Оқу жыылы Педагогикалық кеңестің


І- мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді



бет2/4
Дата08.10.2024
өлшемі23,75 Kb.
#205837
1   2   3   4
Байланысты:
Пед совет №1

І- мәселені тыңдай келе педагогикалық кеңес шешеді:
Педагогикалық ұжымның 2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік қызметі қанағаттанарлық деп есептелінсін. 2024-2025 оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы туралы бұйрығымен педагогикалық кеңес мүшелері таныстырылды деп танылсын. Алғашқы қоңырау мерекесінің өтілу жоспары бекітілсін.
ІІ-мәселе: 2024-2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерімен, жұмыстық оқу жоспарымен танысу, Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды әзірлеу және бекіту, вариатив сағаттарын бекіту. Мұғалімдердің апталық жүктемесін, бірлестік жетекшілерін, кабинет жетекшілерін, сынып жетекшілерін бекіту. БЖБ, ТЖБ кестесін бекіту. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарын бекіту.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әразаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиісекендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында тәрбие жұмысы Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.ДТІЖО Тюлебергенова Д.Р және Нургазина Ж.Е сынып жетекшілерді БТБ таныстырып, ерекшеліктері мен міндеттерін түсіндіріп, жалпы мектепішілік тәрбие жоспарын құрды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әразаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиісекендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
Қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын білім, іскерлік және дағдыларды меңгенте отырып, мақсатты қалыптыстыру. 2024-2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерімен, жұмыстық оқу жоспарының Үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі, вариатив сағаттарды пән мұғалімдері бекітуге ұсынды. Мұғалімдердің апталық жүктемесімен таныстырылды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкестігі.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Байжуманова Абай атындағы орта мектебінде бейіндік оқыту жалпы орта білім деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Жаратылыстану-математикалық бағытты таңдау оқушылардың және ата-аналардың қажеттілігі мен сұраныстарын ескере отырып жүргізіледі. 1-сынып – «Математика және логика» (1сағат); 2-сынып – «Қызықты математика» (1сағат), «Дойбы ойынын үйрету» (1сағат); 3-сынып – «Funny English» (1сағат); 4-сынып – «Дыбыстар сөйлейді» (1 сағат).
Курс бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығында әзірленген «Балаларға дойбы ойынын үйрету» тақырыбындағы нұсқаулығына сүйеніп жасалды. Әдістемелік-нұсқаулық хатқа сәйкес 2024-2025 оқу жылында вариативтік компонент сағаттарының есебінен 5-11 сыныптардағы «Жаһандық құзыреттілік» курстары таңдалды. Бұл курс оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Жаһандық құзыреттер жаһанданудың өсіп келе жатқан ықпалына, жедел әлеуметтік, экономикалық және технологиялық өзгерістерге, сондай-ақ адамдарға, мәдениет пен ұлттарға кеңінен әсер ететін басқа да маңызды жаһандық мәселелерге байланысты ерекше мәнге ие болады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Абайтану» (10, 11-сыныпта) таңдау курстарын оқытуға енгізу ұсынылды. 2024-2025 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, төмендегі элективті курстар мектепте таңдалып алынды. Мұғалімдер әр вариативті сабаққа күнтізбелік жоспар құрып, бірлестік отырыстарында талқылап, бекітті.
Бірлестік жетекшілері, кабинет жетекшілері, сынып жетекшілері бекітілді. БЖБ, ТЖБ кестесін бекітуге ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет