Оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру – қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.Оқыту нәтижесін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалау, контингенттегі оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгірімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтап, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі. Білім беру сапасын басқарудың оқу үдерісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үдерістерін салыстыру болып табылады.Бүл үдерісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі - мониторинг.Мониторинг дегеніміз – «мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда, мониторинг- оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.Мониторингтің түрлері өте көп: өткізу жиілігі бойынша( бір рет, мерзімді, жүйелі);ұйымдастыру формалары бойынша( жеке, топтық, фронтальді);қарым- қатынас формалары бойынша ( сырттай байқау, бірін- бірі бақылау, өзіндік талдау);оқыту кезеңдері бойынша ( кіріспе, аралық, қорытынды).Мониторингтің құрылымы: бақылау;бағалау;талдау;нәтижені болжау;коррекция.Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.Мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгірімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады.Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзеушілік қызметтер атқарады.Алғашқы кезеңде мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан бастаймыз.Келесі кезектегі кезең негізгі көрсеткіштер мен критерийлерін анықтау, диагностика әдістерін таңдаумен жалғасады.Диагностика әдістерін дәстүрлі (тестілер, сауалнамалар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант, т.б.) және дәстүрлі емес әдістер (бақылау, пікірлесу, т.б.) деп бөлуге болады. Педагогикалық мониторингтің екінші талдау – диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі. Өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру барысында педагогикалық диагноз қою, себеп-салдарға тәуелділікті дәлелдеу және талдау жүзеге асырылады.Аралық-диагностикалық кезеңде нормативті көрсеткіштермен салыстыру және логикалық талдауға негізделген нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету-даму жұмыстарының стратегиясы жасалады.Соңғы қорытынды – диагностикалық (аяқтаушы) кезеңінде мониторинг нысаны жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады.Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі.