Оқу жылы «Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағында сыни тұрғыда ойлауды дамытудың әдіс- тәсілдері»



бет5/5
Дата17.10.2023
өлшемі32,69 Kb.
#186148
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
баяндама Мамаева

Практикум сабақтары.
1.оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған (әрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді әр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) алады.
2.оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады, көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады, сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады;
3.қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша әрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді;
4.оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады.
Оқушының өз бетімен жұмысы
1.Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс (мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі.
2.Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.
3.Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).
Білімді бақылау
Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады. Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
-математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
-компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;
- оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
-оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық
стилін қалыптастыру;
-білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
-жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.
Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді. Сондықтан техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/61520/

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. «Математика және физика » журналы

  4. «Физика» журналы №6, 2014 жыл 

  5. Мұхамбетжанова С.Т. Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет