ҰЙЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жас өспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ: ту, галстук, төсбелгі, эмблема
ҰЙЫМҒА ҚАБЫЛДАУ ЖЫЛЫНА 3 РЕТ: 1 - мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде - "Жас ұлан" құрылған күні, 16- желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫЛАРЫ: 6-9 жас – «Жас Қыран», 10-16 жас – «Жас Ұлан», мектеп басшылығы, ұйым жетекшісі, сынып жетекшілер, ата - аналар.
"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:
1.Патриоттық – елін, жерін құндылықтарын сүю, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;
2 .Зерде – зерделі түрде алдына мақсат қоя білу,оған жете білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
3.Руханият – жоғары рухани–адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем – эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу бағыты;
4.Салауат – бойларын жаман қасиеттерден аулақ ұстайтын, салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен шұғылданатын, тәнін түзулікке баулитын бағыты;
6.Экоәлем – қоршаған ортаны аялау, жан-жануарларға қорған болу, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға баулитын бағыты;
Достарыңызбен бөлісу: |