмыс жоспары бойынша оқу-әдістемелік орталық, бірлестіктер жұмыстары жоспарланып, 1-11 сыныптардың оқу жоспары жасалып, бекітілді. Оқу жоспарында базалық білім беру жоспарға сай толық игеріліп, қосымша білім беру негізінде «Тіл дамыту» бағдарламасы бойынша 2 сыныпта ана тіліне бейімдей оқыту, 5а, 6а сыныптарында «Абайтану», 1,3а,3б,5а,5б сыныптарында «Шешендік өнерге баулу», 6а сыныбында «Қызмет көрсету ортасы», 7а сыныбында «Коммуникативті тіл» курстары жүргізілсе, 4 сыныпта математикаға бейімдей оқытуға сағат бөлінді. Сонымен бірге 1-11 сыныптарда дене тәрбиесі мен валеологияға, 5-11 сыныптарында әдеп негізі пәніне 1 сағаттан берілсе, 1-4 сыныптарға КЖЕ, 5-9 сыныптарда ӨҚН, 9 сыныпта физика, 10,11 сыныптарда қазақ тілі пәндеріне факультатив есебінен 1 сағаттан беріліп, жұмыс жүргізілді.
Оқу жылы барысында жоспарға сай 4 рет оқу әдістемелік орталық отырысы өткізіліп, онда «Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамыту және жазбаша жұмыстарға қойылатын мектепішілік бірыңғай талаптар», «Математика сабағында әрдеңгейлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың табиғи қабілеттерін ашып, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру», «Мұғалімдердің өзінің және әріптестерінің сабағын талдау, рефлекция жасай білу», «Оқушыны тапсырманы деңгейлеп беру арқылы дамыту, стандарт бойынша міндетті және мүмкіндік талаптардың орындалуы» тақырыбында баяндамалар оқылып, өткізілген мектепішілік шараларға қорытындылар жасалды. Қазан-сәуір айларында пәндер бойынша апталықтар өткізіліп, мұғалімдердің қатысуы қамтамасыз етілді. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, жоспарлы жұмысты жүргізуде политехникалық бәндер бірлестігінің жетекшісі Төлегенованы атап айтуға болады.
Мектептің өзекті тақырыптарын жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарып жүрген мектеп мұғалімдері арасынан 12 мұғалім мектепішілік, 5 мұғалім аудандық ІІІ педагогикалық оқуға қатысын өз тәжірибелерін ортаға салды. Аудандық педагогикалық оқуда сабақ беру әдістемесін, оқушы әрекетін ұйымдастыру түрлерін бағдарламалық материалдың мазмұнын зерттеп, терең меңгеріп, теориялық және әдістемелік дайындықтарының жоғары екендігін көрсете білген мектеп психологы З.Нұрмырзаева ІІІ орын, тарих пәні мұғалімі М. Биманова мен бастауыш сынып мұғалімі Молдабековалар «Алғыс хатпен» марапатталды. Пәндер бойынша өткізіліп жатқан аудандық байқауларда дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Т.Жұмабаев І орын, география пәнінің мұғалімі Г.Медетова ІІ орын, математика пәні мұғалімі С.Төлегенова ІІІ орын, тарих пәні мұғалімі Қ.Жүсіпова ІІІ орын алып, жасап жатқан жұмыстарының нәтижесін көрсетті.
Мектеп мұғалімдері жаңалықты, жаңашыл идеяларды үйренумен қатар оларды ұжым арасында талқылап , ой бөлісу барысында жұмыстар жасады. «Оқу әрекетінің және оқыту әрекетінің психологиясы» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық семинарлар, «Оқушыны белсенді оқытудың рефлексивті әдістемесі» тұрақты семинардағы проблемалы тақырыптар мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруге қызмет етті.
Мектепішілік бақылау жұмысына сай 5-6 сыныптардағы қазақ тілі мен математика пәндерінің берілуі, дене тәрбиесі мен ӨҚН, биология, физика, пәндерінің берілуі және қосымша білім беру пәндерінің берілуі тексерілді. 5-7 сыныптардан қазақ тілі мен математика пәндерінен сынақ жұмыстары алынды.
Қорытындысында анықталғаны 5,6,7 сыныптарға математика пәнінен Нүрекеева, Сүлейменова, Балтаевалар сабақ береді. Бұл пән бойынша 5б,6б,7б сыныптарында оқушылар математикадан білім стандартының міндетті деңгейінің өзін меңгермеген. Сабақ барысында өздігінен жұмыс аз жүргізіледі, көп уақыт үй тапсырмасын сұрауға жіберіледі.
Қазақ тілі пәні бойынша 5,6 сыныптарға Есенова, Каденова, Пармышев, Байдрахмановалар сабақ береді. Бұл сыныптар бойынша 5 сыныптарда тұрақты сөз тіркестері, қос сөздер мен біріккен сөздердің жазылуы барысында сынақ хат алынды. Оқушылардың білім сапасы 5а сыныбында 76 пайыз, ал үлгірімі 100 пайыз, 5б сыныбында үлгірімі 46 пайыз, ал білім сапасы жоқ.. Бұл сыныптағы оқушылардың сауаттылығы өте төмен, ал 5а- сынып оқушылары тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашудан, і, ү, ө әріптерінің жазылуынан қиналады.
6 сыныптар бойынша 6а сыныбына біріккен сөздер, қосарлама қос сөз, атауыш сөздер жайлы сұрақтар берілді, олардың білім сапасы 78 пайыз, үлгірімі 100 пайызды көрсетсе; ал 6б – сыныбынан сынақ хат алынды. Олардың білім сапасы 26 пайыз, ал үлгірімі 100 пайыз. Оқушылардың жазу сауаттылығы төмен.
Жаңа пәндерден бағдарламаның орыындалуына байланысты 7 сынып оқушыларының физика, информатика, геометрия пәндерінен ББД тексерілді. Физика пәні бойынша жылдамдық, заттың күйлері, физикалық шама, инерция, заттың тығыздығы жайлы; геометрия пәні бойынша кесінді, сәуле, бұрыш, нүкте, жарты жазықтық ұғымдарынан; информатика пәні бойынша компьютер құрылысы, файлдар, папкалар, объект іздеу, қолданбалы программа жайлы сұрақтар берілді. Анықталғаны: бұл пәндер бойынша негізгі ұғымдарды оқушылардың игеруі жеткіліксіз .Мұғалімдер теорияны меңгертуде көп жұмыс жасауы қажет.
5а,б- сыныптарында тарих, география пәндерінен ББД тест арқылы тексерілді. Қорытындысы бойынша 5а- сыныбында білім сапасы 50 пайыз, үлгірімі 100 пайыз; ал 5б – сыныбында үлгірімі 42,9 пайыз, білім сапасы 19 пайыз екендігі; ал жаратылыстану пәні бойынша: 5а- сыныбында білім сапасы 40,9, үлгірімі 100 пайыз; 5б- сыныбында үлгірімі 36,7 пайыз, білім сапасы – жоқ. Оқушылардың тарих пәні жазба дерек, тарихи уақыт өлшемі, топонимика жайлы, ал жаратылыстанудан ауа қозғалысы, дененің массасы жайлы ұғымдары төмен.
Дене тәрбиесі пәнінің берілуі бойынша пән мұғалімдерінің жұмысында елеулі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда күнтізбелік жоспар журналға сай келмейді, сабақ жоспары уақытылы жазылмайды. Жыл басындағы оқушы көрсеткіштері журналға толмаған. Пән мұғалімдеріне қатаң ескерту жасалып, қайта тексеруге ұсынылды. Ескертуден соң мұғалімдер жұмысына жауапкершілікпен қарады. Дегенмен әлі де дене тәрбиесі өз дәрежесінде емес. Факультативке берілген сағаттың мақсат, міндеті белгіленбеген, нәтиже, көрсеткіш жоқ. Пән мұғалімдерінде жауапкершілік жоқ.
Ғылым негіздерінің мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта-ықыласын, биік талғамын қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті біліммен қаруландыру болса, қосымша білім беру курстарының мақсаты осы білімді әрі қарай дамыту. Абайтану курсы арқылы оқушылар көркем де шебер оқуға, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиеленеді. Бұл курстарды оқи отырып оқушылардың сауаттылығы, білім сапасы артқаны байқалады. 5,6 сынып оқушылары Абай өлеңдерінің 100-150 жатқа білсе, бастауыш сынып оқушыларына 50-80 өлеңін жатқа білу жоспарланған. Нәтижесін аудандық, облыстық Абай оқулары байқауында І орын алған Әміров Ұланның жеңісінен көруге болады. Сол сияқты «жасын жырлар» атты аудандық байқауда 6-сынып оқушысы Әбдіғаппаров Әсет жүлделі ІІІ орынды иемденді.
Ал «Шешендік өнер» курсын жүргізуде Палымбетовада елеулі кемшіліктердің бар екендігі анықталды. Мұғалім пәннің мақсат, міндетін түсінбейді, әдісдемелік тәжірибесі жоқ, ізденіс аз. Мұғалімге көп іздену ұсынылады.Келесі оқу жылында бұл курсты басқа пәнге беруді ұсынамын.
Тіл дамыту курстарынан өзге мектепте 1-11 сыныптарда валеология курсы жүргізіледі. Бұл курс валеологиялық концепция негізінде валеологиялық бағдарламаны басшылыққа ала отырып жүргізілуде. Валеология концепциясы денсаулықты қорғау және оның тиімділігі мен жолдарын қарастырған. Ал бағдарлама бойынша мына негізгі мәселелерді оқушыға меңгерту жоспарланған.
Оқушылар курсты оқи отырып, көмек көрсетуге, тазалық сақтауға, қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, зиянды әдеттерден сақтануға үйренеді. 9-11 сынып оқушылары электрондық оқулық негізінде жұмыс жасауға дағдыланған. Оқушылармен нашақорлық, СПИД, Теменің зияны тақырыптарында сурет көрмесі ұйымдастырылып, жыл соңында оқыған материалдары бойынша қорытынды сынақ алынды. 7а,10,8а,6а сыныптары жан-жақты дайындықпен өздері дайындаған тақырыптарын қорғады. Жалпы оқушылардың сабаққа қызығушыдығы бар.
Мектепте сонымен бірге әдеп әліппесі, әдеп негіздері, көшеде жүру, өмір қауіпсіздігі негіздері курстары жүргізіледі. Мектеп оқушылары арасында пәнге қызығушылығын анықтау мақсатында алынған анкета барысында оқушылардың көпшілігі технология, ӨҚН, әдеп негізі, көшеде жүру пәнінің қажет еместігін айтқан. Онық орнына баланың дамуына әсер ететін, белгілі бір ғылымға бейімдейтін, бағдарлы курстарды жүргізуді өтінемін. Пән кабинетін жабдықтау қорытындысы бойынша жұмыс өз дәрежесінде жүрген жоқ. Пән кабинеттерінен математика2, әдебиет, ЭВМ кабинеттерінде азғана өзгерту болса, қазақ тілі, химия, этика, шет тілі, орыс тілі №2, тарих, физика, кабинеттері ешқандай қозғалыссыз тұр. Кабинет меңгерушілеріне қатаң ескертіліп, кабинетке төленетін қаржыны меңгерушілерден қысқарту ұсынылады.
Мұғалімдердің қайталау жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында математика, қазақ тілі, тарих, химия, физика, орыс тілі, география, биология пәндерінің білім стандартынан пәннің базалық білім мазмұны дайындалып, мұғалімдерге осы стандартты басшылыққа алып қайталау жоспарын жасау тапсырылды. 5-11 сыныптарда осы пәндерден 2005 жылдың 1 желтоқсанынан 2006 жылдың 25 мамыры аралығында қайталау жоспары жасалды. Сол жоспар көлемінде оқушы білімі тексерілді және ҰБТ-ға дайындық жұмысымен байланыстырылды.
ҰБТ–ға дайындық жоспарына сай 4,9,11 сыныптарда дайындық кестесі жасалды. Пәндер бойынша білім стандарты белгіленіп, сол бойынша бірнеше рет сынақтар алынды. 11 сыныптан 1 рет аудандық, 7 рет мектепішілік тест алынып қорытындыланды. Соңғы тест қорытындысы бойынша қазақ тілінің орташа балы 17,8 , тарихтың орташа балы 16, математикадан 6,2, төртінші пәннен 12,5; Қазіргі уақытта оқушылар компьютерге орнатылған бағдарлама арқылы жұмыс жүргізуде.
4 сыныптан алынған тест қорытындысы бойынша оқушылардың математикадан білім сапасы 45,5 , қазақ тілінен 57,5.
Анықталғаны оқушылардың дені логикалық ойлауға берілген тапсырмалардан қателеседі.
9 -сынып оқушыларынан қазақ тілінен алынған сынақ жұмысы бойынша білім сапасы -40, үлгірімі- 72; математикадан білім сапасы-35, үлгірімі –82.
10- сыныптан қорытынды сынақ қазақ тілі, биология, география, тарих пәндерінен алынды. Оқушылардың білім көрсеткіштері өте төмен. Қазақ тілінен білім сапасы –17,6, үлгірімі - 94,2, географиядан білім сапасы – 35, үлгірімі – 100, биологиядан білім сапасы - 30, үлгірімі – 94,2
Мектептегі бірлестіктер отырыстары мен оқу әдістемелік орталық отырыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Дегенмен пән мұғалімдерінің оған қатысуы немесе өз тәжірибесін ортаға салуы, білім көтерумен айналысуы жеткіліксіз. Көп кемшілік жіберудің салдарын осыдан көруге болады. Осының барлығы зерттеле отырып,пән мұғалімдері Г,.Палымбетоваға теориялық, әдістемелік білімін, Нүрекеева,, Сүлейменова, Балтаеваларға теориялық, әдістемелік білімдерін, Ибраеваға теориялық, әдістемелік білімін, Медетова, Есенова, Пармышев, Молдахметоваларға оқушыны белсенді оқытудың әдісін меңгерумен айналысуы қажет екендігін, Әбсұлтанова М, Құлжабаевалар әдістемелік деңгейін, Қожахметов, Усманов, Түменов, Жақсылықовтар барлық жұмыстарын қайта жолға қоюы керектігі ұсынылады. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс жасауда жүйелілік жоқ екендігі анықталды. Бұл бойынша «Мастер класс» мұғалімдеріне ескерту жасалады. Осы озат тәжірибе жұмыстары бойынша аудандық қысқы секция жұмысына 20 жұмыс ұсынылған болатын. Бұл жұмыстардан дене тәрбиесі бойынша Жұмабаев, АӘД пәнінен Жұманов, қазақ тілінен Молдахметова, химиядан Құлмағанбетова, математикадан Төлегенова, психологтар жұмысынан Нұрмырзаева, МДС жұмысынан Есжанова, Қыстаубаева, кітапхана жұмысынан Пірматова, ағылшын тілінен Байділдаева, орыс тілінен Мамбетова, тарихтан Бимановалар өз жұмыстарын қорғады. Қалған мұғалімдер берілген тапсырмаға жауапсыздық танытты.
Жыл бойында дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің құжатпен жұмыс жасауы, үйде оқытатын мұғалімдердің жұмысқа жауапкершілігі, сынып жетекшілерінің жұмысы қанағаттанғысыз деңгейде болды. Дене тәрбиесі мұғалімдері мектеп, аудан көлемінде тапсырылатын есептерді уақытылы тапсырмай, журналды уақытылы толтырмай, сабақ жоспарын дұрыс жазбай бірнеше ескертулер алса, үйде оқытатын мұғалімдерде сұраған кезде сабақ жоспарлары жазылмай, кезекті уақытта сабаққа бармай қалу жағдайлары кездесті. Технология (ұлдар) пәнінде оқушыны мұғалімнің игере алмауынан сабаққа қатыспау көрінді. 9,10,11 сынып оқушыларының бірыңғай талапты орындауы төмен деңгейде.
Достарыңызбен бөлісу: |