Мекен пысықтауыштан басталатын: Институтта асхана бар. Қалада биік үйлер көп. – деген қазақ тіліндегі сөйлемдер ағылшын тілінде әдетте there + be сөз орамы арқылы беріледі. Мұндағы there өзінің жеке мағынасын жоғалтқан бастауышты ендіру үшін ғана пайдалынатын сөз болса да, to be баяндауыш ретінде тиісті жағында жіктеле береді, мысалы:
There is a clock on the table. Стол үстінде сағат тұр.
There was a clock on the table. Стол үстінде сағат түрды.
There are many students in the hall. Залда студенттер көп. (Көп студенттер бар)
There were many students in the hall. Залда студенттер көп болды.